Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 768632
Тема сообщения
Заңдылықты сақтауды сұраймыз
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Жанакорган жолдары"
Представитель поставщика
ШОМАНОВ МАХСУТ ДАУМЕНОВИЧ
Дата и время отправки сообщения
2026-06-10 15:17:20
Текст сообщения
Тапсырыс беруші бекіткен сметалық құжаттаманың мазмұнын ашып қарағанда, іс жүзінде «күтіп ұстау» жұмыстарына мүлдем жатпайтын бірнеше дербес көшелерге жаңадан «жол жабындысын төсеу» (асфальт төсеу) жұмыстары енгізілген. Бұл келесі заңнамалық актілердің талаптарына тікелей қайшы келеді: 1) Сатып алу мәнін қолдан бұрмалау : Жолдарды «күтіп ұстау» (содержание) мен «жол жабындысын төсеу» (құрылыс/жөндеу) — ҚР Бюджет кодексі мен сәулет-құрылыс нормалары бойынша екі бөлек дербес шығын баптары болып табылады.Тапсырыс беруші смета тақырыбын «содержание» деп атап, ішіне күрделі құрылыс сипатындағы «жол жабындысын төсеу» жұмыстарын заңсыз жасырып енгізген.2) Мемлекеттік сараптама бақылауынан заңсыз қашу: ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес, жол жабындысын төсеу (асфальттау) жұмыстары міндетті түрде ведомстводан тыс Мемлекеттік сараптамадан (экспертиза) өткен жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) негізінде жүруі тиіс. Жұмыс түрін «содержание» деп бұрмалау — міндетті мемлекеттік сараптамадан қашу мақсатында жасалған.3) Әлеуетті өнім берушілердің құқықтарын шектеу: Жол жабындысын төсеу жұмыстарына заң бойынша Құрылыс-монтаж жұмыстарының (СМР) лицензиясы және мердігерлік жұмыс тәжірибесі (опыт работы) қойылуы міндетті. Лотты «содержание» деп жариялау арқылы бұл міндетті біліктілік талаптары айналып өтілген.
Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2026-06-11 11:47:34
Автор:
ШАХИЗАТ НҰРЗИАТ БЕКЖАНҰЛЫ
Решение:
Отклонить замечания
Причина отклонения
Мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау барысында тапсырыс беруші тарапынан қажетті құжаттар ретінде сметалық құжаттамалардың толық топтамасы (жұмыс жобасы, түсіндірме жазба, құрылыстың жиынтық сметалық есебі, материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомосы, жергілікті смета) ұсынылған.
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту жатады.
Аталған норманы іске асыру мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №307 «Елді мекен көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» қаулысымен тиісті Сыныптама бекітілген (соңғы өзгерістер Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 9 шілдедегі №135 қаулысымен енгізілген).
Өз кезегінде, Сыныптамаға сәйкес асфальтбетон қоспаларынан жабын төсеу, жол белгілерін орнату және сызу, жол жиегін қиыршық таспен нығайту және тағы басқа жұмыстары көшелерді күтіп-ұстау жұмыстарына жатқызылған.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 6-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары енгізілмеген.
Яғни, тапсырыс беруші тарапынан мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізді таңдалған.
Атап өту қажет, Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңына сәйкес тек құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша әзірленген жоба-сметалық құжаттамалары сараптамадан өткізіледі.
Бұл ретте, автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары құрылыс-монтаждау жұмыстарына жатпайды.