Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 647973

Тема сообщения
Құрылыс-монтаж жұмыстарына (СМР) лицензия талап ету мәселесін қарастыру

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
ИП "Ақиқат"

Представитель поставщика
ШОПАН АҚИХАТ БАКТЫГЕРЕЙҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2026-05-08 00:21:42

Текст сообщения
«Мемлекеттік сатып алу туралы» конкурс құжаттамасымен және қоса берілген сметалық құжаттармен танысу барысында, сатып алу нысанында құрылыс-монтаж жұмыстарының элементтері, атап айтқанда абаттандыру, инженерлік инфрақұрылым, кіші сәулеттік нысандарды орнату және өзге де құрылыс жұмыстары көзделгені анықталды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс-монтаж жұмыстары лицензияланатын қызмет түрлеріне жататынын назарға ала отырып, әлеуетті өнім берушілерден тиісті санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарына (СМР) лицензия талап ету мәселесін қарастыруыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес лицензиялануға жататын жұмыстарды орындау үшін тиісті лицензияның болуы міндетті болып табылады.

Осыған орай, конкурс құжаттамасына өзгеріс енгізіп, әлеуетті өнім берушілерден кемінде II санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия талап етуіңізді сұраймыз.

Құрметпен, ЖК АҚИҚАТ