Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 768688
Тема сообщения
Замечание к КД
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "UniProm Group"
Представитель поставщика
ХАБАРОВ ДАНИЛ ГРИГОРЬЕВИЧ
Дата и время отправки сообщения
2026-06-10 15:56:44
Текст сообщения
ашық конкурс бойынша жарияланған конкурстық құжаттамамен таныса отырып, біліктілік талаптарының ішінде материалдық ресурс ретінде «асфальт төсегіш, төсеу ені кемінде 14 метр» болуы көзделгенін анықтады.
Аталған талап «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 11-бабына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына қайшы келеді, себебі ол қатысушылардың шеңберін негізсіз шектейді және шартты орындау қажеттілігімен тікелей байланысты емес.
Конкурс нысанасы – автомобиль жолдарын ұстау жұмыстары. Мұндай жұмыстар әдетте жолды күтіп ұстау, шұңқырларды жөндеу және ақауларды жою сияқты пайдалану сипатындағы жұмыстарды қамтиды. Бұл жағдайда ені 14 метр болатын асфальт төсегіштің болуы технологиялық тұрғыдан міндетті емес, ол көбіне жаңа жол салу немесе ірі реконструкция кезінде қолданылады.
Осыған байланысты көрсетілген талап:
– сатып алу нысанасына сәйкес келмейді;
– шартты орындау үшін қажет емес;
– бәсекелестікті шектейді;
– заңнама қағидаттарына қайшы.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, конкурс құжаттамасына камералдық бақылау жүргізуді және аталған талаптың негіздемесін сұратуды, бұзушылық анықталған жағдайда оны жою туралы шара қабылдауды сұраймыз.

Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2026-06-11 11:43:57
Автор:
ШАХИЗАТ НҰРЗИАТ БЕКЖАНҰЛЫ
Решение:
Отклонить замечания
Причина отклонения
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы, сондай-ақ жұмыскерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы бөлігіндегі біліктілік талаптары белгіленеді.
Өз кезегінде тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес «Ені 14 метр болатын асфальт төсегіш механизмі» материалдық ресурсы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп танылған.
Сонымен қатар, сметалық құжаттамаларда аталған техниканың қажеттілігі туындайтын бірнеше жұмыстар көрсетілген.