Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 607929

Тема сообщения
завышены квалифиационные требования

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "AG Vision Kz"

Представитель поставщика
НҮСІПОВА АРУЖАН МҰРАТҚЫЗЫ

Дата и время отправки сообщения
2026-03-12 12:29:59

Текст сообщения
Мерчендайзинг бойынша халықаралық сертификаты бар маман болу талаптары осы сатып алу мақсаттары үшін артық болып табылады. Жобаның негізгі міндеттері көрме стендін ұйымдастыру, қатысушыларға логистикалық қолдау көрсету және экспорттық әлеуетті таныстырумен байланысты, сондықтан кәсіби мерчендайзингтің халықаралық форматтағы сертификаты шешуші қажеттілік болып табылмайды.

Бұл талапты енгізу әлеуетті қатысушылар санын жасанды түрде азайтады және сатып алуға қатысуға қосымша кедергі туғызады. Халықаралық сертификаттың болуының практикалық пайдасы минималды болғандықтан, бұл талап артық және негізсіз болып табылады.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-03-16 16:20:44

Автор:
БАЙМАГАМБЕТОВ СУЛТАНБЕК КАИРБОЛАТОВИЧ

Решение:
Отклонить замечания

Причина отклонения
Техникалық спецификация (бұдан әрі – ТС) іс-шараның мақсатын қамтиды – Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумын (бұдан әрі – форум) ұйымдастыру және өткізу. Форум сауда-экономикалық ынтымақтастықты, логистиканы, өнеркәсіптік кооперацияны, трансшекаралық сауданы, туризмді және инвестициялық жобаларды дамытуға бағытталған.

ТС-тің 1.2.4-тармағына сәйкес, форумның көрме бөлігінде Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (логистика, өнеркәсіп, цифрлық шешімдер, агроөнеркәсіп, туризм, инвестициялық жобалар, кластерлер) көрсететін көрме экспозициясын және техникалық жабдықтауды (экрандар, стендтер, витриналар, демонстрациялық аймақтар) ұйымдастыру талап етіледі. (Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша тақырыптар өзгертілуі мүмкін).

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 Заңының 1-бабы 2-1) тармағына сәйкес, креативті индустриялар – жеке және заңды тұлғалардың креативті қызмет нәтижелерін жасау, өндіру, қайта өндіру және жаппай тарату салалары. Сондай-ақ креативті қызмет – шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландырумен байланысты экономикалық қызмет түрлері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №860 қаулысының 1.1-тармағына сәйкес, креативті индустрияларға шикізаты қиял, шығармашылық және зияткерлік капитал болып табылатын экономика секторлары жатады. Мәдениет пен өнердің классикалық түсінігімен байланысты дәстүрлі секторлардан бөлек, креативті индустрияларға цифрлық секторды, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметті, сондай-ақ ақпарат және байланыс секторын жатқызуға болады.

Креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасының 2-тармағында көрсетілгендей, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2021 жылды креативті экономика жылы деп жариялады. Халықаралық қауымдастық креативті индустриялардың шығармашылық қабілеттерге, креативтілікке және стандартты емес инновациялық шешімдерге негізделген тұрақты әрі инклюзивті өсімді қамтамасыз етудегі жоғары маңыздылығын мойындайды.

Креативті индустриялар экономикалық өсудің маңызды драйвері ретінде жиі қарастырылады. Олар көптеген елдер мен компанияларға халықаралық қосылған құн тізбектеріне қосылуға мүмкіндік береді, бір мезгілде бірқатар әлеуметтік және мәдени мәселелерді шешуге, сондай-ақ қоғамның креативті әлеуетін ашуға жағдай жасайды. Осылайша, бұл жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің, соның ішінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің өсуін реттейтін белсенді факторға айналады.

Сондай-ақ, «Мәдениет туралы» Заңның 1-бабының 2-5) және 3) тармақтарына сәйкес, келесі анықтамалар беріледі:

Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы – ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет-ғұрыптар, көрініс және білдіру нысандары, білім мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты құралдар мен заттар, әрі материалдық емес мәдени құндылық болып табылады;

Қазақстан халқының мәдени мұрасы – мемлекеттік маңызы бар және тек Қазақстан Республикасына тиесілі, басқа мемлекеттерге беруге болмайтын мәдени құндылықтардың жиынтығы.

Креативті индустрияларды ынталандыру мақсатында шығармашылық кластерлермен және мүдделі тараптармен ынтымақтастық та жүргізіліп жатқан мемлекеттік сатып алулардың мақсаттарына жатқызылуы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 162-тармағына сәйкес, бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеп және бекіткен конкурстық құжаттама жобасы техникалық спецификация, шарт жобасы және сатып алынатын қызметтерге сәйкес маманданған қажетті мамандарды тартуға арналған біліктілік талаптарының жобаларын қамтиды. Конкурстық комиссия веб-портал арқылы конкурстық құжаттама талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтау мақсатында конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарайды (Қағидалардың 202-тармағы).

Ұйымдастырушы белгілеген біліктілік талаптары әлеуетті жеткізушінің шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарының бар екенін, сондай-ақ еңбек ресурстарының біліктілігін растайтын құжаттарды (білім туралы диплом, сертификат, аттестат немесе өзге құжат) ұсыну арқылы дәлелдейді.

Форум техникалық спецификацияға сәйкес кәсіби мерчандайзингпен тікелей байланысты келесі міндетті құрамдас бөліктерді қамтиды:

демонстрациялық аймақтарды, витриналарды, тақырыптық кластерлерді және келушілер маршруттарын рәсімдеу;

жеке стендтерді, Қазақстан мен Қытайдың ұлттық павильондарын дайындау және монтаждау;

бірыңғай визуалды логиканы және фирмалық стильді қалыптастыру.

Мерчандайзинг тек бөлшек саудамен ғана байланысты емес. Халықаралық кәсіби тәжірибеде мерчандайзинг қызметтің әлдеқайда кең спектрін қамтиды, оның ішінде:

Visual merchandising (визуалды мерчандайзинг) – мақсатты аудиторияға барынша әсер ету үшін көрме кеңістіктерін, витриналарды және демонстрациялық аймақтарды кәсіби безендіру;

Trade show merchandising (көрме мерчандайзингі) – іскерлік форумдарда экспозицияларды ұйымдастыру, визуалды шешімдер арқылы ақпараттық хабарламалардың иерархиясын қалыптастыру;

Export merchandising (экспорттық мерчандайзинг) – шетел нарықтарында тауарлар мен қызметтерді кәсіби түрде ұсыну.

Аталған үш аспект те осы форум аясында тікелей қолданылып отыр, бұл техникалық спецификация талаптарымен тікелей расталады.

Осылайша, жобаның негізгі міндеті – Қазақстанның экспорттық әлеуетін шетелдік аудиторияға кәсіби визуалды түрде таныстыру болып табылады. Халықаралық кәсіби тәжірибеде бұл функция мерчандайзинг бойынша сертификатталған мамандардың құзыретіне тікелей жатады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде конкурстық құжаттамада мамандардың болуы, олардың білімі мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды көрсету өткізіліп жатқан конкурстың ерекшелігімен және қызмет көрсету талаптарымен негізделген. Бұл сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі адал орындалуына және өзіне алған міндеттемелерді тиісінше орындауына кепілдік береді.