Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 598816

Тема сообщения
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ҚҰЖАТТАМАСЫ БОЙЫНША НЕГІЗДЕЛГЕН ЕСКЕРТПЕ

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "AUESXAN GROUP"

Представитель поставщика
КҮЗЕРБАЙ ӘУЕСҚАН БАУРЖАНҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2026-03-04 12:35:07

Текст сообщения
№16490108-1 «Тірі тягамен көлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер» мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша төмендегіні хабарлаймыз.
Конкурстық құжаттамаға сәйкес, 1 (бір) лот құрамына 20 мектептің оқушыларын тасымалдау қызметі енгізілген.Аталған тәсіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына толық сәйкес келмейді деп санаймыз.Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алу мынадай қағидаттарға негізделеді:әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндік беру;адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;мемлекеттік сатып алуға барынша көп қатысушыларды тарту.Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 16-тармағына сәйкес, біртекті қызметтер (жолаушыларды тасымалдау) жеткізу орындары (20 мектеп) бойынша бөлек лоттарға бөліп көрсетілуі тиіс. Егер жеткізу орындарының саны 5-тен асатын болса, әрбір лотта нақты мектептердің тізімі көрсетілуі қажет.Оқушыларды тасымалдау қызметі біртекті қызмет түріне жатады, алайда қызмет көрсету орындары 20 мектепті қамтиды және олар әртүрлі маршруттар мен елді мекендерде орналасқан.Барлық 20 мектепті бір лотқа біріктіру:әлеуетті өнім берушілердің тең қатысу мүмкіндігін шектейді; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген маршруттар бойынша қатысу мүмкіндігін жоққа шығарады; бәсекелестікті шектеу тәуекелін туындатады.Осыған байланысты, конкурстық құжаттамада көрсетілген лот құрылымы заң талаптарына қайта қаралуы тиіс деп санаймыз.Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, көрсетілген қызметтерді мектептердің орналасуына және маршруттарына қарай бірнеше лоттарға бөліп жариялауды талап етеміз.Тиісті өзгерістер енгізілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уәкілетті органға шағымдану құқығымызды өзімізде қалдырамыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-03-05 21:18:30

Автор:
ЖАЙЛАУБАЙ РАХАТ СӘРСЕНБЕКҰЛЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Құрметті өнім беруші! Тауарларды жеткізудің, қызметтерді көрсетудің кемінде 5 орны болған жағдайда, лотта тауарларды жеткізудің, қызметтерді көрсетудің бірнеше орындарын көрсетуге жол беріледі, яғни 5 длоттан жоғары қызметті бір лотпен жариялауға болады.