Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 615797

Тема сообщения
Техникалық сипаттамадағы артық пункт туралы

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Томирис

Представитель поставщика
ЖАЙЛАУБЕКОВА ГАЙНИ СЕРИКХАНОВНА

Дата и время отправки сообщения
2026-03-30 12:28:20

Текст сообщения
Тапсырыс берушінің стендіне қатысқан қазақстандық компаниялар мен көрмеге қатысқан шетелдік туроператорлар/қауымдастықтар арасында кемінде 10 келісімге/шартқа қол қоюды және аударуды қамтамасыз ету деген пунктті тізімнен алып тастау керек, себебі бұл талап іс-шараны ұйымдастыру емес, Тапсырыс берушінің негізгі қызметімен байланысты жауапкершілік


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-04-01 11:07:15

Автор:
ЖАКУПОВА ГУЛЬЖИХАН САЙЛАУБЕКОВНА

Решение:
Отклонить замечания

Причина отклонения
Халықаралық көрмелерге, соның ішінде IMEX Frankfurt 2026 қатысудың негізгі мақсаттарының бірі меморандумдар, келісімдер және коммерциялық шарттарға қол қоюды қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастықты орнату және дамыту болып табылады.
Жобаны іске асыру шеңберінде Тапсырыс беруші мен көрмеге қатысушылардың шетелдік туроператорлармен, халықаралық маркетингтік және технологиялық алаңдармен, әуе компанияларымен, халықаралық туристік қауымдастықтармен, қонақ үйлермен және туризм саласындағы өзге де ұйымдарымен кездесулер мен келіссөздер ұйымдастыруы көзделген.
Техникалық сипаттаманың 5-тармағына сәйкес туризм жөніндегі маман шетелдік серіктестермен кемінде 50 (елу) B2B-кездесуді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.
Аталған іс-шараларды өткізу нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған, бұл Техникалық сипаттаманың 23-тармағында бекітілген, оған сәйкес Тапсырыс берушінің стендінде ұсынылған қазақстандық компаниялар мен көрмеге қатысушы шетелдік серіктестер арасында кемінде 10 келісім және/немесе шартқа қол қоюды және оларды аударуды қамтамасыз ету көзделеді.
Сонымен қатар, кездесулерді ұйымдастыру және меморандумдар мен келісімдерге қол қою қазақстандық туроператорлардың көрмеге қатысу тиімділігін арттыру, іскерлік байланыстарды кеңейту және нақты нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылады.