Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 515100

Тема сообщения
Конкурстық құжаттамаға түсіндірме беру туралы

Тип сообщения
Запрос о разъяснении КД

Поставщик
ЖК "ИМАНАЛИЕВА АЙГУЛЬ"

Представитель поставщика
ИМАНАЛИЕВА АЙГУЛЬ УТЕМИСОВНА

Дата и время отправки сообщения
2025-04-17 23:04:12

Текст сообщения
Жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмада «Барлық тәрбиеленушілер мен білім алушыларда балалар саны – 1000» деп, оның ішінде, «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанатын тәрбиеленушілер мен білім алушылар саны – 526» деп көрсетілген.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеуде аталған балалар санының қай бөлігін басшылыққа алатынымыз жөнінде түсіндірме берулеріңізді сұраймыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2025-04-25 17:21:36

Автор:
КӘРІМОЛЛА ГҮЛСАЯ ДӘУІРХАНҚЫЗЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының 20-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі – Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, ол мыналарды қамтиды:
төмендегі есеппен бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер:

150-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 1 ас үй жұмысшысы;
151-ден 350-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 2 ас үй жұмысшысы;
351-дан 650-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 3 ас үй жұмысшысы;
651-ден 1300-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 2 аспаз, 4 ас үй жұмысшысы;
1301-ден 2500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 3 аспаз, 5 ас үй жұмысшысы;
2501 және одан да көп білім алушысы бар білім беру ұйымдарында –кемінде 4 аспаз, 7 ас үй жұмысшысының болуы туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін.