"Конкурс пен Аукцион" модулі бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
Перейти к: навигация, поиск

Мазмұны

«Тіркеу» тарауы

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модулінде тіркеуден қалай өту керек?

Жауап: «Электрондық конкурс» модулінде тіркеуден өту аутентификация құралдарын және электрондық сандық қолтаңбаны алғаннан және орнатқаннан кейін жүзеге асырылады.

Тіркеу екі кезеңде өтеді:

1) пайдаланушыны (қызметкерді) тіркеу;

2) қатысушыны (ұйымдар) тіркеу.

Пайдаланушыны тіркеу үшін мына мекенжай бойынша https://oebs.goszakup.gov.kz өту керек, сонда сертификатты таңдау терезесі ашылады, бұл жерде сертификатты таңдап, жүйеге енуді жүзеге асыру талап етіледі. Жүйеге ену жүзеге асырылған соң, тіркеу терезесі ашылады, ол жерде «СТН» алаңына пайдаланушының СТН-ін енгізіп, Мемлекеттік кірістер комитетінен деректерді сұрату түймешесін басу қажет болады. Нақты деректер енгізілген жағдайда пайдаланушының тіркеу мәліметтері алаңы толтырылады. «Контактілі ақпарат» және «Пароль» алаңдарын қолмен толтыру қажет. Пайдаланушыны тіркеу бетінде барлық деректерді толтырғаннан кейін «Сақтау» түймешесіне басу қажет. Тіркеу деректері сақталғаннан кейін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына активацияға сілтеме жасалған хат жіберіледі. Сәтті жасалған активациядан кейін веб-порталды пайдалану туралы келісім сақталған бетке көшу автоматты түрде жүзеге асырылады. Келісімге қол қою электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Ұйымды (қатысушыны) тіркеу үшін порталға ену қажет. Мемлекеттік сатып алу веб-порталына енгеннен кейін «Қатысушы» қыстырмасына кіру қажет. Қатысушыны қосу пішінінде «СТН» алаңында ұйымның СТН-ін енгізіп, «Толтыру» түймешесін басу қажет. Сұрату өңделгеннен кейін деректері Мемлекеттік кірістер комитетінде көрсетілген барлық алаңдар автоматты түрде толтырылады. Одан әрі ұйым туралы деректерді қолмен толтыру қажет. Ұйым туралы деректер сақталғаннан кейін қатысушы келісіміне қол қою бетіне автоматты түрде өту жүзеге асырылады. Қатысушы келісіміне қол қою электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модулінде электрондық пошта мекенжайын өзгерту мүмкін бе? Оны қалай жасауға болады?

Жауап: Электрондық пошта мекенжайын, сондай-ақ жұмыс және ұялы телефонды «Пайдаланушы профилі» тарауы арқылы редакциялауға болады.

Сұрақ: Өкілеттілікті тағайындау процедурасын түсіндіріңіз.

Жауап: Ұйымды тіркеуші пайдаланушы автоматты түрде жүйенің «Бас пайдаланушысы» болып тағайындалады. МС қатысушысының бас пайдаланушысы «Өкілеттіліктерді басқару» тарауында қатысушы тағайындаған роліне бағынышты қатысушының тіркелген пайдаланушыларының өкілеттілігін басқару мүмкіндігіне ие. «Пайдаланушы өкілеттілігін басқару» пішінінде «Қарап шығу» алаңында өкілеттілікті сол бойынша өзгерту қажет болатын пайдаланушы жолында пиктограмманы басу қажет. «Пайдаланушы өкілеттілігі туралы ақпарат» пішінінде «Лауазым» алаңын толтыру керек. Пайдаланушыға қосу қажет болатын өкілеттілік жолында «Белсенді жасау» алаңында пиктограмманы басу керек. Өкілеттіліктен алып тастау керек болатын өкілеттілік жолында «Белсенді жасау» алаңында пиктограмманы басу керек. Өзгерістерді сақтау үшін «Қолдану» түймешесін басу керек.

Сұрақ: «Конкурс тәсілімен сатып алу»-ға көшкен кезде порталдың басты бетінен «Осы веб-торабы қауіпсіздігі сертификатында қате» деп көрсетіледі.

Жауап: Электрондық конкурс бетіне өтуді жүзеге асыру үшін «Осы веб-торапты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды)» басу қажет, осыдан соң сертификатты таңдауы бар терезе ашылады, бұл жерде сертификатты таңдап, оның таңдауын растау талап етіледі. Осы процедураны 3 рет қайталау қажет.

Сұрақ: КҰЖЖ және ЭҚЖЖ коды дегеніміз не? Бұл алап қалай толтырылады?

Жауап: КҰЖЖ – кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші, алап деректер көзін толтыру үшін міндетті болып табылады: Мемлекеттік кірістер комитетінің БСАЖ базасы. ЭҚЖЖ коды - экономикалық қызметтің жалпы қазақстандық жіктеуішін пайдаланушы қолмен толтырады.

Сұрақ: Қатысушыны тіркеу кезінде «Сіз мемлекеттік сатып алу веб-порталында қатысушы ретінде тіркеле алмайсыз» деген қателік бейнеленеді.

Жауап: Осы қателікті жою үшін «Байланыс ақпараты» бөліміндегі қатысушының тіркеу нысанында Нақты және Почталық мекенжайларда сегменттер бойынша ӘАОК көрсету қажет.

Сұрақ: Егер «Электрондық почтаны белсендендіру қателігі: белсендендіру коды сәйкес келмейді» деген қателік бейнеленетін болса.

Жауап: Осы қателік белсендендіру сілтемесі бойынша көшу екі рет жүзеге асырылғандықтан шығады. Порталға кіруді жүргізу қажет.

Сұрақ: Парольді енгізген кезде «Жүйеге кіру мүмкін емес. Әрекетті қайталаңыз» деген хабар шығады.

