Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 729924

Тема сообщения
Көліктердің үлгісі дұрыс көрсетілмеген.

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "СемАЗ"

Представитель поставщика
УАЛИЕВ ДИАС ЕРТУГАНОВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2026-06-09 10:06:38

Текст сообщения
Осы конкурс бойынша сатып алынған «DONG FENG», «ГАЗ» маркалы автокөліктердің Қазақстандық өндірушісі «SemAZ» ЖШС техникалық сипаттамаларында сатып алынатын көліктердің үлгілері дұрыс көрсетілмегенін хабарлайды: «DONG FENG BWC5180TCX (самосвал) Коммуналдық жол машинасы», «КЖМ (самосвал) Dongfeng BWC5180TCX», "ГАЗ - A31R33 (Инватакси)".
Зауыттық техникалық құжаттамаға сәйкес үлгілер көрсетілуі керек: «DONG FENG BWC5180TCX Коммуналдық жол машинасы», «ГАЗ - A31R33 Мүгедектерді тасымалдауға арналған көлік».
Тиісті өзгерістерді енгізу керек.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-06-10 12:00:19

Автор:
НУРЛЫБЕК АЙМАН

Решение:
Внести изменения и (или) дополнения в проект конкурсной документации

Описание внесения изменения

«БЕКІТЕМІН»
«Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы
______________________ А.Нурлыбек
«_____» ________________ 2026г.

