Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 769135

Тема сообщения
Сатып алудың мәні бойынша

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Канат

Представитель поставщика
ҚОЖАХМЕТОВ ҚАНАТ ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2026-06-10 16:41:41

Текст сообщения
Сметалық құжаттамадағы жұмыстар автомобиль жолдарын күтіп ұстау емес, құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстарына жататыны айқын. Осыған орай аталған конкурс сатып алу ережелеріне сәйкес рейтингтік-баллдық жүйе арқылы өткіщілуі тиіс


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-06-11 11:41:32

Автор:
ШАХИЗАТ НҰРЗИАТ БЕКЖАНҰЛЫ

Решение:
Отклонить замечания

Причина отклонения
Мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау барысында тапсырыс беруші тарапынан қажетті құжаттар ретінде сметалық құжаттамалардың толық топтамасы (жұмыс жобасы, түсіндірме жазба, құрылыстың жиынтық сметалық есебі, материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомосы, жергілікті смета) ұсынылған.
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту жатады.
Аталған норманы іске асыру мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №307 «Елді мекен көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» қаулысымен тиісті Сыныптама бекітілген (соңғы өзгерістер Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 9 шілдедегі №135 қаулысымен енгізілген).
Өз кезегінде, Сыныптамаға сәйкес асфальтбетон қоспаларынан жабын төсеу, жол белгілерін орнату және сызу, жол жиегін қиыршық таспен нығайту және тағы басқа жұмыстары көшелерді күтіп-ұстау жұмыстарына жатқызылған.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 6-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары енгізілмеген.
Яғни, тапсырыс беруші тарапынан мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізді таңдалған.
Атап өту қажет, Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңына сәйкес тек құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша әзірленген жоба-сметалық құжаттамалары сараптамадан өткізіледі.
Бұл ретте, автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары құрылыс-монтаждау жұмыстарына жатпайды.
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрінің
2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымшаға сәйкес Үй маңындағы аумақтарды күтіп ұстау жұмыстарын лоттарға бөлу міндетті болып табылмайды.