Конкурсқа тапсырыс беру

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
Перейти к: навигация, поиск

Мазмұны

Конкурсқа тапсырыс беру

Сатып алуды іздеу

Конкурстық тапсырыс беру үшін қажетті сатып алуды тауып алу керек. Ол үшін жеткізуші басты парақтан Жеткізуші сатып алуы өкілдігін таңдап алады да Сатып алу бөлімінен Сатып алудың үй парағы атты сілтемеге басады

Postavshik-kaz1.PNG

Экранда Сатып алу парағы пайда болады.

Postavshik-kaz2.PNG

осы парақта мынадай бөлімдер болады:

Бөлімі Мағынасы
Ашық сатып алуды іздеу Жарияланған хабарландыруларды іздеу үшін арналған бөлім
Сіздің белсенді жауаптарыңыз бен жауап жобаларыңыз Бұл бөлімде жеткізушілердің сақталған және жіберілген тапсырыстары бар. Тапсырыс статусы:
  • Белсенді – тапсырыс ұйымдастырушыға жіберілді;
  • Жоба – тапсырыс құрылған және оны түзетуге болады.
Компанияның ашық шақырулары Егер де жеткізуші конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген болса онда бұл бөлімде конкурстық баға ұсынысын беруге шақырулар болады.
Басқарма. Жауаптарды қарау Бұл бөлім жауаптар жобасын басқару үшін қызмет етеді: жобаны жою, компанияның барлық жауаптарын қарау.

Осы мағыналарды таңдау жолымен Ашық сатып алуды іздеу өрісінен қажетті хабарландыруды іздеуге болады.

Postavshik-kaz3.PNG

Ауқымды деңгейде іздеу үшін  % белгісін пайдалануға болады.

Ауқымды деңгейде іздеу мысалы:

Техн% - Техн% сөзінен басталатын хабарландырудың барлығы табылады, мысалы: Техника, Техникалық.

%техн% - %техн% сөзінен тұратын барлық хабарландырулар табылады.

Ашық сауданың барлық тізімдерін бейнелеу үшін көздерді таңдау үлгісінен Толық тізім басқышына басу керек.

Postavshik-kaz4.PNG

Хабарландыруларды қарау

Қажетті хабарландыруды тапқаннан кейін ол туралы ақпаратты қарау мүмкіндігі туады, ол үшін Номер өрісіндегі сілтемеге басу керек.

Postavshik-kaz5.PNG

Экранда конкурс туралы хабарландыруды қараудың үлгісі пайда болады. Тарау ұяшығында шартты жеңілдіктер есебінің белгілері туралы ақпараттар бейнеленеді. Шартты жеңілдіктер белгісін қарау үшін Мәлімдемелер атты бөлімдегі Бейнелеу сілтемесіне басу керек. Сонымен қатар Бекітілген құжатнама бөлімінде бекітілген конкурстық құжатнама мен конкурстық құжатнамаға №1 Қосымша бар.

Postavshik-kaz6.PNG

Конкурстық құжатнама мен конкурстық құжатнамаға №1 Қосымшаны алу үшін Файл атауы өрісіндегі құжаттарға сілтемені басу керек.

Жолдар ұяшығында лот туралы ақпараттар бейнеленеді.

Postavshik-kaz7.PNG

Лот туралы ауқымды ақпараттарды қарау үшін Жолдар өрісіндегі сілтемеге басу керек.

Параметрлер атты ұяшықта конкурстық тапсырыстарды қабылдаудың бастапқы және ақырғы мерзімінің уақыты туралы ақпараттар бейнеленеді.

Postavshik-kaz8.PNG

Конкурстық құжатнама шарттары атты ұяшықта конкурс үшін қажетті құжаттар тізімі бейнеленеді.