Жауап: Осы қателік парольдің дұрыс енгізілмегендігін білдіреді. Дұрыс парольді қайта енгізу немесе «Парольді қалпына келтіру» әрекетін орындау және жаңа парольді орнату талап етіледі.

«Ұйымдастырушы» тарауы

Сұрақ: Бір хабарландыруда бірнеше лот бар, Техникалық сипаттаманы «Жолдар» немесе «Тақырып» мәзірлерінің қайсысына (әр лотқа әртүрлі болса) орналастырған жөн?

Жауап: Техникалық сипаттама конкурстық құжаттама үлгісін қолданғаннан кейін «Құжаттама» тарауында тіркеледі.

КҚ үлгісін қолданған соң құжаттама тарауында «Талаптар» қыстырмасына өтіп, қосымшалардың құрастырылған тізімінен «2 Қосымша (Техникалық сипаттама)» табу қажет. Қосымшаның атауына басқан кезде құжатты жаңарту пішіні ашылады, онда «Қыстырылған құжаттама» тарауында файлдарды қыстыру функционалын пайдалана отырып, техникалық сипаттаманы әрбір лот бойынша жеке қыстыру қажет.

Сұрақ: Егер конкурс өткізілмеген болса (2 конкурстық тапсырыс берілсе, бәрі де кері қайтарылса), одан кейінгі әрекеттерді, «Электрондық конкурс» модулінде жаңа сауда жариялануын түсіндіріңіз?

Жауап: Егер конкурс өтпеген болса, соның негізінде хабарландыру жарияланған тапсырыс автоматты түрде «Тапсырыстар» тарауына қайтарылады. Жаңа хабарландыру жасау үшін сол тапсырысты таңдап, «Сауда жасау» түймешесін басу керек.

Сұрақ: КҚ-ны қотарып алған тапсырыс берушілерді қай жерден көруге болады?

Жауап: Конкурстық құжаттаманы жүктеп алған тапсырыс берушілер тізімін ашылу протоколы құжаттамасында көруге болады.

Сұрақ: Конкурстық тапсырыстарды ашу процедурасын түсіндіріңіз.

Жауап: Тапсырыстыр қабылдау мерзімі аяқталғанда хабарландыруды қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінде «Құрсаудан босату» әрекеті пайда болады. Осы әрекетті таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Осы түймешені басқан соң өнім берушілердің тапсырыстарын конкурстық комиссия мүшелерінің қарап шығуына мүкіндік береді. Ашу хаттамасын толтыру үшін хабарландыруды қарап шығу пішініндегі әрекеттер тізімінде «Ашу хаттамасы» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Нәтижесінде хабарландыруды қарап шығу пішінінде «Қыстырылған құжаттар» тарауында ашу хаттамасы жасалатын болады.

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модулінде қызметтес командадан «Қатысушыны» қалай шығарып тастауға болады?

Жауап: Қызметтес командадан қатысушыны шығарып тастау үшін «Жою» алаңындағы белгі қолданылады.

Сұрақ: Қорытынды туралы хаттаманы қай тараудан қарап шығуға болады?

Жауап: Қорытындылар туралы хаттама хабарландыруды қарау нысанындағы «Қоса тіркелген құжаттама» бөлімінде орналасқан. Хабарландыруды қарау үшін «Жарияланған сатып алу» бөлімінде талап етілетін хабарландырудың нөмірін басу қажет. Сондай-ақ қорытындылар хаттамасы веб-порталдың сыртқы бетінде «Сатып алу»-«Хабарландырулар» және «Құжаттар қоймасы» бөліміндегі қарау үшін қол жетімді.

Сұрақ:«Конкурс және Аукцион» модулінде рұқсат беру және қорытындылар хаттамасын қалай қалыптастыруға болады?

Жауап: Рұқсат беру хаттамасы конкурстың екінші кезеңін құру кезінде өнім берушілерге рұқсат беру/бас тарту бойынша дауыс беру рәсімі жүргізілгеннен кейін және шартты жеңілдіктер түзетілгеннен кейін қалыптастырылады. Рұқсат беру хаттамасын қалыптастыру үшін «Тақырып» қойындысындағы хабарландыруды қарау нысанында «Сатып алуды қарау» батырмасын басу және әрекеттер тізімінен «Рұқсат беру хаттамасы» әрекетін таңдау және «Ауысу» батырмасын басу қажет. Нәтижесінде жүйе PDF форматындағы рұқсат беру хаттамасын мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және ол «Қоса тіркелген құжаттар» бөлімінде бейнеленеді.

Сұрақ: Хабарландыру жасау кезінде конкурстық комиссия мүшелерін қалай қосуға болады?

Жауап: Хабарландыруға конкурстық комиссия мүшелерін қосу үшін «Қызметтестер командасы» тарауында «Жол қосу» түймешесін басып, «Аты» алаңында қызметкерді таңдап, «Рөлі» алаңындағы түсіп қалатын тізімнен мәнін таңдап, рөлдердің бірін тағайындау қажет.

Сұрақ: Конкурстық комиссияның барлық мүшелерінде ЭСҚ болуы және олар жүйеде тіркелуі керек пе?

Жауап: ЭСҚ болуы және порталда тіркелуі конкурстық комиссияның барлық мүшелері үшін міндетті жағдай болып табылады.

Сұрақ: Конкурстық құжаттама қалай толтырылады. Ол қай тарауға қыстырылуы керек?

Жауап: Конкурс бойынша құжаттамаларды толтыру үшін «Құжаттама» қыстырмасына өтіп, ашылған пішінде «Үлгіні қолдану» түймешесін басу керек. «Талаптар» қыстырмасында конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың қалыптастырылған тізімі көрсетіледі.

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модулінде МС-тен бастартуды қалай жасауға болады?

