Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 643199

Тема сообщения
Слишком завышена материальные ресурсы и трудовые ресурсы как будто сделаны под определенного поставщика Ғимараты немесе ғимараттары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды актісімен (жалпы сыйымдылығы кемінде 1250 бала) расталған лагерь жоқ Туркестан облысында

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Alliance Time"

Представитель поставщика
ШАНАРБАЕВА САЛТАНАТ АДИЛХАНОВНА

Дата и время отправки сообщения
2026-04-30 21:28:31

Текст сообщения
Слишком завышена материальные ресурсы и трудовые ресурсы как будто сделаны под определенного поставщика Ғимараты немесе ғимараттары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды актісімен (жалпы сыйымдылығы кемінде 1250 бала) расталған лагерь жоқ Туркестан облысында. Материалдық ресурстар: өте күрделі, жылда Шымкент қаласы дұрыс демала алмайды.Неге бар лагерьлерге бөліп бермейді. 1250 сыйымдылығы бар Түркістан облысында орналасқан лагерь жоқ. Қандай мақсатпен сонша көп сыйымдылық сұратқан? Осы жайытты түзету керек


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-05-05 17:34:06

Автор:
БИМЕНОВ ДАНИЯР МАРАТҰЛЫ

Решение:
Отклонить замечания

Причина отклонения
Сәлеметсіз бе! Конкурстық құжаттамаға қатысты Сіздің ескертпеңізді қарап, төмендегіні хабарлаймыз.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 6-бабы 3-тармағына сәйкес, жылдық (алдын ала жылдық) мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді біртекті түрлері және жеткізу (орындау, көрсету) орындары бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Алайда, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 14-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді біртекті түрлері және жеткізу (орындау, көрсету) орындары бойынша лоттарға бөлуге міндетті, мына жағдайларды қоспағанда:
1. өзара байланысты жұмыстар мен қызметтердің кешенін көздейтін жұмыстар мен қызметтерді сатып алу;
2. осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу.
Сонымен қатар, тауарларды жеткізу немесе қызметтер көрсету орындарының саны бес және одан көп болған жағдайда, бір лотта бірнеше жеткізу немесе қызмет көрсету орындарын көрсетуге жол беріледі.
Бұл ретте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қызметі біртұтас өзара байланысты қызметтердің кешені болып табылады және оның түпкі мақсаты – белгіленген кезеңде балалардың қауіпсіз, ұйымдастырылған және толыққанды демалысын қамтамасыз ету.
Аталған қызмет құрамына мыналар кіреді:
• тұру;
• тамақтандыру;
• медициналық сүйемелдеу;
• қауіпсіздік пен күзетті қамтамасыз ету;
• тәрбиелік және бос уақыт бағдарламаларын ұйымдастыру;
• шаруашылық және әкімшілік қамтамасыз ету.
Бұл элементтердің барлығы технологиялық және ұйымдастырушылық тұрғыдан өзара байланысты және қызмет көрсету процесі шеңберінде бір мезгілде жүзеге асырылады.
10 000 баланың демалысын 8 ағым бойынша ұйымдастыру белгіленген кезең ішінде жүзеге асырылатын біртұтас жазғы сауықтыру науқанын білдіреді. Ағымдар (поток) бір қызметтің дәйекті кезеңдері болып табылады және дербес, тәуелсіз сатып алу объектілерін құрмайды.
Осылайша, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қызметі өзара байланысты кешенді қызметтер ретінде негізді түрде айқындалады. Бұл Қағидалардың 14-тармағының 1-тармақшасына және Заңның 6-бабы 3-тармағына сәйкес оны лоттарға бөлу міндетін алып тастайды.
Сонымен қатар, Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіне сәйкес жазғы демалыспен қамтылатын балалардың жалпы саны 10 000 бала.
Қызмет көрсету мерзімі 1 маусымнан 31 тамызға дейін, яғни 92 күнтізбелік күн.
Техникалық ерекшелікке сәйкес:
• бір ауысымның ұзақтығы – кемінде 10 күн;
• ағымдар арасындағы үзіліс – 2 күн.
Есептеу:
• бір ауысым – 10 күн
• ауысымдар арасындағы үзіліс – 2 күн
• бір ағымның жалпы ұзақтығы – 12 күн
Жалпы кезең: 92 күн ÷ 12 күн = 7,66, яғни 8 ағым.
Осылайша, 1 маусымнан 31 тамызға дейін 8 ағым өткізуге болады.
Балаларды ағымдар бойынша бөлу: 10 000 бала ÷ 8 ағым = 1 250 бала бір ағымға.
Яғни есептеу 10 000 баланы 8 ағымға бөлу арқылы жасалған.
Сонымен бірге, конкурс құжаттамасының 8-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы талап қойылған.
Атап айтқанда: балалар лагерінің ғимараты немесе бірнеше лагерь ғимараттары (жалпы сыйымдылығы кемінде 1250 бала) және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды актісі болуы тиіс.
Әлеуетті өнім беруші бір немесе бірнеше лагерь ұсынуға құқылы.
Ал конкурс жеңімпазы шарт жасалғаннан кейін техникалық ерекшелікке сәйкес 8 ағым бойынша балалардың демалысын ұйымдастырады.
Сонымен қатар, 2025 жылғы тәжірибеде қызметтерді ағымдар бойынша 5 лотқа бөлу көзделгенін хабарлаймыз. Алайда, сатып алу қорытындыларына сәйкес, барлық лот бойынша бір қатысушы жеңімпаз болып анықталып, барлық лоттарға бір ғана лагерьді ұсынған. Аталған тәжірибе қызметтерді көрсету мүмкін еместігіне әкелді, себебі жеңімпаз ұсынған бір лагерьге 3 ағым бойынша балалардың жалпы саны бір мезгілде сыймайды.
Осыған байланысты әлеуетті өнімберушілерге біліктілік талаптарында бір лагерь ғимаратын немесе бірнеше лагерьді көрсету мүмкіндігі берілді, бұл ретте олардың жалпы сыйымдылығы кемінде 1250 баланы құрауы тиіс. Бұл тапсырыс берушіге қызметтерді уақтылы әрі сапалы көрсетуге мүмкіндік береді.