Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 769131
Тема сообщения
Біліктілік талаптары бойынша
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Канат
Представитель поставщика
ҚОЖАХМЕТОВ ҚАНАТ ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ
Дата и время отправки сообщения
2026-06-10 16:39:47
Текст сообщения
№17141911-1, 17142008-1 ашық конкурс бойынша конкурстық құжаттамаға шағым
Біздің ұйым №17141911-1 ашық конкурс бойынша жарияланған конкурстық құжаттамамен танысу барысында әлеуетті өнім берушілерге қойылған біліктілік талаптарының қатарында материалдық ресурстар ретінде «асфальт төсегіш, төсеу ені кемінде 14 метр» болуы туралы талап көзделгенін анықтады.
Аталған талап Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді және әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын негізсіз шектейді деп есептейміз.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуына ғана бағытталуға тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей туындамайтын талаптарды белгілеуге құқылы емес.
Конкурс нысанасы автомобиль жолдарын ұстау жөніндегі жұмыстар болып табылады. Автомобиль жолдарын ұстау жұмыстарының құрамына, әдетте, жол жабындысын күтіп ұстау, шұңқырларды жөндеу, ақауларды жою, жекелеген учаскелерді қалпына келтіру және өзге де пайдалану сипатындағы жұмыстар кіреді.
Осы жұмыстарды орындау үшін төсеу ені кемінде 14 метр болатын асфальт төсегіштің болуы міндетті технологиялық қажеттілік болып табылмайды. Мұндай техника негізінен жаңа автомобиль жолдарын салу немесе көп жолақты жолдарды реконструкциялау кезінде пайдаланылады. Ал конкурс нысанасындағы жұмыстардың сипаты мұндай техниканың міндетті түрде болуын талап етпейді.

Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2026-06-11 11:43:28
Автор:
ШАХИЗАТ НҰРЗИАТ БЕКЖАНҰЛЫ
Решение:
Отклонить замечания
Причина отклонения
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы, сондай-ақ жұмыскерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы бөлігіндегі біліктілік талаптары белгіленеді.
Өз кезегінде тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес «Ені 14 метр болатын асфальт төсегіш механизмі» материалдық ресурсы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп танылған.
Сонымен қатар, сметалық құжаттамаларда аталған техниканың қажеттілігі туындайтын бірнеше жұмыстар көрсетілген.