Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 660449

Тема сообщения
Замечание к КД

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "САТ-АР."

Представитель поставщика
ДОСМАГАНБЕТОВА АЛЛА ШАЙХЫНОВНА

Дата и время отправки сообщения
2026-05-20 16:12:01

Текст сообщения
«САТ-АР.» ЖШС № 17027640-4 «Сот ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу» мемлекеттік сатып алу конкурсының құжаттамасымен таныса отырып, конкурстық құжаттаманы рәсімдеу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының бұзылғанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, конкурстық құжаттаманың қазақ тіліндегі нұсқасында жекелеген мәліметтер орыс тілінде көрсетілген.
Атап айтқанда, конкурстық құжаттаманың қазақ тіліндегі нұсқасында:
- тапсырыс беруші өкілінің лауазымы орыс тілінде көрсетілген — «и.о. руководителя»;
- конкурстық комиссия хатшысының лауазымы да орыс тілінде көрсетілген — «сотрудник».
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттамасы мемлекеттік тілде, ресми іс жүргізу талаптарын сақтай отырып рәсімделуге тиіс.
Бұдан бөлек, тапсырыс берушінің заңды мекенжайы толық емес әрі дұрыс көрсетілмеген, атап айтқанда:
- «Қазақстан» деп көрсетілген, алайда мемлекеттің ресми атауы — «Қазақстан Республикасы»;
- өңір көрсетілмеген — Қарағанды облысы;
- елді мекеннің мәртебесі көрсетілмеген (Саран қаласы);
- мекенжай толық әрі дұрыс көрсетілмеген: «Жамбыла 67», бірақ көше, даңғыл және т.б. нақты көрсетілмеген.
Аталған бұзушылықтар конкурстық құжаттаманың тиісті деңгейде рәсімделмегенін көрсетеді және мемлекеттік орган құжаттарын ресми рәсімдеу талаптарына қайшы келеді.
Осыған байланысты,
СҰРАЙМЫЗ:
1. Осы шағымда көрсетілген фактілер бойынша тексеру жүргізуді;
2. Конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіруді;
3. Конкурстық құжаттаманың қазақ тіліндегі нұсқасындағы бұзушылықтарды жоюды;
4. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың түзетілген нұсқасын орналастыруды.