Oracle жүйесіндегі ТЖҚЖ-сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарын жүктеу бойынша нұсқаулық

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
Перейти к: навигация, поиск

Мазмұны

Тапсырыс берушінің жұмыс орны

«Тапсырыс беруші» атты бөлім сатып алуға тапсырысты құратын, мемлекеттік сатып алу жоспарымен жұмыс істеу үшін арналған.

«Тапсырыс беруші» атты бөлім былай көрініс береді:

Planir 1.PNG

«Тапсырыс беруші» атты бөлімде мәзірдің мынадай пунктері бар:

1. МС тапсырыс беруші:

  • Келісімдер реестрі;
  • Ұйымдастырушылар;
  • Есеп әкімшісі.

2. Тапсырыс берушінің жеткізушілері:

  • Жеткізуші рейтингі;
  • Резидент жеткізушісін құру;
  • Резидент емес жеткізушісін құру.

3. МС жылдық жоспары:

  • Жылдық жоспар;
  • Жылдық жоспар импорты;
  • Тапсырысты қабылдамау;
  • МС жоспарының есебі.

«Конкурс және Аукцион» модулінде есептілік әкімшісін таңдау бойынша пайдаланушының нұсқаулығы

Ведомстволық бағыныстағы ұйымның есептілік әкімшісін таңдау.


Есептілік әкімшісін қосу үшін «Навигатор» бөліміне «Есептілік әкімшісі» мәзіріне – «Есептілік әкімшілері» кіші мәзіріне өту керек:


АО1.png

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Жүйеде есептілік әкімшісіне бір мезгілде сұрау салудың санына шектеу қою іске асырылған, жүйенің әрбір тапсырыс берушісіне бір ғана есептілік әкімшісі бекітіледі: жергілікті немесе республикалық бюджет. Оларға Ішкі істер департаменті ұйымдарының қатысушылары кірмейді, оларға бір мезгілде екі есептілік әкімшісін таңдау рұқсат етілген: республикалық және жергілікті бюджет.

«Есептілік әкімшісі» бөлімінде «Қосу» батырмасын басу.


АО2.png

«Есептілік әкімшісін қосу» терезесі ашылады, онда «Есептілік әкімшісі» бағанасында Есептілік әкімшісі бойынша деректерді толтыруға қолжетімді, егер басқа өлшемдер бойынша іздеу керек болса Лупа.png батырмасын пайдалану керек.


АО3.png

Ескерту: тапсырыс берушіде бір есептілік Әкімшісі бекітіліп қойған, бірақ жаңа есептілік Әкімшісінің деректерін қосу қажеттілігі туындаған жағдайда, жүйеде жаңа есептілік Әкімшісіне сауал жіберу мүмкіндігі іске асырылған.

Жаңа сауал жіберілгеннен кейін бұрынғы есептілік Әкімшісінің мәртебесі «Бекітілді» дегеннен автоматты түрде «Бас тартылды» дегенге ауысатындығын атап өтеміз.

Жүйе «Өлшем бойынша: Есептілік әкімшісін іздеу» - Есептілік әкімшісін келесі өлшемдерінің бірі бойынша іздеу: СТН, БСН, Ұйымның атауы, Бюджет. Іздеу үшін іздеу өлшемін, мәнін көрсету және «Өту» батырмасын басу керек.


АО4.png


Ескерту: Жай «Өту» батырмасын қолдануға және кестеде бейнеленген ұйымдардың ішінен қажетті Есептілік әкімшісін іздеуді іске асыруға жол беріледі. Әрі қарай «Таңдау» бағанасынан алдын ала белгі қойып, «Таңдау» батырмасын пайдалануға болады, немесе «Жедел-таңдау» функциясын қолдану керек.


АО5.png


Әрі қарай «Қосу» батырмасын пайдаланып таңдалған мәнді растау қажет:

АО6.png


Осыдан кейін, Есептілік әкімшісіне Перейти.png батырмасын қолданып, ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілердің тізіміне қосуға нысанда көрсетілген сауалды жолдау керек.

АО7.png


Жіберілген сауалдың мәртебесі «Жауап күту» деп өзгереді.

