Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 574357

Тема сообщения
Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығын басшылыққа ала отырып конкурстың материалдық ресурстарына ішінара өзгертуді қажает етеді деп есптейміз.

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "СЛУЖБА ОХРАНЫ ШЫҢ АЛЕМ"

Представитель поставщика
ПИРГЕЛДИЕВ ЖАНДОС КОШКАРОВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2026-01-13 16:57:42

Текст сообщения
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік қызметтерін сатып алуға арналған үлгілік конкурс құжаттамасының 2-қосымшасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығы, бұдан әрі – №112 бұйрық), білім беру ұйымдарында қауіпсіздік қызметтерін алу кезінде материалдық және еңбек ресурстарының болуына қатысты бірқатар біліктілік талаптары белгіленгендіктен материалдық және еңбек ресурстарының болуына қатысты талаптар №112 бұйрыққа сәйкес белгіленіп бекітілген. Сондықтан «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығы негізінде талаптары дұрыс деп есептейміз. Алайда: біз келіспейтін 15942348-1 конкурсы лоттарының 84147217-ОК,184147791-ОК1,84147468-ОК1 8 қосымшасында көрсетілген материалдық ресурс яғни : 2-ші тізбесінде талап етілген (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26850 болып тіркелген) бекітілген Жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдар тізбесінің 6-тармағына сәйкес қаруды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтау детекторлары) талабы ЖШС-не тосқауыл болып отыр . Біздің мемлекеттің нарығында бұл детекторлар 12 000 000- 25 000 000 миллион теңге 1 данасы. Сондықтан бұл талап Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығы негізінде де артық талап болып отыр. Яғни осы конкурстың материалдық ресурстарына ішінара өзгертуді қажает етеді деп есптейміз. Нақтылағанда 8 қосымшасында көрсетілген 2-ші тізбесі жалпы саны 100 данадан қысқартылып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығы негізгі талабында көрсетілген санына өзгертілуін сұраймыз. Сонымен қатар 15942348-1 конкурсы лоттарының 84147217-ОК,184147791-ОК1,84147468-ОК1 8 қосымшасында көрсетілген материалдық және еңбек ресурстары «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығы негізінде талап етілген деп есептейміз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2026-01-19 16:42:38

Автор:
ДЖАНШИНА АЙГУЛЬ ЖЕНИСОВНА

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ 19.01.2026 ж. №061-қж хатына сәйкес. Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілердің материалдық және еңбек ресурстарының болуы бойынша талаптар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 112 «Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес белгіленген және сәйкестендірілген.
Осылайша, Бұйрықтың 2-қосымшасына берілген ескертпеге сәйкес, конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасының 4-тармағының 5-9-тармақтарында көзделген материалдық ресурстардың санын (қызметтік, оның ішінде атыс қаруы; резеңке таяқшалар; қаруды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтау детекторы; хабарлама беру жүйесі, оның ішінде радиоарналар бойынша; портативті киілетін бейнетіркегіш) күзет бекетінің санына қарай анықтайды.