Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 607913

Тема сообщения
Завышены квалификационные требования

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "AG Vision Kz"

Представитель поставщика
НҮСІПОВА АРУЖАН МҰРАТҚЫЗЫ

Дата и время отправки сообщения
2026-03-12 12:28:45

Текст сообщения
Мерчендайзинг бойынша халықаралық сертификаты бар маман болу талаптары осы сатып алу мақсаттары үшін артық болып табылады. Жобаның негізгі міндеттері көрме стендін ұйымдастыру, қатысушыларға логистикалық қолдау көрсету және экспорттық әлеуетті таныстырумен байланысты, сондықтан кәсіби мерчендайзингтің халықаралық форматтағы сертификаты шешуші қажеттілік болып табылмайды.

Бұл талапты енгізу әлеуетті қатысушылар санын жасанды түрде азайтады және сатып алуға қатысуға қосымша кедергі туғызады. Халықаралық сертификаттың болуының практикалық пайдасы минималды болғандықтан, бұл талап артық және негізсіз болып табылады.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-03-16 16:27:06

Автор:
САРСИБАЕВА АЛТЫНАЙ КАРИГУЛОВНА

Решение:
Отклонить замечания

Причина отклонения
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11-бабы талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге келесі біліктілік талаптары қойылады:

құқық қабілеттілігіне ие болуы (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие болуы (жеке тұлғалар үшін);

қаржылық тұрақты болуы және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

банкроттық рәсіміне немесе тарату (ликвидация) рәсіміне жатпау;

мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға жеткілікті материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарға ие болуы, сондай-ақ қызметкерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

жұмыс тәжірибесінің болуы.

Техникалық ерекшелікпен (бұдан әрі – ТЕ) Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтетін әлемдегі ең ірі сауда көрмелерінің бірі – CIIE 2026 9-шы Қытай халықаралық импорт көрмесіне Қазақстанның азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші 40 кәсіпорнының қатысуын ұйымдастыру көзделген. Негізгі коммерциялық мақсат – қазақстандық тауарларды Қытай нарығына ілгерілету.

Мерчандайзердің кәсіби функцияларына және ТЕ шарттарына сәйкес «көрме үлгілерін (тауарларды) тартымды әрі тиімді орналастыру», «ассортиментті бақылау», «сөре кеңістігінің тазалығы мен ұқыптылығын сақтау», «промо-аймақтарды бақылау» талаптары қарастырылған. Осыған байланысты мерчандайзинг бойынша маман сертификатының болуы талабы ТЕ мазмұнынан тікелей туындайды.

Сонымен қатар, ТЕ-нің 8-тармағына сәйкес көрме стендін келесі критерийлер бойынша безендіру қажет:

функционалдылық (қарым-қатынас жасау, өнімді көрсету және персоналдың жұмыс істеуі үшін аймақтарды ыңғайлы орналастыру, келушілер үшін қолжетімділік, соның ішінде ыңғайлы кіріп-шығу жолдары);

визуалдық тартымдылық (сапалы материалдар мен кәсіби графиканы пайдалану);

ақпараттық мазмұндылық (өнімдер немесе қызметтер туралы нақты және түсінікті мәтіндер, экрандар, QR-кодтар немесе демонстрациялық үлгілер сияқты интерактивті элементтер);

техникалық жарақтандыру (сенімді жарықтандыру, аудиовизуалды жабдық және интернетке қолжетімділік, қауіпсіздік талаптарын, соның ішінде өрт қауіпсіздігі мен конструкциялардың тұрақтылығын ескеру);

эргономика (персоналға арналған ыңғайлы жұмыс орындары, келушілердің еркін қозғалуына арналған кеңістік);

көрме регламентіне сәйкестік (стендтің өлшемдері мен конструкциясына қойылатын шектеулерді ескеру, жарнамалық материалдарды орналастыру ережелерін сақтау).

Маман 40 түрлі компанияның өнімдерін бір мезгілде кәсіби түрде таныстыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл мыналарды қамтиды:

тауар санаттары мен өнімдердің өзара үйлесімділігін ескере отырып аймақтарға бөлу тұжырымдамасын әзірлеу;

сөре кеңістігін басқару;

дәм тату промо-аймақтарын ұйымдастыру және бір уақытта ұсынылу сапасын бақылау;

әр қатысушының жеке брендингін сақтай отырып, бірыңғай визуалдық тұжырымдаманы қамтамасыз ету;

көрме жұмысының барлық күндері бойы тауарларды бақылау және ротациялау.

Аталған біліктілік талаптары конкурс ерекшелігі мен көрсетілетін қызметтердің сипатына байланысты қажет болып табылады және бұл өз кезегінде әлеуетті өнім берушінің қызметтерді тиісті түрде көрсетуін және өзіне алған міндеттемелерін сапалы орындауын қамтамасыз етеді.