Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 561782

Тема сообщения
Заңсыздық

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
ИП ''TAU Company"

Представитель поставщика
МОЛДАБЕКОВА ЖАНСАЯ КАЙРАТОВНА

Дата и время отправки сообщения
2025-11-15 23:53:58

Текст сообщения
Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан ресурстық сметалық құжаттама ұсынылмауы – жобалық-сметалық құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстары туралы ақпараттың толық ашылмауына әкеп соқты. Соның салдарынан әлеуетті жеткізушілер жұмыстың нақты көлемін бағалап, дұрыс ұсыныс дайындау мүмкіндігінен айырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алудың құрылыс-монтаж жұмыстарына қатысы жоқ жұмыстар бойынша әлеуетті жеткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары көрсетілуі тиіс 7-қосымшада қажетті материалдық және еңбек ресурстарының тізбесі көрсетілмеген. Аталған тізбені талқылау кезеңі аяқталғаннан кейін енгізу ниеті – оның үстіне сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтін және ПСД-де көзделмеген техниканы талап ету – қатысушылар үшін негізсіз кедергілер туындатады. Мұндай әрекеттер конкурсқа қатысуды әдейі қиындату және жекелеген тұлғаларға артықшылық беру мақсатында жасалып отырғандай әсер қалдырады.

Сонымен бірге, конкурс құжаттамасында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін және №1 тәуекел бейініне жататын біліктілік талаптары енгізілген. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес төмендегілерге тыйым салынады:

әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеуге немесе негізсіз қиындатуға;

шартты орындау қажеттілігінен туындамайтын талаптар қоюға.

Қосымша түрде назар аударамыз: 11-баптың 6-тармағына сәйкес, 1-тармақта көзделмеген қосымша біліктілік талаптарын енгізуге жол берілмейді. Мұндай талаптар тек конкурс тәсілімен сатып алудың жекелеген жағдайларында және 26-бап пен 27-баптың 6, 7-тармақтарында көрсетілген жағдайларда ғана, Қағидаларда белгіленген тәртіпті қатаң сақтай отырып енгізілуі мүмкін.

Жоғарыда келтірілгендердің негізінде, аталған бұзушылықтардың салдары ретінде уәкілетті органдар тарапынан ұйымдастырушы мен тапсырыс берушінің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдануы мүмкін екенін ескерте отырып, назарларыңызға саламыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2025-11-19 11:40:01

Автор:
ЕРМЕКБАЙ БАҒДӘУЛЕТ ЕРАЛХАНҰЛЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Сіздің конкурс құжаттамасына енгізілген ескертпеңізді зерделей отырып, келесіні хабарлаймыз.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) тартылған қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қойылатын біліктілік талаптары: шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың болуы, сондай-ақ жұмыскерлер алдындағы еңбекақы бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы болып табылады.

Осы баппен белгіленген біліктілік талаптарына әлеуетті өнім берушінің және (немесе) тартылған қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) сәйкестігі Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға ұсыну арқылы немесе Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады.

Сонымен бірге, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 76-, 77-, 78-тармақтарына сәйкес келесіні хабарлаймыз: Заңның 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіден орындалатын жұмыс, көрсетілетін қызмет орны бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана шегінде тіркелген жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарының болуын талап етуге құқылы.

Бұл талап рейтингтік-ұпайлық жүйені пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда қолданылмайды.

Егер конкурс құжаттамасында материалдық ресурстардың болуына талап қойылған болса, мұндай талапқа сәйкестік материалдық ресурстарға меншік құқығын немесе жалға алу құқығын растайтын құжатпен рәсімделеді. Жалға алынған жағдайда қосымша жалдау шартының электрондық көшірмесі ұсынылады. Бұл ретте жалдау мерзімі конкурс құжаттамасында белгіленген қызмет көрсету, жұмыс орындау мерзімінен кем болмауы тиіс.
Бір конкурста бірнеше әлеуетті өнім берушінің материалдық ресурстарды жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуына жол берілмейді.
Материалдық ресурстарды алдын ала жалға алу туралы шарттың немесе қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.

Егер конкурс құжаттамасында еңбек ресурстарының болуына талап қойылса, еңбек ресурстарының болуы қызметкердің біліктілігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесімен, сондай-ақ қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе еңбек шарттарының бірыңғай есепке алу жүйесі арқылы расталады.

Сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған АБС бағдарламасы — жобалау ұйымы сметаларды дайындау үшін пайдаланатын автоматтандырылған жүйе.