Жауап: Егер мемлекеттік сатып алу туралы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген себептер бойынша сатып алудан бастарту қажет болса, онда хабарландыруды қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінен «Сауданы тоқтату» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу қажет. Экранда сатып алуды тоқтату себептерін таңдау үшін пішін ашылады. Осы пішінде «Бастарту себебі» алаңындағы түсіп қалатын тізімнен заңнамаларға сәйкес себебін таңдап, қажет болған жағдайда «Өнім берушілерге ескертпе» алаңын толтыруға болады. Себебін таңдағаннан кейін «Қолдану» түймешесін басу керек. Қортындылар хаттамасы жүйеде автоматты түрде құрылып жарияланады.

Сұрақ: Конкурсты қалай ұзартуға болады? Конкурстық құжаттамаға қалай түзетулер енгізуге және оны порталда қалай көрсетуге болады?

Жауап: Хабарландыруға ол жарияланып қойғаннан кейін өзгерістер енгізу қажет болса, түзетулер жасау функционалдығын пайдалану қажет. Ол үшін хабарландыруды қарап шығу пішінінде «Әрекеттер таңдау» тізімінен «Түзету жасау» мәнін таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Экранда хабарландыруды редакциялау пішіні көрсетіледі. «Түзету сипаты» алаңын толтыру міндетті болып табылады. Конкурс шарттарына өзгерістер енгізгеннен кейін тапсырыстарды қабылдау мерзімін өзгерту қажет. Ол үшін «Параметрлер» тарауында тапсырыстарды қабылдауды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсету қажет. Сонымен қатар хабарландыруды қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінен «Сауданы ұзарту» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Өзгерістер және хабарландыру мерзімін ұзарту енгізілгеннен соң, «Сатып алуды қарап шығу» түймешесін басу қажет. Ашылған пішінде енгізілген өзгерістер көрсетіледі. Өзгертілген хабарландыруды жариялау үшін «Жариялау» түймешесін басу қажет. Нәтижесінде тапсырыс берген өнім берушілерде белсенді жауаптар пішінінде тапсырысты қайта беру қажеттігі туралы және түзетулерді қабылдау туралы ақпарат көрсетіледі. Берілген тапсырыс ашылған кезде енгізілген түзетулер туралы ескерту шығады.

Сұрақ: Сауда жобасын қалай жоюға болады?

Жауап: Сауда жобасын жою үшін ұйымдастырушының жұмыс орнында «Сатып алу» тарауында «Басқару» тараушасында «Жобалар» мәзірін таңдау қажет. Іздеу функционалын пайдаланып, жойылуға тиісті хабарландыруды тауып, оны «Таңдау» алаңында құсбелгі қою арқылы таңдап, «Жою» түймешесін басу керек. Таңдалған әрекетті растаған соң, хабарландыру жобасы жойылады.

Сұрақ: Ұйымдастырушы сауданы құру кезінде қай тарауда қосымша Файлдарды қыстыра алады?

Жауап: Конкурстық құжаттамалар қосымшасына жатпайтын барлық қосымша құжаттама «Қыстырылған құжаттама» тарауында бастақырыпқа қыстырылады.

Сұрақ: Жарияланған саудаға өзгерістер енгізу мүмкін бе?

Жауап: Хабарландыруға, ол жарияланған соң өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда түзетулер жасау функционалдығын пайдалану қажет. Ол үшін хабарландыруды қарап шығу пішінінде «Әрекет таңдау» тізімінен «Түзету жасау» мәнін таңдап, «Өту» түймешесін басу қажет. Экранда хабарландыруды редакциялау пішіні көрсетіледі. «Түзету сипаты» алаңын толтыру міндетті болып табылады. Конкурс шартына өзгерістер енгізілген соң, тапсырыс қабылдау мерзімін өзгерту қажет. Ол үшін «Параметрлер» тарауында тапсырыстар қабылдауды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсету қажет. Сондай-ақ хабарландыруды қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінен «Сауданы ұзарту» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Өзгерістер және хабарландыру мерзімін ұзарту енгізілген соң «Сатып алуды қарап шығу» түймешесін басу керек. Ашылған пішінде енгізілген өзгертулер көрсетіледі. Өзгертілген хабарландыруды жариялау үшін «Жариялау» түймешесіне басу қажет. Нәтижесінде тапсырыс берген өнім берушілерде белсенді жауаптар пішінінде тапсырысты қайта беру қажеттігі және түзетулерді қабылдау туралы ақпарат көрсетіледі. Берілген тапсырысты ашу кезінде енгізілген түзетулер туралы ескерту шығады.

Сұрақ: Жүйе порталы автоматты түрде конкурс жеңімпазын таңдау кезінде қандай параметрлерді (критерийлерді) анықтайды және өткізілетін конкурсты ұйымдастырушының өзі қандай ақпарат енгізеді?

Жауап: Конкурс жеңімпазын жүйе автоматты түрде ең төменгі шартты баға бойынша анықтайды. Шартты жеңілдікті нақты есептеу үшін конкурстық комиссияның хатшысы конкурстың екінші кезеңін жасау кезінде шартты жеңілдіктер пайызын өзі жеке реттеуге тиіс, сондай-ақ жүйе есебіне байланысты критерийлер бойынша мәнін белгілеуге тиіс.

Сұрақ: Конкурсты ұйымдастырушы өнім берушінің қыстырылған құжаттарын қай тарауда қарап шыға алады?

Жауап: Өнім берушінің тапсырысында берілген құжаттарды қарап шығу үшін хабарландыруды қарап шығу пішініндегі әрекеттер тізімінен «Бағаны енгізу» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу қажет. Экранда берілген тапсырысты қарап шығу және оларды өткізу немесе кері қайтару туралы дауыс беру пішіні көрсетіледі. Тапсырысты қарап шығу үшін «Котировка» алаңында сілтемені басу қажет.

Сұрақ: Сатып алу жобасын құру кезінде лицензиялар туралы деректерді қалай толтыру керек?

Жауап: Өнім берушінің сатып алуға қатысуы үшін қажетті лицензиялардың түрін (түрлерін) анықтау үшін Ұйымдастырушы хабарландыру жобасында «Лицензии/Лицензиялар» бөлімінде, «Құжаттама» қойындысына өтуі қажет. «Лицензии/Лицензиялар» бөлімінде «Жаңарту» батырмасын басу қажет, осыдан кейін бөлім деректерін редакциялау нысаны бейнеленеді. Бөлімнің редакциялау нысанында әлеуетті өнім берушінің осы сатып алуға қатысуы үшін қажетті лицензиялардың түрін (түрлерін) беру қажет. «Қызмет түріне арналған» лицензия түрін таңдаған жағдайда лицензияланатын қызмет түрін (түрлерін) таңдау толтыру үшін міндетті болып табылады. Лицензияланатын қызмет түрін (түрлерін) таңдау үшін «қызмет түрлерін қосу» батырмасын басу қажет, осындай кейін қосымша таңдау терезесі бейнеленетін болады. Лицензияланатын қызмет түрін таңдау нысанында лицензияланатын қызметтің бір немесе бірнеше түрлерін белгілеу және «Таңдау» батырмасын басу қажет. Толтырылған деректерді «Лицензии/Лицензиялар» бөлімінде сақтау үшін «Қолдану» батырмасын басу қажет. Сатып алуға қатысу үшін Өнім берушінің лицензияларды ұсынуы талап етілмеген жағдайда Ұйымдастырушы сатып алуды құру кезінде «Лицензии/Лицензиялар» бөлімінің редакциялау бөлімінде «Құжат міндетті» алабында «Жоқ» деген мәнді көрсетуі және «Қолдану» батырмасын басуы қажет.

Сұрақ: Сатып алу жобасын құру кезінде рұқсаттар туралы деректерді қалай толтыру керек?

Жауап: Өнім берушінің сатып алуға қатысуы үшін қажетті рұқсаттардың түрін (түрлерін) анықтау үшін Ұйымдастырушы хабарландыру жобасында «Разрешения/Рұқсат беру деректемелері» бөлімінде, «Құжаттама» қойындысына өтуі қажет. «Разрешения/Рұқсат беру деректемелері» бөлімінде «Жаңарту» батырмасын басу қажет, осыдан кейін бөлім деректерін редакциялау нысаны бейнеленеді. Редакциялау нысанында әлеуетті өнім берушінің осы сатып алуға қатысуы үшін қажетті рұқсаттардың түрін (түрлерін) беру қажет. Рұқсаттардың түрін (түрлерін) таңдау үшін «Рұқсат түрін қосу» батырмасын басу қажет, осындай кейін қосымша таңдау терезесі бейнеленетін болады. Рұқсаттардың түрін таңдау нысанында рұқсаттардың бір немесе бірнеше түрлерін белгілеу және «Таңдау» батырмасын басу қажет. Толтырылған деректерді «Разрешения/Рұқсат беру деректемелері» бөлімінде сақтау үшін «Қолдану» батырмасын басу қажет. Сатып алуға қатысу үшін Өнім берушінің рұқсаттарды ұсынуы талап етілмеген жағдайда Ұйымдастырушы сатып алуды құру кезінде «Разрешения/Рұқсат беру деректемелері» бөлімінің редакциялау бөлімінде «Құжат міндетті» алабында «Жоқ» деген мәнді көрсетуі және «Қолдану» батырмасын басуы қажет.

Сұрақ: Сатып алу барысында техникалық ерекшелікті қалыптастыру қалай жүргізіледі?

Жауап: Техникалық ерекшелікті қалыптастыру үшін сатып алуды қарау нысанында «Құжаттама – 2-қосымша-Техникалық ерекшелік» бөліміне өту қажет. «Тауар» нысанасы бар сатып алу үшін әрбір лотта тауарды сипаттауға арналған атрибуттар бар нысанды толтыру қажет. «Жұмыс» немесе «Қызмет көрсету» нысанасы бар сатып алу үшін әрбір лотта жұмыстың және көрсетілетін қызметтің сипаттамасы бар техникалық ерекшелік файлдарын қоса тіркеу қажет. «Тауар» нысанасы бар сатып алудағы пиктограмманы басқан кезде тауардың атрибуттарын толтыру нысаны бейнеленеді. Атрибуттар толтырылғаннан кейін «Техникалық ерекшелікті қалыптастыру» батырмасын басу және қалыптастырылған PDF-файлына қол қою қажет. «Жұмыс» және «Қызмет көрсету» нысанасы бар сатып алудағы пиктограмманы басқан кезде файлдарды лотқа қоса тіркеу нысаны бейнеленеді. Ашылған нысанда «Файлды қосу» батырмасының көмегімен техникалық ерекшелік файлын қоса тіркеу қажет.

Сұрақ: Озық техникалық ерекшелікті таңдау функционалы не үшін қажет?

Жауап: Озық техникалық ерекшелікті таңдау функционалы әлеуетті өнім берушілер өздерінің баға ұсыныстарын бере алатын өз өтінімдерінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған, осы техникалық ерекшелікті (не техникалық ерекшеліктерді) бағалау кезінде Ұйымдастырушы құрған конкурстық комиссия (сараптау комиссиясы) таңдаған конкурстағы тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің озық техникалық ерекшеліктерінің белгісін/атрибутын тіркеуге мүмкіндік береді.

Сұрақ: Озық техникалық ерекшелікті таңдау рәсімін қалай жүргізу керек?