Сатып алынатын қаржылық лизинг қызметтеріне техникалық ерекшелік
Лизинг нысаналары – отандық өндірістегі автокөліктер: «СемАЗ» ЖШС өндірісінің: «Dongfeng BWC5180TCX коммуналдық жол машинасы»; «ГАЗ-A31R33 Мүгедектерді тасымалдауға арналған көлік»; «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС өндірісінің: «ГАЗ-322173 автокөлігі»; «ПАЗ 320415-04 (23+1) автобусы»; «Daewoo BH 120 F GDW (45+1+1) маркалы автобусы».
Лизинг мерзімі: қаржылық лизинг шарты жасалған күннен бастап 60 (алпыс) ай. Бұл ретте лизинг мерзімі лизинг беруші лизинг нысаналарын лизинг алушының уақытша иеленуіне және пайдалануына берген күннен бастап кемінде 36 (отыз алты) айды құрауы тиіс.
Лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 12,6%-дан аспауы тиіс.
Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс): қарастырылмаған.
Лизинг бойынша негізгі борышты төлеу кезеңділігі: негізгі борыш тең мөлшердегі жыл сайынғы төлемдермен, қаржылық лизинг шарты жасалған күннен бастап әр 12 (он екі) ай сайын 1 (бір) рет төленеді. Бұл ретте негізгі борыш бойынша алғашқы төлем 2027 жылғы 1 желтоқсанға белгіленеді. Кейінгі төлемдер тиісті жылдың 1 желтоқсанына жүзеге асырылады, соңғы негізгі борыш төлемін қоспағанда, ол қаржылық лизинг шарты жасалған күннен бастап 60 (алпысыншы) айдың аяқталу күніне белгіленеді.
Лизинг бойынша сыйақыны төлеу кезеңділігі: сыйақы жыл сайынғы төлемдермен, қаржылық лизинг шарты жасалған күннен бастап әр 12 (он екі) ай сайын 1 (бір) рет төленеді. Бұл ретте сыйақы бойынша алғашқы төлем 2026 жылғы 1 желтоқсанға 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде белгіленеді. Кейінгі сыйақы төлемдері тиісті жылдың 1 желтоқсанына жүзеге асырылады, соңғы сыйақы төлемін қоспағанда, ол қаржылық лизинг шарты жасалған күннен бастап 60 (алпысыншы) айдың аяқталу күніне белгіленеді.
Әлеуетті қызмет көрсетушіге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігі.
Лизинг нысаналарын жеткізу және тапсыру мерзімі мен орны: мемлекеттік сатып алу туралы шарт қазынашылық органдарында тіркелген күннен бастап 210 (екі жүз он) күн ішінде, мекенжайы: Семей қ., Қозбағаров көшесі, 40.
Қаржылық лизинг шарты бойынша сатып алынатын автокөліктердің жалпы саны – 11 бірлік, оның ішінде:
Dongfeng BWC5180TCX коммуналдық жол машинасы – 1 бірлік;
ГАЗ-A31R33 Мүгедектерді тасымалдауға арналған көлік – 7 бірлік;
ГАЗ-322173 автокөлігі – 1 бірлік;
ПАЗ 320415-04 (23+1) автобусы – 1 бірлік;
Daewoo BH 120 F GDW (45+1+1) автобусы – 1 бірлік.
Лизинг нысаналарының құны:
Dongfeng BWC5180TCX коммуналдық жол машинасы – 58 000 000,00 (елу сегіз миллион) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз, саны – 1 бірлік;
ГАЗ-A31R33 Мүгедектерді тасымалдауға арналған көлік – 34 650 000,00 (отыз төрт миллион алты жүз елу мың) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз, саны – 7 бірлік;
ГАЗ-322173 автокөлігі – 15 713 000,00 (он бес миллион жеті жүз он үш мың) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз, саны – 1 бірлік;
ПАЗ 320415-04 (23+1) автобусы – 39 000 000,00 (отыз тоғыз миллион) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз, саны – 1 бірлік;
Daewoo BH 120 F GDW (45+1+1) автобусы – 82 000 000,00 (сексен екі миллион) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз, саны – 1 бірлік.
Сатып алуға бөлінген жалпы сома: 624 586 469,20 (алты жүз жиырма төрт миллион бес жүз сексен алты мың төрт жүз алпыс тоғыз) теңге 20 тиын, ҚҚС-сыз, оның ішінде:
- өтеуге/қаржыландыруға арналған негізгі борыш сомасы – 437 263 000,00 (төрт жүз отыз жеті миллион екі жүз алпыс үш мың) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз;
- өтеуге арналған сыйақы сомасы – 187 323 469,20 (жүз сексен жеті миллион үш жүз жиырма үш мың төрт жүз алпыс тоғыз) теңге 20 тиын, ҚҚС-сыз.
Қаржылық лизинг шарттарына қойылатын қосымша талаптар:
қаржылық лизинг шартын, тауарды қаржылық лизингке беру үшін сатып алу-сату шартын, жергілікті атқарушы органмен жобаны қолдау туралы келісімді, сондай-ақ лизинг берушінің талабы бойынша өзге де келісімдерді жасасу; лизинг алушының лизинг беруші алдындағы ақшалай міндеттемелерін өтеу үшін лизинг берушінің лизинг алушының кез келген банктік шоттарынан қаражатты өндіріп алуына келісім беру; қажет болған жағдайда лизинг берушінің талабы бойынша қосымша қамтамасыз ету (кепіл) ұсыну.
Қызмет көрсетуші тапсырыс беруші қаржылық лизинг шартының қолданылу мерзімі ішінде лизинг нысаналарын сақтандыруды және жыл сайын тәуелсіз қайта бағалауды қамтамасыз етеді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта (бұдан әрі – Шарт) аванс төлеу көзделсе, онда тендер жеңімпазы Шарт жасалған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуден бөлек, нақты төленген аванс сомасына тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді барлық лизинг нысаналары лизинг алушының уақытша иеленуіне және пайдалануына берілген сәтке дейінгі мерзімге ұсынуға міндетті.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы 3% (үш пайыз) мөлшерінде барлық лизинг нысаналары лизинг алушының уақытша иеленуіне және пайдалануына берілген сәтке дейінгі мерзімге ұсынылуы тиіс.