АО8.png


Орындалған әрекетке байланысты Жүйеде Тапсырыс беруші мен Есептілік әкімшісі байланысының келесі мәртебелері қолданылады

АО9.png


Есептілік әкімшісінің есеп беретін ұйымды растауы

Тапсырыс берушіні есеп беретін ұйым ретінде растау үшін «Навигатор» бөлімінде «Есептілік әкімшісі» мәзіріне – «Есептілік әкімшілері» кіші мәзіріне өту керек:


АО11.png


Есептілік әкімшісі» бөлімінде іздеуді келесі өлшемдер бойынша іске асыруға болады: Тапсырыс берушінің мемлекеттік/орыс тілдеріндегі атауы, Тапсырыс берушінің СТН, Тапсырыс берушінің БСН, Сауалдың мәртебесі. Іздеу үшін қажетті мәнді көрсету және «Өту» батырмасын басу керек.

АО12.png

«Мәртебе» бағанасының сол жағында келесі әрекеттерді орындауға арналған пиктограмма бар: «Тапсырыс берушіні бекіту Иконка.png, «Тапсырыс берушіні қабылдамай тастауОтклонить.png » және «Тапсырыс берушіні жою Отклонить.png . Есептілік әкімшісінің ведомстволық бағынысты ұйымды сәтті растау жағдайында «Мәртебе» бағанасында «Жауап күту» - «Бекітілді» деп өзгереді:


АО13.png


Функциялардың мәндері:


АО14.png

Мемлекеттік сатып алу жоспары

Назар аударыңыз! Мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жоспарын екі түрлі тәсілмен орналастыруға болады:

  • Егер де мемлекеттік сатып алу жоспары жоспардың шағын мөлшердегі пунктерінен тұратын болса, онда жүйе қызметін пайдалануға болады («Жылдық жоспар» бөлімі)
  • Егер де мемлекеттік сатып алу жоспары жоспардың көп мөлшердегі пунктерінен тұратын болса, онда жеңілдету үшін файлдан мемлекеттік сатып алу жоспарынан импортты пайдалану ұсынылады (процедура «Жылдық жоспар импорты» бөлімінде сипатталған);

«Жылдық жоспар» парағына өту үшін «МС Жылдық жоспары» атты бөлімдегі «Жылдық жоспар» мәзіріндегі пункті пайдалануға болады.

Planir 2.PNG

Мемлекеттік сатып алу жоспары тапсырыс берушінің құрған және кесте түрінде көрсетілген сатып алудың жылдық жоспарының пунктерінің тізімі болып табылады.

Planir 3.PNG

Мемлекеттік сатып алу жоспарында мәліметтер сүзгісі орналасқан. Сүзгі мынадай жылдық жоспардың мәліметтерін сүзгілеуді іздеу үшін элементтерден тұрады, олар:

  • Тауар, жұмыс пен қызмет атауы бойынша іздеу;
  • «Сатып алу пәнінің түрі» анықтамасы бойынша сүзгі;
  • «Сатып алу тәсілі» анықтамасы бойынша сүзгі;
  • «Жоспарланған мерзім» анықтамасы бойынша сүзгі;
  • «Қаржыландыру көзі» анықтамасы бойынша сүзгі;
  • «Статус» анықтамасы бойынша сүзгі.

Planir 4.PNG


Мемлекеттік сатып алу жоспарында басқарудың мынадай элементтері орналасқан:

Объект Әрекеті
«Құру» басқышы Басқыш жаңа жоспар пунктін құру үшін арналған және мұны басу арқылы жоспардың жаңа пунктін құру парағы ашылады.
«Тапсырыс» басқышы Басқыш сатып алуға тапсырыс құру үшін арналған, мұны басу арқылы тапсырысты құрудың парағы ашылады
Көшіру Planir 40.PNG Команда таңдап алынған жоспар пунктін көшіру үшін арналған, мұны басу арқылы көшірілетін пункт ақпараттары бар жоспардың жаңа пунктін құрудың парағы ашылады.
Түзету Planir 5.PNG Команда таңдап алынған жоспар пунктін түзету үшін арналған, мұны басу арқылы көшірілетін пункт ақпараттары бар жоспардың жаңа пунктін түзетудің парағы ашылады.
Жою Команда кестедегі белгіленген жазбаны жою үшін арналған, мұны басу арқылы жоюды мақұлдау туралы мәлімдеме пайда болады да мақұлдаушы жауап кезінде жою жүзеге асырылады.
Бекіту Команда белгіленген жоспар пунктін бекіту үшін арналған, мұны басу арқылы жоспар пунктінің статусы «Бекітілді»-ге ауысады, жоспар пункті түзетуге жабылады, ол жойылмайды. Бекітілген жоспар пункті бойынша сатып алуға тапсырыс құруға болады.
Шақыру Команда белгіленген жоспар пунктін шақыру үшін арналған, мұны басу арқылы жоспар пунктінің статусы «Құрылды»-ға ауысады, осыдан жоспар пунктін түзету мүмкін болады.
Орындау Басқыш таңдалған команданы орындау үшін арналған
Барлығын жою Команда «Құрылды» статусымен барлық жоспар пунктерін жою үшін арналған, мұны басу арқылы жоюды мақұлдау туралы мәлімдеме пайда болады да мақұлдаушы жауап кезінде жою жүзеге асырылады.
Барлығын бекіту Команда барлық жоспар пунктерін бекіту үшін арналған, мұны басу арқылы жоспар пунктінің статусы «Бекітілді»-ге ауысады, жоспар пункті түзетуге жабылады, оны жою мүмкін емес. Бекітілген жоспар пункті бойынша сатып алуға тапсырыс құруға болады.
Барлығын шақыру Команда барлық бекітілген жоспар пунктін шақыру үшін арналған, мұны басу арқылы жоспар пунктінің статусы «Құрылды»-ға ауысады, осыдан жоспар пунктін түзету мүмкін болады.