Жауап: Озық техникалық ерекшелікті (не озық техникалық ерекшеліктерді) таңдау функционалы конкурстық комиссияның Хатшысына толтыру үшін қол жеткізімді (конкурстық/сараптау комиссиясының озық техникалық ерекшелікті қарауы және анықтауы негізінде). Оны таңдау үшін әрекеттер тізімінде «Озық техникалық ерекшелікті таңдау» әрекетін таңдау және «Өту» батырмасын басу қажет. Экранда хабарландырудағы лоттар тізімін қарау нысаны бейнеленеді. Конкурсқа өтінім берген өнім берушілер туралы ақпаратты қарау үшін лот атауының сілтемесін басу қажет. Лот атауын басқан кезде «Озық техникалық ерекшелікті таңдау» бетіне өту жүзеге асырылады. Өнім берушілердің өтінім бойынша техникалық ерекшелігін қарау үшін сілтеме түрінде бейнеленетін өнім берушінің атауын басу қажет. Нәтижесінде өнім берушінің техникалық ерекшелігін қарау нысанына өту жүзеге асырылады. 2-қосымша (Техникалық ерекшелік) бөлімінде өнім берушінің құжатын қарау және көшіріп жүктеу үшін қол жетімді болады. Әрбір өнім берушінің атауы бар жолда «Озық техникалық ерекшелік белгісінде» «озық тех.ерекшелік болып табылады» не «озық тех.ерекшелік болып табылмайды» мәнін таңдау қажет.

Сұрақ: Бір ғана өнім беруші өтінім берген жағдайда алдын ала рұқсат беру хаттамасын қалыптастыру жүргізіледі ме?

Жауап: «1.1 Біліктілік талаптарына сәйкестіктер» және «1.2 Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестік» тармақтары бойынша конкурсқа бір және одан көп әлеуетті өнім берушілер жіберілмеген жағдайда алдын ала рұқсат беру хаттамасын жариялау, сондай-ақ конкурстық бірінші раундын қайта жариялау міндетті шарт болып табылады.

Сұрақ: Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалай қалыптастырылады?

Жауап: Дауыс беру аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия Хатшысы өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасын қалыптастыруды жүзеге асыруы үшін хабарландыруды қарау нысанындағы әрекеттер тізімінде «Алдын ала рұқсат беру хаттамасын қалыптастыру» әрекетін таңдауы және «Өту» батырмасын басуы қажет. Нәтижесінде жүйе мемлекеттік және орыс тілдерінде, PDF форматында, алдын ала рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады және ол «Қоса тіркелген құжаттар» бөлімінде бейнеленеді. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылғаннан кейін конкурстық комиссия мүшелері хаттамаға қол қоюлары қажет.

«Тапсырыс беруші» тарауы

Сұрақ: Бекітілген жоспар тармағына өзгерістерді қалай енгізуге болады?

Жауап: Бекітілген жоспар тармағына өзгерістер енгізу үшін осы жоспар тармағын кері шақыру және «Қарындаш» белгісі түрінде берілген редакциялау функциясын пайдалану қажет.

Сұрақ: Жоспар тармағын бекітуге талпыныс кезінде «қате» бағанында «қызыл шеңбер» түрінде белгі көрсетіледі. Жоспар тармағы бекітілмейді. Не істеу керек?

Жауап: Бұл белгі жоспар тармағында қате бар екенін растайды. Оны жою үшін жоспар тармағын редакциялау функциясын қолдану керек. Қате сәтті жойылған соң бекіту процедурасын қайталау қажет.

Сұрақ: Тапсырыстың күшін жоюды қалай жасауға болады? Тапсырыстың күшін жойған соң, жоспар тармағын қалай редакциялауға болады?

Жауап: Тапсырыстың күшін жою үшін «Жылдық жоспар» мәзіріндегі «Тапсырыстың күшін жою» тарауын пайдалану қажет. «Тапсырыстың күшін жою» қыстырмасында тапсырыстың күшін жою үшін «Тапсырыстың күшін жою» түймешесін пайдалану қажет. Нәтижесінде тапсырыс мәртебесі «Жойылған» болып өзгереді. Жойылған тапсырысты редакциялау үшін «Жылдық жоспар» мәзіріндегі тапсырысты шақырып алуды пайдалану керек. Мемлекеттік сатып алу жоспарының жойылған тармағын шақырып алған соң, жолдар мәртебесі бекітілген дегеннен «Жасалған»-ға өзгертіледі. «Жасалған» мәртебесі бар тапсырыс редакциялауға жатады.

Сұрақ: "Конкурс және аукцион" модулінде "Электрондық" немесе "Қағаз" шартты жасасу түрін қалай таңдау керек?

Жауап:

  • "Конкурс және аукцион" модулінде шартты құрғаннан кейін "Тапсырыс беруші – Шарттар тізілімі – "Шарттар" қойындысына" өту керек – шарттың реттік нөмірінің сілтемесіне басу керек (20 мәнді нөмір).
  • Шарттың нөміріне басқаннан кейін, шарттың карточкасы ашылады, бұл ретте барлық алап толтыруға белсенді болмайды. Шарттағы алаптарды толтыру үшін "Өзгеріс енгізу" батырмасына басу керек (оң жақтағы жоғарғы бөлігі) .
  • Осы батырманы басқан кезде алаптар толтыруға дайын болады. * жұлдызшамен белгіленген алаптарды толтыру керек (толтыруға міндетті)
  • Барлық міндетті алаптарды толтырғаннан кейін оң жақтағы жоғарғы бұрышта "Сақтау" батырмасын басу керек.
  • Әрі қарай электрондық шарттың жобасын қалыптастыру керек, электрондық шарттың жобасы ашылады.
  • Аталмыш терезе 2 қойындыдан тұрады:

- "Шарт" (Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобасын қамтиды)

- "Келісу".

