Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 529378

Тема сообщения
Мемелекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаны жүзеге асыруға жеткілікті еңбек ресурстарын сұрату заңмен тыйым салынған

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Общественное объединение "Молодежная организация "Бәйтерек"

Представитель поставщика
ҚОНЫСБЕКОВ РОЛАН ТӨРЕХАНҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2025-06-22 17:43:30

Текст сообщения
Құрметті тапсырыс беруші!
Сіз ұсынған техникалық ерекшеліктің 7-бөлімінде жобаны жүзеге асыру үшін келесідей мамандарға қатысты нақты біліктілік талаптары көрсетілген:
7.1 Сценарист, 7.2 Журналист, 7.3 Оператор, 7.4 Режиссер, 7.5 SMM маман, 7.6 Мобилограф, 7.7 Өндіріс орындары мен нақты кәсіби салалардағы мамандармен келісімшарттар талап етілген.
Алайда, бұл талаптар "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу" рәсімдерінде қолданылмауы тиіс. Бұл норма Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 452-бабында нақты жазылған:
452-бап.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қолданылмайды:
1) төлем қабілеттілігінің болуы;
2) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
Осыған сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс беруші ретінде еңбек ресурстарына (мамандарға) және материалдық ресурстарға қатысты талаптарды техникалық ерекшелікке енгізуге құқылы емес.
Сондықтан, жоғарыда аталған талаптарды орындауға заңды негіз болмағандықтан, аталған тармақтарды техникалық ерекшеліктен алып тастауыңызды сұраймыз. Бұл — сатып алудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қосымша сұрақтар мен түсіндірме қажет болған жағдайда байланысуға дайынбыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2025-06-30 15:41:04

Автор:
БЕЙСЕМБАЕВА МАНАТ АШИРБЕКОВНА

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде еңбек ресурстарының болуын талап ету бойынша қойған талаптарымызға қатысты өтінішіңізді қарастырып, төмендегіні хабарлаймыз.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруда біз Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен қатар:
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңымен,
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың стандартымен басшылыққа аламыз.
Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларының 450-тармағына сәйкес:
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады»- делінген.
Аталған заңнамалық және нормативтік актілер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, соның ішінде орындаушыда қажетті еңбек, материалдық-техникалық және өзге де ресурстардың болуын талап етеді.
Осыған байланысты еңбек ресурстарының болуын растау туралы талап жеткізушінің құқықтарын бұзу болып табылмайды. Керісінше, бұл талап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы сақтау және қызметтердің тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қойылған.