Жоспардың жаңа пунктін құру

Жоспардың жаңа пунктін құру үшін «Құру» басқышын пайдалану керек

Planir 6.PNG

Жоспардың жаңа пунктін қосу парағы былай көрініс береді:

Planir 7.PNG

Жоспар пунктін құру үлгісінде басқарудың мынадай элементтері бар:

Объект Әрекеті
«Қабылдамау» басқышы Басқыш «Мемлекеттік сатып алу жоспары» парағына қайта оралу үшін арналған
«Қабылдау» басқышы Басқыш құрылған жоспар пунктін сақтау үшін арналған.

КПВЭД анықтамасының кодын іздеу үшін «КПВЭД» өрісінен негізгі белгіні енгізу керек:

Planir 8.PNG


Іздестіру параметрлеріне сәйкес келетін табылған жағдайлардың тізімі бейнеленеді.

Жоспар пунктінің толтырылған үлгісі былай көрініс береді:

Planir 9.PNG Planir 10.PNG

Ескерту: Егер «Қаржыландыру көзі» алабында «демеушілік және қайырымдылық көмек қаражаты есебінен» не «жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер есебінен» деген мәндердің бірі таңдалған болса, онда жүйе тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік және қор кодтарын толтыру міндеттілігін тексермейтін болады.

Жоспардың пунктін түзету

Назар аударыңыз! Тек қана «Құрылған» статусымен жоспар пунктін ғана түзетуге болады. Егер де жоспар пункті «Бекітілген» статусында болса, онда оны шақыру керек (процедура осы бөлімнің төменгі жағында сипатталған)

Жоспардың құрылған пунктін түзету үшін, «Түзету» элементін пайдалану керек.

Planir 11.PNG


Жоспар пунктін құру үлгісінде басқарудың мынадай элементтері бар:

Объект Әрекеті
«Қабылдамау» басқышы Басқыш «Мемлекеттік сатып алу жоспары» парағына қайта оралу үшін арналған
«Қабылдау» басқышы Басқыш құрылған жоспар пунктін сақтау үшін арналған.

Жоспар пунктін көшіру

Жоспар пунктін көшіру үшін «Көшіру» элементін пайдалану керек.

Planir 12.PNG

«Көшіру» басқышын басу арқылы жоспар пунктін көшіру парағы ашылады.

Planir 13.PNG

Жоспар пунктін бекіту және оны шақыру

Құрғаннан кейін жоспар пункті «Құрылды» статусына ие болады. Жоспар пункті түзетіледі, оны жоюға да болады.

Сатып алу жоспарының пунктін бекіту үшін «Бекіту» командасын пайдалану керек.

Planir 14.PNG

Барлығы: Бекіту командасын пайдаланып бір ғана белгіленген жоспар пункті және сонымен қатар барлығы бойынша да бекітуге болады.

Мемлекеттік сатып алу жоспарының пунктін бекіткеннен кейін жолдар статусы «Құрылған» статусынан «Бекітілді» статусына ауысады, жоспардың бекітілетін пунктері өңдеу кезегіне орналасады. Парақты жаңарту үшін «Өту» басқышын пайдалану керек

Planir 15.PNG

Жоспардың бекітілетін пунктерін өңдеуді аяқтағаннан кейін жоспар пунктінің статусы «Бекітілді»-ге ауысады.

Planir 16.PNG

Егер де жоспардың бекітілген пунктін түзету қажеттілігі туса, онда оны «Шақыру» командасын пайдаланып шақыру керек.

Planir 17.PNG

Барлығы: Шақыру командасын пайдаланып бір ғана белгіленген жоспар пункті және сонымен қатар барлығы бойынша да шақыруға болады.

