Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 580854

Тема сообщения
сметалық құжат керек

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
ИП "Утегенов А.С."

Представитель поставщика
УТЕГЕНОВ АСЛАН СИСЕНГАЛИЕВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2026-02-03 09:37:31

Текст сообщения
Қайырлы күн.
Сіздің сұраныстарыңыз толық түсінікті емес. Автобус аялдамасын қандай материалдан дайындау қажет екенін нақтылап жаза аласыз ба? Сіз бірде әйнектен, бірде поликарбонаттан деп көрсетесіз, ал бұл материалдардың бағалық саясаты әртүрлі. Осыған байланысты біз есепті қалай жүргізуіміз керек?

Өтінеміз, материалдар бойынша нақты ақпарат беріңіз (әйнек, металл немесе оргстекло), аялдаманың және әйнектелуінің өлшемдерін көрсетіңіз. Мүмкіндігінше смета мен эскиздік дизайн да ұсынылса жақсы болар еді.

Сонымен қатар, сіз аялдама жеңіл тасымалдануы керек деп жазасыз, бірақ сонымен бірге оны ұнтақты бояумен (порошковая покраска) бояу қажет екенін көрсетесіз. Егер ұнтақты бояу қолданылатын болса, онда аялдама болттық қосылыстары бар жиналмалы-құрастырмалы болуы тиіс. Ал егер аялдаманы кран немесе манипулятор арқылы көтеріп, басқа орындарға тасымалдау қажет болса, онда оны тұтас дәнекерленген (цельно-сварная) етіп жасаған дұрыс. Мұндай аялдамалар әдетте қарапайым эмаль бояуларымен боялады.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-02-03 17:38:36

Автор:
СОЛТАНБЕКОВА ЛАЗЗАТ АМАНЖОЛОВНА

Решение:
Отклонить замечания

Причина отклонения
Техникалық сипаттама бекітілген талаптарға сәйкес әзірленген және барлық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін толық әрі анық сипаттайды.
Автобус аялдамаларын өндіруде қолданылатын материалдар туралы ақпарат жобалық (сатып алу) құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын ақау актісінде көрсетілген. Көрсетілген мәліметтер қолданылатын материалдарды нақты анықтауға және жұмыстардың құнын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.
Бояу жұмыстары техникалық сипаттамада толық қамтылған және қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.
Осылайша, ұсынылған техникалық сипаттама толық, дұрыс әзірленген және өзгерістер енгізуді қажет етпейді.