Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 899133
Тема сообщения
Шағым. Конкурстық құжаттаманы өзгертуге
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
ИП "Нұрата"
Представитель поставщика
ІЗБАСАР АҚНИЕТ ҚАРЖАУҰЛЫ
Дата и время отправки сообщения
2026-06-15 12:19:25
Текст сообщения
Шағым
Техникалық ерекшелік пен сметалық құжаттаманы зерделеу барысында біліктілік талаптарында сұратылған «Телескопиялық тиегіштер (Погрузчики телескопические)» техникасының нақты қандай жұмыстарды орындауға тартылатыны көрсетілмегені анықталды.
Сметалық құжаттамада аталған техниканың қолданылу қажеттілігін негіздейтін жұмыс көлемдері, технологиялық операциялар немесе механизмнің қатысуын талап ететін нақты жұмыстар көрсетілмеген. Осыған байланысты әлеуетті өнім берушілер үшін аталған техниканы иелену немесе пайдалану құқығын растау талабының қажеттілігі мен негізділігі күмән тудырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі әлеуетті өнім берушілер арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету болып табылады. Біліктілік талаптары сатып алу нысанасына тікелей байланысты және оның орындалуы үшін объективті қажетті болған жағдайда ғана белгіленуі тиіс. Қағиданың 75. Бабы, Сонымен қатар Заңның 11-бабының 3-тармағының 1)тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Осыған байланысты біліктілік талаптарында көзделген «Телескопиялық тиегіштер (Погрузчики телескопические)» техникасына қатысты талаптың заңдылығын қайта қарауды, сондай-ақ аталған техниканың сметалық құжаттамаға енгізілуінің негіздемесін ұсынуды сұраймыз. Негіздеме болмаған жағдайда көрсетілген талапты алып тастауды, сәйкесінше біліктілік талабына қолданылу қажеттілігін негіздейтін, жұмыс көлемдері көрсетілген техниканы сұратуын сұраймыз.

Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2026-06-17 15:47:55
Автор:
КУРАКБАЕВ МУРАТБЕК АМАНГЕЛЬДИЕВИЧ
Решение:
Отклонить замечания
Причина отклонения
Тапсырыс берушінің 17.06.2026 жылғы №04-05/1258 шығыс хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 46-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Заңның 11-бабының 1-тармағына орай әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарға ие болу, сондай-ақ жұмыскерлер алдында еңбекақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы түріндегі біліктілік талаптары қойылады.
Осылайша, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарының болуы түріндегі біліктілік талаптары тікелей жұмыстарды орындау қажеттілігінен туындайды. Алшақтықтарды болдырмау және бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында біліктілік талаптары бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес келтіріледі. Материалдық және еңбек ресурстарының барлық сипаттамалары ресурстық сметаның ережелері негізінде қатаң түрде айқындалған.