Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 668595

Тема сообщения
Талап

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
ИП Baybeksher

Представитель поставщика
АЛДОНҒАР БАЙЗАҚ ӘДІЛХАНҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2026-05-29 15:13:13

Текст сообщения
3.2-тармаққа сәйкес («Сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігі» 16-қосымша) Өнім беруші келесі міндеттерді орындауға міндетті: жабдықты Тапсырыс берушінің объектісіне жеткізу; жабдықты монтаждау, орнату және баптау; жабдықты спутниктік желіде іске қосу; Интернет желісіне қолжетімділікті ұсыну; қызметке техникалық сүйемелдеу көрсету. Яғни, сапалы қызмет көрсету үшін білікті қызметтер талап етіледі.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тапсырыс беруші (Ұйымдастырушы) шартты орындауға қажетті ресурстарды растау бойынша талаптар қоюға міндетті.

Осыған байланысты, монтаж жұмыстарын жүргізетін мамандарға өндірушіден немесе оның Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілінен берілген сертификаттың болуына қойылатын талаптарды, сондай-ақ әлеуетті Өнім берушінің өндірушіден немесе оның Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілінен берілген авторизациялық хатын ұсыну талабын енгізуді сұраймыз.