Мемлекеттік сатып алу жоспарының пунктін шақырғаннан кейін жолдар статусы «Бекітілді» статусынан «Құрылған» статусына ауысады.

Жоспар пунктін қарау

Жоспар пунктін қарау үшін жоспар пунктінің «Мәліметтер» сілтемесіне басу керек.

Planir 18.PNG

Жоспар пунктін қарау парағы былай көрініс табады:

Снимок21.JPG


«Жасыру» басқышы нақты ақпараттарды жасыру үшін арналған.

«Қателерді табу» атты бөлімде жоспар пунктін тексеру кезінде анықталған қателерді бейнелейді.

Снимок12.JPG

Жылдық жоспар импорты

«Жылдық жоспар импорты» атты бөлім мемлекеттік сатып алу жоспары импорты үшін арналған.

Файлдан мемлекеттік сатып алу жоспары импортының қызметтері сатып алудың жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алу порталына тасымалдау процесін жылдамдату мақсатында жүзеге асырылады.

Енгізу файлын дайындау

Назар аударыңыз! Жылдық жоспар импорты тек қана мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарының электронды нобайына сәйкес толтырылған файлдан шығарылады.

Жылдық жоспар импорты Excel форматында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарының электронды нобайының үлгісі бойынша толтырылған файлдан шығарылады.

Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарының электронды нобайы былай көрініс береді:

Снимок22.JPG

Снимок23.JPG

Барлық бағандар толтыру үшін міндетті болып табылады. Тек мемлекеттік мекемелер үшін арналған өрістер ғана бұған қатысты емес (қараңыз: баған атауларын).

Снимок24.JPG

сондай-ақ «Сатып алу тәсілі» бағанындағы қосымша алап, ол сатып алу тәсілі «Заң нормаларын қолданбай», «Бір көзден» немесе «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден» деп көрсетілген жағдайда ғана толтырылады және тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бойынша қосымша сипаттаманы толтыруға арналған алаптар

Снимок25.JPG

Сондай-ақ үш жылдық кезеңнің бірінші жылына арналған бекітілген сома және үш жылдық кезеңнің екінші, үшінші жылына арналған болжамды сомаларды толтыруға арналған алаптар

Снимок26.JPG

Снимок27.JPG

Снимок28.JPG

Снимок29.JPG

Егер сатып алу тәсілі «Заң нормаларын қолданбай», «Бір көзден» немесе «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден» деп көрсетілсе «Сатып алу тәсілі» бағанындағы қосымша алап ашылма тізімнен соңғы код мәнін таңдау арқылы толтырылады. Соңғы мәндер тізімі жылдық жоспар шаблоны бар файлдың «ОПГЗ» қойындысында орналасқан.

Снимок30.JPG

Сондай-ақ «Сатып алу тәсілі» бағанындағы қосымша алапты толтыру үшін ОПГЗ жайғасымдары тізімінен қажетті код бар ұяшықты көшіріп алуға және көшірілген мәнді қосымша алапқа кірістіруді орындауға болады.

Снимок31.JPG

Назар салыңыз! Нобайдың құрылысын өзгертуге, қосуға, жоюға, бағандар мен ұяшықтарды біріктіруге болмайды. Нобайдың құрылысын өзгерту мәліметтер енгізу кезінде қателердің пайда болуына апарады.

Файлды сақтау

Толтыру бойынша әдістемеге сәйкес нобай форматы бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарының файлын толтырғаннан кейін оны Текст Юникод форматында сақтау керек.

Ол үшін Excel арқылы «Қалай сақтау» басқышына басу керек және пайда болған терезеден «Текст Юникод» файлының түрін таңдау керек.

Planir 20.PNG

Файлды сақтау кезінде пайда болған мәлімдемеден, «ОК» басқышына басу керек.

Planir 21.PNG

Әрі қарай «Иә» басқышына басу керек

Planir 22.PNG

Файл импорты

Енгізу үшін файлды дайындағаннан кейін оны мемлекеттік сатып алу порталына импорттау керек.

Ол үшін «Жылдық жоспар импорты» атты бөлімге кіру керек.

Planir 23.PNG

«Жылдық жоспар импорты» мәзіріндегі пункті басу арқылы «Жылдық жоспар импорты» парағы ашылады, ол былай көрініс береді:

Planir 24.PNG

Мемлекеттік сатып алу жоспарымен файлды таңдау үшін «Шолу» басқышына басу керек.

