Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 928400

Тема сообщения
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №314 қаулысы Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы 2. Мемлекеттік сатып алуға қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың қатысуына рұқсат етілсін

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Общественное объединение "Кульсары Жастары"

Представитель поставщика
АБДРАХМАНОВ НУРСУЛТАН БЕКЗАТҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2026-06-16 15:18:52

Текст сообщения
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №314 қаулысы Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы 2. Мемлекеттік сатып алуға қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың қатысуына рұқсат етілсін


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-06-18 11:23:01

Автор:
БЕКМУРЗИН АЗАМАТ ТУЛЕУУЛЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
2-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қоюлар белгіленген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар:
1) қазақстандық тауар өндірушілердің не көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің өкілдерінің (дистрибьюторларының немесе дилерлерінің) тізілімінде;
2) сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде орналасқан жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушінің осы тармақтың 1) тармақшасында қойылатын талаптарға сәйкестігін веб-портал өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган/индустриялық даму саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде автоматты түрде айқындайды.
Әлеуетті өнім берушінің осы тармақтың 2) тармақшасында қойылатын талаптарға сәйкестігін веб-портал сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыратын электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде автоматты түрде айқындайды.
Ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, мұндай мемлекеттік сатып алу барлық әлеуетті өнім берушілер арасында Заңның 10-бабында айқындалған бәсекелестік тәсілдермен жүзеге асырылады.