  • "Шарт" қойындысында жоғарыдағы "Осы шартқа қол қою күтіледі" алабында "Электрондық" немесе "Қағаз" деп таңдау керек.

Шартқа қол қою тәсілін таңдағаннан кейін, ақпаратты көрсетуге белсенді барлық алаптарды дұрыс толтыру қажет. Әрбір алапты толтыру кезінде "Толтыру" батырмасын кезекпен басып отыру керек, бұл ретте шарттың жобасының мәтіні Тапсырыс беруші енгізген деректерге сәйкес өзгеріп отырады.

Сұрақ: "Конкурс және аукцион" модулінде ерекшеліктерді және ерекшеліктер бойынша сомаларды қалай қосу керек?

Жауап: Ерекшелік бойынша соманы қосу үшін шарттың карточкасында (Тапсырыс беруші – Шарттар тізілімі – шарттар қойындысы – шарттың 20 мәнді нөмірін басу) "Ерекшеліктер" қойындысына өту керек, шарттың нысанын таңдау керек (яғни қажетті лотты) және редакциялау үшін "Қарындаш" пиктограммасына басу керек. Ерекшеліктерді редакциялау нысанында алаптарды толтыру және "Сақтау" дегенге басу керек.

МАҢЫЗДЫ! Ерекшеліктер өнім берушіге сауал жолдағанға ДЕЙІН редакцияланады (электрондық жасасқан кезде) және шартты *pdf форматында қалыптастырғанға ДЕЙІН (қағаз жүзінде бекіткен жағдайда) редакцияланады. Сомаларды толтыру кезінде мыналар тексеріледі:

1. Барлық ерекшеліктер бойынша сомалардың мәнінің сомасы лот (шарттың нысаны) бойынша ҚОРЫТЫНДЫ сомаға тең болуы тиіс. Ерекшеліктерді және ерекшеліктер бойынша сомаларды қосқаннан кейін қорытынды жолда "БАРЛЫҒЫ" бағанында ҚОРЫТЫНДЫ сомаға тең сома болуы тиіс.

2. Қаржылық сомадан асатын сатып алулар үшін шарттағы бірінші жылдың сомасы шарттың нысаны бойынша бекітілген жоспардың тармағындағы бірінші қаржылық жылға бекітілген сомадан аспауы тиіс.

Ерекшеліктер бойынша сома қате толтырылған кезде жүйе қате туралы ескертуді көрсетеді және шартты қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Жаңа ерекшелікті қосу және ерекшелік бойынша соманы толтыру үшін "Ерекшелікті қосу" дегенге басу керек және қосылған жолда "Лупа" пиктограммасына басу керек.

Ерекшеліктерді іздеу нысанында іздеу алабына ерекшеліктің кодын немесе атауын енгізу және "Өту" батырмасына басу керек. Іздеудің нәтижелері бойынша ерекшелікті таңдау керек және енгізілген жолда ерекшелік бойынша соманың мәнін енгізу және сақтау керек. Ерекшеліктер бойынша сақталған сомалар электрондық шарттың мәтінінде бейнеленеді.

«Өнім беруші» тарауы

Сұрақ: Өнім берушіні қарап шығу кезінде тапсырыс берушіде «белсенді» деп, ал жақшаның ішінде «құрсауланған» деп тұрса, ол нені білдіреді? Осының салдарынан өнім берушілер өздерінің ұсыныстарын бермеуі мүмкін бе?

Жауап: Бұл мәртебе сатып алудың жарияланғанын және өнім берушілерден тапсырыстар қабылдау жүріп жатқанын білдіреді.

Сұрақ: Кері шақырылған тапсырысты қалай редакциялауға және қалай қайтадан беруге болады?

Жауап: Кері шақырылған тапсырыс редакциялауға жатпайды. Жаңа тапсырысты беру үшін хабарландыруды қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінен «Котировка жасау» әрекетін таңдау қажет.

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модуліне қатысуға тапсырысты қайтару себебін қай жерде қарап шығуға болады?

Жауап: Тапсырысты кері қайтару себептері өткізу хаттамасында көрсетіледі.

Сұрақ: Конкурсқа қатысуға берілген тапсырысты қандай мәзірде қарап шығу мүмкін болады?

Жауап: Барлық берілген тапсырыстар өнім берушінің жұмыс орнында, «Сатып алу» тарауының «Сіздің белсенді жауаптарыңыз және жауаптар жобалары» тараушасында көрсетіледі. Берілген тапсырысқа «Белсенді» мәртебесі беріледі.

Сұрақ: Егер өнім беруші конкурстық тапсырыс беріп, әлуетті өнім берушіге қойылатын талаптарды растайтын тиісті құжаттарды ұсынбаған болса, мұндай жағдайда портал жүйесінде қарастырылған шектеулер бар ма?

Жауап: Конкурстық тапсырысты жолдау кезінде міндетті құжаттар тіркелмеген болса, жүйе міндетті құжаттарды тіркеу қажеттігі туралы ескерту шығарады.

Сұрақ: Өтінімге электрондық лицензияларды қалай сұрауға және қосуға болады?