Басқарма басшысы А.Нурлыбек



Dongfeng BWC5180TCX коммуналдық жол машинасы техникалық сипаттамалары.
Жалпы талаптар: шығарылған жылы – 2026 жылғы. Көлік жаңа, бұрын пайдаланылмаған болуы тиіс. Жинақталуы: Негізгі шасси: Дөңгелек формуласы: 4х2; Толық массасы: 18 000 кг; Алдыңғы оське түсетін жүктеме: 8 000 кг; Артқы көпірге түсетін жүктеме: 10 000 кг; Қозғалтқыш: дизельді, қатарлы 6 цилиндрлі, турбонаддувпен; Қуаты: 186 кВт (шамамен 250 а.к.); Жұмыс көлемі: 6,8 л; Экологиялық класы: Euro-5; Беріліс қорабы: механикалық, алға 9 беріліс; Тежеу жүйесі: пневматикалық, екі контурлы, ABS жүйесімен; Кабина: 2 орындық (1+1), жатын орнымен; Электр жабдықтары: 24В; Шиналар: камерасыз, 10.00 R20; Кузов түрі: артқы борты бар самосвал; Самосвал платформасының ішкі өлшемдері (ҰхЕхБ): 3000х2300х850 мм. Алдыңғы күрек (отвал): Түрі: әмбебап, гидравликалық бұрылмалы; Күрек ені: 3 000 мм; Гидравликалық жетегі; Жоғары қысымды шлангтар жиынтығы; Ауыстырмалы резеңке пышақ (лемех) – 1 жиынтық; Сигналдық вехалар –2 дана; Жарық шағылыстырғыш таспа. Ортаңғы щеткалы жабдық: Габариттері: 2800×730×650 мм; Айналу жетегі: гидромотор; Щетка дискілерінің саны: 52 дана; Щетка барабанының диаметрі: құбыр Ø102 мм-ден кем емес; Тазалау жұмысының ені: 2 170–2 400 мм; Қалқымалы жұмыс режимі; Қосалқы щеткалар –2 жиынтық. Су себу-жуу жабдығы (сыйымдылығы 8 м³): Судың жалпы көлемі: 8 м³ (пластик ыдыстар); Сорғы өнімділігі: 60 м³/сағ; Қысымы: 115 м; Жуу кезіндегі жұмыс аймағының ені: 8 м; Су қысымды саптамалар –2 дана; Маякпен және артқы жарықпен жабдықталуы; Бақылау алаңы. Жоғары қысымды сорғы – 2 дана (алдыңғы және артқы): Қысымы: 5 бар; Өнімділігі: 300 л/мин; Қуаты: 4 кВт-тан аспайды; Шашыратуды реттейтін қол пистолеті; Жоғары қысымды шланг: 20 м; Магистральдық сүзгі. Жоғары қысымды рейка: Жұмыс ені: 2 500 мм; Жұмыс аймағының биіктігі: 800 мм; Су беру контурларының саны: 3; Бүріккіштер саны: 20; Гидравликалық бұрылу бұрышы: ±30°; Бүйірлік саптамалар –2 дана. Гидрожүйе: Моноблокты гидротаратқыш: 6 секция; Номиналдық шығын: 80 л/мин; Жұмыс температурасы: -40°С-тан +60°С-қа дейін; Гидробак: кемінде 100 л; Май салқындатқыш өнімділігі: 120 л/мин. Жарық жабдықтары: Жарықдиодты балка (стробоскоп); Қосымша фаралар; Жабдықты басқару пульті (24В).Жинақталуы: Қосалқы бөлшектер жиынтығы (ЗИП); Домкрат; Өрт сөндіргіш; Дәрі қобдишасы; Апаттық тоқтау белгісі.
Жеткізу мерзімі – шартқа қол қойылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні. Кепілдік міндеттемелері: Пайдалану және техникалық қызмет көрсету қағидалары сақталған жағдайда, сервис кітапшасына сәйкес, өндіруші бренді иесінің кепілдік саясатына орай:1 жыл немесе 50 000 км жүріс (қайсысы бұрын орын алса).
1 бірліктің құны: 58 000 000,00 (елу сегіз миллион) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз.
Шығарылған жылы – 2026 жыл.


