Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 757766

Тема сообщения
Техникалық ерекшелік пен квал талап сәйкессіздігі

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Общественный фонд "JAS QADAM"

Представитель поставщика
ШАМШАДИН ЕРСІН БАЛТАБЕКҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2026-06-09 20:08:38

Текст сообщения
Құрметті Тапсырыс беруші!

Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында техникалық ерекшелік пен біліктілік талаптары арасында сәйкессіздік анықталды.

Техникалық ерекшеліктің 5.1 және 5.2-тармақтарына сәйкес әлеуетті өнім беруші келесі жұмыстарды орындауға міндетті:

ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық карталарын әзірлеу;
ветеринариялық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру және күтіп-бағу бағдарламаларын әзірлеу;
заманауи агротехнологияларды енгізу;
ауыспалы егіс жүйесін оңтайландыру;
ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу.

Алайда конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарында тек жобаларды басқару, менеджмент, құқықтану, экономика және маркетинг салаларындағы мамандар қарастырылған.

Бұл ретте агрономия, ветеринария, зоотехния немесе ауыл шаруашылығы бағытындағы профильдік мамандарға қойылатын талаптар мүлдем көзделмеген.

Осыған байланысты техникалық ерекшелікте көзделген арнайы ауыл шаруашылығы және ветеринариялық жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін мамандардың біліктілік талаптарында көрсетілмеуі конкурстық құжаттаманың өзара сәйкестігіне күмән туғызады.

Осыған байланысты:

Біліктілік талаптарын техникалық ерекшелікке сәйкестендіріп, ауыл шаруашылығы саласының профильдік мамандарына қойылатын талаптарды енгізуді;
немесе
Аталған жұмыстарды орындау үшін агроном, ветеринар және өзге де ауыл шаруашылығы саласының мамандарын ұсыну міндетті болып табылмайтыны жөнінде ресми түсіндірме беруді

сұраймыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушілер үшін анық, нақты және өзара қайшылықсыз болуы тиіс.