Жауап: Сатып алуға қатысуға арналған электрондық лицензияны қосу үшін Өнім беруші оған «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының «Өнім берушінің сатып алулары - Лицензиялар» мәзірінде сұрау салуы қажет. «Өнім берушінің сатып алулары - Лицензиялар» мәзірінде лицензияларға сұрау салу нысанында лицензияларға сұрау салудың мынадай параметрлерінің бірін таңдау қажет: БСН, ЖСН, РҚБСН (рұқсат беру құжатының/лицензияның бірегей сәйкестендіру нөмірі), лицензияның нөмірі. Лицензияға сұрау салу параметрін таңдағаннан кейін оны мәнін енгізу және «Сұрау салуды жіберу» батырмасын басу қажет. Лицензияға сұрау салу жіберілгеннен кейін жіберілген сұрау салу туралы деректер бар жазба «Белсенді сұрау салулар» кестесінде «Өңдеу» мәртебесімен бейнеленеді. Қатысуға арналған өтінімге толтыру үшін «Жарамды» мәртебесі бар лицензиялар (басқа мәртебелері бар лицензиялар қатысуға арналған өтінімге қосу үшін қол жетімді болмайды), сондай-ақ жаңарту күнінен бастап кемінде 24 сағат өткен лицензиялар қол жетімді. Лицензия туралы деректерді алғаннан/қосқаннан кейін алынған лицензияны қатысуға арналған өтінімге қосу үшін құрылған қатысуға арналған өтінім жобасында (баға белгіленімде) «Тақырып» қойындысында «Лицензии/Лицензиялар» бөлімінде жаңарту пиктограммасын басу қажет. «Лицензии/Лицензиялар» бөлімінің жаңарту нысанында файлдарды қолмен қоса тіркеу де, электрондық лицензияны қосу да қол жетімді.

Сұрақ: Өтінімге электрондық рұқсаттарды қалай сұрауға және қосуға болады?

Жауап: Сатып алуға қатысуға арналған электрондық рұқсатты қосу үшін Өнім беруші оған «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының «Өнім берушінің сатып алулары – Рұқсат беру құжаттары» мәзірінде сұрау салуы қажет. «Өнім берушінің сатып алулары – Рұқсат беру құжаттары» мәзірінде рұқсаттарға сұрау салу нысанында рұқсаттарға сұрау салудың мынадай параметрлерінің бірін таңдау қажет: БСН, ЖСН, ӘҚНЖК – рұқсаттың бірегей нөмірі және Құжат күні. Рұқсатқа сұрау салу параметрін таңдағаннан кейін оны мәнін енгізу және «Сұрау салуды жіберу» батырмасын басу қажет. Рұқсатқа сұрау салу жіберілгеннен кейін жіберілген сұрау салу туралы деректер бар жазба «Белсенді сұрау салулар» кестесінде «Өңдеу» мәртебесімен бейнеленеді. Қатысуға арналған өтінімге толтыру үшін «Жарамды»/«Ұзартылды» мәртебесі бар рұқсаттар (басқа мәртебелері бар рұқсаттар қатысуға арналған өтінімге қосу үшін қол жетімді болмайды), сондай-ақ жаңарту күнінен бастап кемінде 24 сағат өткен рұқсаттар қол жетімді. Рұқсат туралы деректерді алғаннан/қосқаннан кейін алынған рұқсатты қатысуға арналған өтінімге қосу үшін құрылған қатысуға арналған өтінім жобасында (баға белгіленімінде) «Тақырып» қойындысында «Разрешения/Рұқсат беру деректемелері» бөлімінде жаңарту пиктограммасын басу қажет. «Разрешения/Рұқсат беру деректемелері» бөлімінің жаңарту нысанында файлдарды қолмен қоса тіркеу де, электрондық лицензияны қосу да қол жетімді.

Сұрақ: Электрондық лицензиялар және рұқсаттар қандай уақыт ішінде қалыптастырылады?

Жауап: Лицензияларға және рұқсаттарға сұрау салуларды өңдеу 10-15 минутты алуы мүмкін. Сұрау салу мәртебесін жаңарту үшін «Белсенді сұрау салулар» кестесінде «Жаңарту» батырмасын басу қажет. Сұрау салу өңделгеннен кейін сұрау салу деректері бар жазба «Белсенді сұрау салулар» кестесінен жоғалады. Сұрау салу нәтижелерін қарау үшін «Жаңарту» батырмасын басу арқылы алынған лицензиялар туралы деректерді бейнелеу кестесін жаңарту қажет.

Сұрақ: 2-қосымшада (Техникалық ерекшелік) баға белгіленімін қалыптастыру кезінде файлды қосу батырмасы болмағандықтан құжатты қоса тіркеу мүмкіндігі неге жоқ?

Жауап: Ең басында баға белгіленімін құру нысанында Өнім беруші «Лоттар» қойындысына өткені, өнім беруші қатысатын лоттарды белгілегені және «Лоттар тізбесін қалыптастыру» сілтемесін басқаны жөн. Ашылған нысанда «Иә» батырмасын басу арқылы лоттар тізбесін қалыптастыруды растау қажет. Лоттар тізбесін қалыптастыру расталған кезде Қатысу алабы редакциялау үшін жабық болады. Қалыптастырылған Лоттар тізбесі құжаты PDF және XML форматтарында автоматты түрде өтінімнің Тақырыбына, Қоса тіркелген құжаттар бөліміне қоса тіркелетін болады.

Сұрақ: «Тауар», «Жұмыс» және «Көрсетілетін қызмет» сатып алу нысанасы бар техникалық ерекшелік қалай қалыптастырылады?

Жауап: «Тауар» нысанасы бар сатып алуда мемлекеттік сатып алу веб-порталында әрбір лот бойынша нысанды толтыру қажет. «Жұмыс» және «Көрсетілетін қызмет» нысанасы бар сатып алуда файлдарды әрбір лот бойынша қоса тіркеу қажет. Сатып алу нысанасы «Тауар» болған жағдайда техникалық ерекшеліктің атрибуттарын толтыру нысаны ашылады. Атрибуттарды толтырғаннан кейін «Техникалық ерекшелікті қалыптастыру» батырмасын басу және қалыптастырылған PDF-файлға қол қою қажет. Сатып алу нысанасы «Жұмыс» және «Көрсетілетін қызмет» болған жағдайда файлдарды лотқа қоса тіркеу нысаны бейнеленеді. Ашылған нысанда «Қосу» батырмасының көмегімен техникалық ерекшелік файлын қоса тіркеу қажет.

