Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 670435
Тема сообщения
Конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға ескертпе
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "N-07"
Представитель поставщика
ӨТЕГЕН НҰРБОЛ НҰРЛЫБЕКҰЛЫ
Дата и время отправки сообщения
2026-06-02 12:04:28
Текст сообщения
№17104329-1 конкурс, №86970527-КРБС1 лот «Газбен жабдықтау/газ тарату желілерінің/жүйелерінің/объектілерінің/станциялардың құрылысы (салу) бойынша жұмыстар» бойынша конкурс құжаттамасының 6-қосымшасында жұмыс тәжірибесін бағалау үшін лицензияланатын қызметтің келесі кіші түрі көрсетілген:
«Стальных резервуаров (емкостей), работающих под давлением либо предназначенных для хранения взрывопожароопасных или иных опасных (вредных) жидких или газообразных веществ».
Алайда аталған лицензияланатын қызметтің кіші түрі сатып алу нысанына сәйкес келмейді.
Конкурс нысаны газбен жабдықтау желілерін, жүйелерін және объектілерін салу мен реконструкциялау жұмыстары болып табылады. Осыған байланысты конкурс нысанына сәйкес келетін лицензияланатын қызметтің кіші түрі:
«Устройство инженерных сетей и систем, включающее капитальный ремонт и реконструкцию, в том числе сетей газоснабжения высокого и среднего давления, бытового и производственного газоснабжения низкого давления, внутренних систем газоснабжения»
болып табылады.
Конкурстық құжаттамада жұмыс тәжірибесін бағалау үшін газ құбырлары мен газбен жабдықтау жүйелеріне қатысы жоқ «болат резервуарлар (сыйымдылықтар)» бойынша лицензияланатын қызметтің кіші түрін көрсету әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін шектейді және газбен жабдықтау объектілері бойынша орындалған тиісті жұмыс тәжірибелерін негізсіз есепке алмауға алып келеді.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушілердің бәсекелестігін шектемей, сатып алу нысанына тікелей сәйкес келетін талаптарды қамтуы тиіс.
Осыған байланысты конкурс құжаттамасының 6-қосымшасына өзгерістер енгізіп, жұмыс тәжірибесін бағалау кезінде қолданылатын лицензияланатын қызметтің кіші түрін сатып алу нысанына сәйкес келтіруді сұраймыз.
Сонымен қатар, қазіргі редакцияда көрсетілген талаптың негізінде газбен жабдықтау желілері мен ішкі газ жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша орындалған жұмыстар тәжірибесінің есепке алынбау қаупі бар екенін хабарлаймыз.