ГАЗ-A31R33 Мүгедектерді тасымалдауға арналған көлігінің техникалық сипаттамалары.
Жинақталуы: Ұзындығы: 6200 мм; Ені: 2000 мм; Биіктігі: 2700 мм; Клиренсі: 170 мм. Салон өлшемдері: Ұзындығы: 3600 мм; Ені: 1800 мм; Биіктігі: 1900 мм. Қозғалтқыш және КПП: Отын түрі: дизель; Беріліс қорабы: механикалық; Отын шығыны: 100 км-ге 12 л-ден аспайды; Руль гидрокүшейткіші болуы тиіс. Жүріс бөлігі: Алдыңғы аспа: тәуелсіз, көлденең иінтіректерде, серіппелі және тұрақтандырғышпен; Артқы аспа: рессорлы, тұрақтандырғышпен; Дөңгелектер: R16; Толық өлшемді қосалқы дөңгелектің болуы. Арнайы жабдық: Артқы есік ойығында басқару пульті бар электр көтергіш; Сыртта (Брайль қарпімен) және салондағы әрбір орын қатарында жүргізушіні шақыру батырмасы; 2 нүктелі қауіпсіздік белдіктері бар жолаушылар орындықтары –9 дана; Мүгедектер арбасына арналған арнайы жабдықталған 2 орын және бекіту элементтері. Әрлеу және жайлылық: Төбе, есіктер және қабырғалардың жылу-дыбыс оқшаулауы; Алюминий бұрышпен қапталған еден жабыны; Жүргізушінің артындағы төмен қалқа; Желдеткіш форточкасы бар жылжымалы есік терезесі; Салонда кемінде 4 плафон; Бүйір және артқы есіктер үстіндегі сыртқы жарықтандыру; Саты жарығы. Климат: Апаттық желдеткіш люк; Ауа кіргізу-шығару желдеткіші (ФВУ); Қозғалтқыштың салқындату жүйесіне тәуелді салон жылытқышы.
1 бірліктің құны: 34 650 000,00 (отыз төрт миллион алты жүз елу мың) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз.
Кепілдік: Автокөлікке кепілдік – 3 жыл немесе 200 000 км жүріс (қайсысы бұрын орын алса), пайдалану және техникалық қызмет көрсету талаптары сақталған жағдайда.
Жеткізу мерзімі: Шарт тіркелген күннен бастап 120 жұмыс күні.
Шығарылған жылы: 2025 жыл.


ГАЗ–322173 автокөлігінің техникалық сипаттамалары.
Жинақталуы: Шығарылған жылы: жаңа, бұрын пайдаланылмаған, 2024–2025 жылдан ерте емес; Орын саны: кемінде 13 жолаушы + 1 жүргізуші; Кузов түрі: шеңберлі әйнектелген шағын автобус; Оң жақ жылжымалы есік, артқы екі жаққа ашылатын есіктер (180° ашылу). Габариттері: Ұзындығы: 5400 мм; Ені: 2000 мм; Биіктігі: 2300 мм; Толық массасы: 3600 кг; Жабдықталған массасы: 2460 кг-нан аспайды. Қозғалтқыш: Бензинді «Evotech 2.7» Инжекторлы, 4 тактілі, сұйықтықпен салқындатылатын; Жұмыс көлемі: 2,60 л; Қуаты: 106 а.к.; Экологиялық класы: Euro-5-тен төмен емес. Трансмиссия және жетек: Дөңгелек формуласы: 4х4 (толық жетек), қосылатын алдыңғы көпірмен; КПП: 5 сатылы механикалық, синхрондалған. Аспа: Алдыңғы/артқы: тәуелді, рессорлы, телескопиялық амортизаторлармен; Руль гидрокүшейткіші. Отын багы: Кемінде 80 л. Тежеу жүйесі: Алдыңғы – дискілі; Артқы – барабанды; ABS жүйесінің болуы. Қосымша жабдық: Қысқы шиналар жиынтығы; Салон кілемшелері; Бейнетіркегіш.
1 бірліктің құны: 15 713 000,00 (он бес миллион жеті жүз он үш мың) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз.
Кепілдік: 12 ай немесе 80 000 км жүріс (қайсысы бұрын орын алса).
Шығарылған жылы: 2025 жыл.