Сұрақ: Неге алдын ала рұқсат беру хаттамасын қалыптастырғаннан кейін «Қол жеткізуге тыйым салынады» қатесі шығады?

Жауап: Өнім беруші біліктілік талаптарына және/немесе Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеу себебі бойынша конкурсқа жіберілмеген жағдайда бас бетте «Хабарламалар» бөлімінде алдын ала рұқсат беру хаттамасын жариялау және қайта өтінім беру мүмкіндігі туралы хабар пайда болады. Бұл қателік өнім беруші жіберілген және өтінімді қайта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда шығады.

Сұрақ: Конкурстық баға ұсынысын беру кезінде озық техникалық ерекшелікті қалай қарауға және таңдауға болады?

Жауап: Сатып алу нысанасының түрі «Тауар» немесе «Көрсетілетін қызмет» болып табылған жағдайда «Озық тех.ерекшелікті таңдау» алабында озық техникалық ерекшелікті таңдау функционалы қол жетімді болады, соның негізінде өнім берушінің бағасы ұсынылады. Тех.ерекшелікті таңдау үшін «Таңдау қажет» алабындағы сілтемені басу қажет. Озық техникалық ерекшелікті қарау үшін «№X __лот__№Y__Озық_тех_ерекшелік_» атауын басу қажет, жүйе өнім берушілердің озық техникалық ерекшеліктері бар тиісті файлды (файлдар тобын) бейнелейді. Файлды қарағаннан кейін техникалық ерекшеліктің атауы алабындағы тізімнен соның негізінде өнім берушінің бағасы ұсынылатын озық техникалық ерекшеліктің бір ғана кодтық атауын таңдау қажет. Лот бойынша бір де бір озық техникалық ерекшелік болмаған жағдайда (барлық өнім берушілер бойынша «озық техникалық ерекшелік болып табылмайды» мәні қойылған) атау алабында ұйғарым бойынша «Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі» мәні бейнеленетін болады.

Сұрақ: Конкурстық баға ұсынысын беру кезіндегі "Жумыс" сатып алу нысанасының түріндегі демпингті есептеу.

Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының (бұдан әрі - Қағида) 134-тармағына сәйкес: - егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сараптамадан немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталының «Конкурс және аукцион» модуліндегі www.oebs.gov.kz жұмыстардың демпингтік бағасы келесі формула бойынша есептелетінін хабарлаймыз:

А4.PNG

«ТЭН бағасы немесе ЖСҚ» деген мәнді сатып алуды ұйымдастырушы жариялау сатысында көрсететінін және оның тапсырыс беруші жоспардың тармағында көрсеткен жоспарлы сомадан ерекшеленуі мүмкін екенін атап өтеміз. «ТЭН бағасы немесе ЖСҚ» мәнін қарап шығу үшін жарияланған сатып алуды қарау нысанында «Лоттар» қойындысына өту керек, әрі қарай лоттың атауына басу керек және бейнеленген терезеден «ТЭН бағасы немесе ЖСҚ» жолындағы ақпаратты қарау керек.

Конкурстық баға ұсынысы демпингтік деп танылатын есептің мысалы.

Конкурстық баға ұсынысы 9 998 400,7 тең.

ТЭН бағасы немесе ЖСҚ – 10524632,35

А2.PNG

Алынған 5,000000308799385 мәні 5-тен артық, сәйкесінше бұл конкурстық баға ұсынысын жүйе Қағиданың 134-т. негізінде автоматты түрде кері қайтарады, өйткені ол демпингтік болып танылады.

Конкурстық баға ұсынысы демпингтік болып танылмайтын есептің мысалы.

Конкурстық баға ұсынысы 9 998 400,74 тең.

ТЭН бағасы немесе ЖСҚ – 10524632,35

А3.PNG

Алынған 4,999999928738603 мәні 5-тен төмен, сәйкесінше бұл конкурстық баға ұсынысы демпингтік болып танылмайды және жүйе оны кері қайтармайды.

Сұрақ: Файлдарды қоса тіркеу/оларға қол қою жөніндегі әрекеттерді орындаған кезде «Сертификатта «Үздіксіздік» белгісі жоқ» деген ескерту бейнеленеді немесе «Осы субъект түрі үшін кілт қате» деген ескерту бейнеленеді.

Жауап: Егер қол қою кезінде GOST_KZ кілтін таңдау қажет болғанына қарамастан AUTH_RSA кілті пайдаланылған жағдайда, осы ескерту бейнеленеді. Қол қою кезінде бейінде заңды тұлғалар үшін GOST сертификатын таңдау керек. Кілттер ЖК (жеке кәсіпкер) үшін алынған жағдайда, AUTH_RSA емес RSA кілтін таңдау қажет.

Сұрақ: Файлдарды қоса тіркеу/оларға қол қою жөніндегі әрекеттерді орындаған кезде «Аутентификацилау сертификаттарындағы ЖСН және ЭЦҚ сәйкес келмейді» деген ескерту бейнеленеді.

Жауап: Java бағдарламасында Порталға кіру соның сертикатымен жүзеге асырылатын қызметкердің AUTH_RSA сертификаты болмаған жағдайда осы ескерту бейнеленеді.

Сұрақ: Өнім беруші өтінімді қайта ұсынған кезде (өтінімді қайта ұсыну өнім беруші қабылданбаған жағдайда Алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланғанға дейін жүргізіледі) «Сақтауға болатын өзгерістер жоқ» деген қате бейнеленеді.

Жауап: Осы ескерту өнім берушіге берілетін жауап жобасында «Ұйымдастырушыға ескертулер» алабы толтырылмаған жағдайда бейнеленеді. Осы алапты толтыру (Мысалы: қосымша құжаттар) және өтінімді қайта ұсыну әрекетін қайталау қажет.

Персональные инструменты
Пространства имён

Варианты
Действия
Бағыттау
Тіл
Құралдар