Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 899132
Тема сообщения
Шағым. Конкурстық құжаттаманы өзгертуге
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
ИП "Нұрата"
Представитель поставщика
ІЗБАСАР АҚНИЕТ ҚАРЖАУҰЛЫ
Дата и время отправки сообщения
2026-06-15 12:18:45
Текст сообщения
Шағым
ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024ж. №687 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қағиданың (бұдан әрі- Қағида) 14-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу кезінде тапсырыс беруші Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес тауарларды,жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Заңның 6-бабының 3-тармағында тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді біртекті түрлері және беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті екені айқындалған.
Алайда, аталған ашық конкурста
1. Өсербаев көшесі
(Тоқмағанбетов/ Қорқыт ата аралығы 450 м)
2. 7 мектеп арты 350 м
(Ғ. Мұратбаев/ З. Шүкіров аралығы)
3. Пәрімбетов көшесі
(А. Байтұрсынов/Бегім ана аралығы 270 )
4. А. Байтұрсынов көшесі 450 м
(Сүлейменов/ Айтбаев аралығы)
5. Б. Соқпақбаев тұйығы (270 м)
6. Асфендияров тұйығы (834 м)
7. Ж.Бекайдар (Астана даңғылы/Беккожаев аралығы 830 м)
8. А. Мекебаева №38 (300 метр)
бірнеше орында жүргізілетіне қарамастан бір лотпен мемлекеттіп сатып алу хабарламалары негізсіз жарияланған.
Заңның 11-бабының 3-тармағының 1)тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Осылайша тапсырыс беруші Бөлім тарапынан әлеуетті өнім берушілердің және кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуын шектейтін және күрделендіретін, бірнеше орында (көшеде) жасалатын жұмыстар бір лотпен, бірқатар заңдылықтың бұзылуларына қарамастан жобалау-сметалық құжаттама рәсімделіп, заңсыз мемлекеттік сатып алу конкурстарын жариялаған. Жоғарыда аталғандардың негізінде конкурстың күшін жоюды, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының алдын алуды талап етеміз. Аталған шағым ескерусіз қалған жағдайда жоғары тұрған органға шағымданатынымызды ескертеміз.

Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2026-06-17 15:50:51
Автор:
КУРАКБАЕВ МУРАТБЕК АМАНГЕЛЬДИЕВИЧ
Решение:
Отклонить замечания
Причина отклонения
Тапсырыс берушінің 17.06.2026 жылғы №04-05/1258 шығыс хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 14-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Сонымен қатар аталған тармақта жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзара байланысты кешенін көздейтін жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде бұл талаптан ерекшелік көзделген.
Аталған конкурс бойынша сатып алу бір жобаның шеңберінде және бірыңғай жобалау-сметалық құжаттама негізінде жүзеге асырылады. Конкурстық құжаттамада көзделген жұмыстар технологиялық, ұйымдастырушылық және функционалдық тұрғыдан өзара байланысты жұмыстар кешенін құрайды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада әрбір көше немесе учаске бойынша міндетті түрде жеке лот қалыптастыру талабы көзделмеген. Жұмыстардың бірнеше орында орындалуы өздігінен оларды жеке лоттарға бөлудің міндетті негізі болып табылмайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу қағидаларында бес және одан да көп жеткізу немесе қызмет көрсету орындары болған жағдайда бір лотта бірнеше орындарды көрсетуге жол берілетіні белгіленген.
Өтініште көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектеу туралы уәждер нақты дәлелдермен расталмаған. Конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген талаптар ғана белгіленген және әлеуетті өнім берушілер үшін қосымша шектеулер қарастырылмаған.
Осыған байланысты конкурсты өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзылуы анықталмаған, сондықтан конкурстың күшін жоюға немесе лоттарды қайта қалыптастыруға негіздер жоқ.