Пайда болған сұхбаттасу терезесінен импорт үшін алдын ала дайындалған файлды таңдау керек, және «Ашу» басқышына басу керек. Файлды енгізу үшін «Енгізу» басқышына басу керек.

Planir 25.PNG

Мемлекеттік сатып алу порталына файл енгізуді аяқтағаннан кейін енгізілген файлдар тізімінен енгізілген файлға сәйкес келетін жолдар пайда болады.

Planir 26.PNG

«Статус» өрісінде мемлекеттік сатып алу жоспарының енгізілген файлы қай деңгейде кенедігі бейнеленеді.

  • Базаға орналасқан – файл мемлекеттік сатып алу порталына енгізілген, бірақ мәліметтерді өңдеуден өтпеген
  • Өңдеуде – файл өңдеу кезеңінде тұр
  • Өңделген – мәліметтерді өңдеу процедурасы аяқталды, енгізу туралы есеп бар

Назар аударыңыз! Енгізілген файл мәліметтерін өңдеу процедурасы кезек тәртібіне өңдеуге файлдың түсуіне қарай жүзеге асырылады.

Өңдеу процедурасы аяқталғаннан кейін электронды пошта мекен жайына мәліметтерді өңдеудің процедурасының аяқталғандығы туралы мәлімдеме жіберіледі.

Planir 27.PNG

Мәлімдеме былай көрініс береді:

Planir 28.PNG

Енгізілген файлдар тізіміндегі файлдың статусы «Өңделген»-ге ауыстырылады.

Осының нәтижесінде мемлекеттік сатып алу жоспарында жоспардың енгізілген пунктері көрініс береді.

Planir 29.PNG

Сатып алуға тапсырыс

Ұйымдастырушыны шақыру

Ұйымдастырушыға шақыру жіберу үшін «Ұйымдастырушылар» мәзірінен пунктін пайдалану керек.

Planir 30.PNG

«Ұйымдастырушылар» парағы былай көрініс береді:

Planir 31.PNG

Жаңа ұйымдастырушыны қосу үшін «Қосу» басқышын пайдалану керек. Ұйымдастырушыны іздеу парағы былай көрініс береді. «Іздеу» өрісінде іздеу белгісі енгізіледі, «Өту» басқышына басқаннан кейін тізімде іздеу нәтижелері пайда болады.

Planir 32.PNG

Ұйымдастырушыны таңдап алған соң «Бекітуге жіберу» басқышына басу керек жолдар статусы «Сұралған» ауысады. Ұйымдастырушы ұсынысты бекіткеннен немесе қабылдамағаннан кейін жолдар статусы «Бекітілді» немесе «Қабылданбады» деп ауысады.

Planir 33.PNG

Тапсырысты құру

Сатып алуға тапсырысты құру үшін «Жылдық жоспар» атты бөлімнен «Тапсырыс» басқышын қолдану керек.

Назар аударыңыз! Тапсырыс тек бекітілген пункт бойынша ғана құрылады.

Planir 34.PNG

«Тапсырыс» басқышын басқаннан кейін ұйымдастырушыны іздеу парағы бейнеленеді. Егер де бір ғана ұйымдастырушы күйге келтірілген болса, онда бұл парақ жіберіледі.

Planir 35.PNG

«Тапсырысты құру» басқышын басқаннан кейін пункт статусы «Тапсырысты құру…»-ға ауысады және таңдалған жоспар пункті бойынша тапсырысты құру кезекке орналастырылады.

Planir 36.PNG

Парақты жаңарту үшін «Өту» басқышын пайдалану керек. Тапсырысты сәттілікпен құрғаннан кейін жоспар пунктінің статусы «Таңдалды»-ға ауысады және тапсырысқа сілтемеге бейнеленеді.

Planir 37.PNG

Тапсырыстан бас тарту

Тапсырыстар тізіміне өту үшін «Тапсырыстан бас тарту» атты бөлімдегі «МС жылдық жоспары» атты мәзірді пайдалануға болады

Planir 38.PNG

«Тапсырыстан бас тарту» атты ұяшықта тапсырысты қабылдамау үшін «Тапсырыстан бас тарту» басқышын пайдалану керек

Planir 39.PNG

Осының нәтижесінде тапсырыс статусы «Қабылданбады»-ға өзгереді

Қабылданбаған тапсырыс «Жылдық жоспар» атты бөлімдегі шақыруға ие болады. мемлекеттік сатып алу жоспарының қабылданбаған пунктін шақырғаннан кейін жолдар статусы бекітілді деген статустан «Құрылды» статусына ауысады

Персональные инструменты
Пространства имён

Варианты
Действия
Бағыттау
Тіл
Құралдар