Қалалық тасымалдауға арналған орта класты автобустың техникалық сипаттамалары (23+1 орын)
Жалпы талаптар: Тауар жаңа, пайдаланылмаған, 2026 жылғы.
Жеткізу жеткізушінің күшімен және есебінен Тапсырыс берушінің қоймасына дейін жүзеге асырылады. Жинақталуы: Кузов түрі: жартылай көтергіш, вагондық компоновка; Ұзындығы: 8800 мм; Ені: 2445 мм; Биіктігі: 2915 мм. Қозғалтқыш және КПП: Отын түрі: дизель; Қозғалтқыш: ЯМЗ-53423; КПП: 5 сатылы механикалық; Отын багының сыйымдылығы: 140 л; Есіктер: автобустың оң жағында 2 есік. Тежеу жүйесі: Алдыңғы: дискілі, саңылауларды автоматты реттеумен; Артқы: барабанды, разжимді жұдырықшамен; Тежеу жетегі: пневматикалық. Руль бағанасы: Телескопиялық руль білігімен; Тұтандыру құлпы және ұрлыққа қарсы құрылғымен;
Бұрылыс көрсеткіштері, алыс/жақын жарық ауыстырғыштары, әйнек тазалағыштар, әйнек жуғыштар, дыбыстық сигналдар және авариялық сигнал батырмасымен жабдықталған. Жүріс бөлігі: Аспа: тәуелді, пневматикалық, гидравликалық телескопиялық амортизаторлармен және көлденең тұрақтандырғышпен. Жылыту жүйесі: Тәуелсіз автономды сұйықтықты алдын ала қыздырғыш; 4 салондық жылытқыш. Автобус әйнектері: Желімделген, қараңғылатылған. Қосымша жабдық: Қысқы шиналар; Тікелей емес көру жүйесі: салонды бақылауға арналған 2 камера және түрлі-түсті дисплей.
1 бірліктің құны: 39 000 000,00 (отыз тоғыз миллион) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз.
Кепілдік: 2 жыл немесе 150 000 км жүріс (қайсысы бұрын орын алса).
Жеткізу мерзімі: Шарт тіркелген күннен бастап 120 жұмыс күні.
Шығарылған жылы: 2026 жыл.


Қалааралық тасымалдауға арналған үлкен класты автобустың техникалық сипаттамалары (45+1+1 орын)
Жалпы талаптар: Шығарылған жылы – 2025 жыл. Көлік жаңа, бұрын пайдаланылмаған болуы тиіс. Габариттік өлшемдері: Ұзындығы: 12 000–12 500 мм; Ені: 2 500–2 550 мм; Биіктігі: 3 560–3 850 мм. Қозғалтқыш және КПП: Түрі: турбонаддувты дизель; Экологиялық класы: Euro-5-тен төмен емес; Қуаты: 249 кВт; Отын багы: 400 л; Ілінісу: құрғақ, бір дискілі. Жүріс бөлігі: Аспа: тәуелді, пневматикалық, гидравликалық телескопиялық амортизаторлармен және көлденең тұрақтандырғышпен. Кузов: Тұтас металл. Жүк бөлімі: Көлемі: 7 640 м³. Салон және орындықтар: Орын саны: 45 жолаушы + 1 гид + 1 жүргізуші; 3 нүктелі қауіпсіздік белдіктері бар орындықтар. Климат және жылыту: Кондиционер; Автономды салон жылытқышы; Өтпе жолда 8 радиатор; Жүргізушіге арналған жеке радиатор; Сатыларды жылыту. Мультимедиа және байланыс: 2 СК-дисплей (диагоналі кемінде 19"); Бейнебақылау жүйесі: салонда 2 бейнекамера; артқы жүріс камерасы – 1 дана. Қауіпсіздік: Қозғалтқыш бөлігін автоматты өрт сөндіру жүйесі; Жедел қызметтерді шақыру жүйесі (ЭВАК); Төбеде 1 люк. ЗИП жинағы: Шина өлшемі: 11R22.5; Қосалқы дөңгелек; Домкрат; Құралдар жиынтығы; Өрт сөндіргіш; Әйнек сындыруға арналған авариялық балғалар.
1 бірліктің құны: 82 000 000,00 (сексен екі миллион жеті жүз мың) теңге 00 тиын, ҚҚС-сыз.
Кепілдік: 12 ай немесе 100 000 км жүріс (қайсысы бұрын орын алса).
Жеткізу мерзімі: 210 күнтізбелік күн.
Шығарылған жылы: 2025 жыл.