Postavshik-kaz9.PNG

Құжаттар нобайын қарау үшін, Құжаттар өрісіндегі сілтемеге басу керек. Экранда құжат туралы мәліметтерді қараудың үлгісі ашылады. Категория өрісінде құжаттың белгілі бір категорияға жататындығы көрсетіледі. Міндетті өрісінде ұсынылатын құжаттың міндеттілігі көрсетіледі. Нобайды алу үшін Бекітілген құжаттар атты бөлімдегі Файл атауы өрісінен сілтемеге басу керек.

Postavshik-kaz10.PNG

Форумды қолдану

Конкурстық құжатнама жағдайларын нақтылау үшін Форум қызметін пайдалану керек. Ол үшін хабарландыруды қарау үлгісінен Форум әрекетін таңдап алу керек және Өту басқышына басу керек.

Postavshik-kaz11.PNG

Экранда форум мәлімдемелерін қарау үлгісі бейнеленеді.

Postavshik-kaz12.PNG

Тақырыпты құру үшін Жаңа мәлімдеме басқышына басу керек. Экранда Тақырып өрісін толтыруды қажет ететін мәлімдемені құрудың үлгісі ашылады, КҚ Сұрағы өрісіне белгі қойып Жіберу басқышына басу керек.

Postavshik-kaz13.PNG

Осының нәтижесінде форум мәлімдемелерін қарау үлгісінде жаңа тақырып пайда болады. Жіберуші өрісінде заңнамаға сәйкес Анонимді(жасырын) мағынасы тұрады.

Postavshik-kaz14.PNG

Осы мәлімдеме бойынша жауап алу жағдайында Хабарлама бөлімінің басты парағында жаңа мәлімдеме пайда болады.

Postavshik-kaz15.PNG

Мәлімдемені ашу үшін Тақырып өрісіндегі сілтемеге басу керек. Экранда хабарламаларды қарау үлгісі пайда болады. Мәлімдемеге берілген жауапты қарау үшін Мәлімдеме сілтемесіне басу керек.

Экранда мәлімдемені қарау үлгісі пайда болады.

Postavshik-kaz16.PNG

Сонымен қатар форум үлгісінде жауап бейнеленеді

Конкурсқа тапсырыс беру

Тапсырыс беру үшін Әрекеттер тізімінде хабарландыруды қарау үлгісінде Котировканы құру мазмұнын таңдап алу керек және Өту басқышына басу керек.

Postavshik-kaz17.PNG

Экранда конкурсқа қатысуға келісім мәтіні пайда болады. Конкурстың шарттарымен келісу үшін және оны мақұлдау үшін Қабылдау басқышына басу керек.

Postavshik-kaz45.PNG

Экранда конкурқа тапсырыс берудің үлгісі пайда болады. Тарау үлгісінен шартты жеңілдікті есептеу үшін қажетті Талаптар атты бөлімдегі өрістерді мазмұндармен толтыру керек. Бұл өріске енгізілетін мәліметтер бекітуші құжаттармен мақұлдануы керек.

Postavshik-kaz19.PNG

Тапсырыс беруге ұмтылыс кезінде шартты жеңілдікті есептеу үшін белгілі бір критерийлер ішінен мазмұндар қойылмаған жүйе ескерту беретін болады.

Postavshik-kaz20.PNG

Кейін Құжаттар атты бөлімде ұсынуға барлық міндетті құжаттарды бекіту керек.

Postavshik-kaz21.PNG

Ол үшін қажетті құжаттың Жаңарту өрісінен иконкаға басу керек. Экранда құжатты бекітудің үлгісі пайда болады. Онда Бекітілген файлдар тізімі атты бөлімде сканерден өткізілген және құжаттың қол қойылған көшірмесін бекіту керек. Ол үшін Файлды қосу басқышына басу керек.

Postavshik-kaz22.PNG

Экранда файлдарды бекітудің үлгісі пайда болады. Профиль басқышына басу кезінде ЭЦҚ мен профильді таңдап алу қажет. Файл басқышына басу арқылы қатты дискідегі файлға жолды көрсету керек. Қол қою басқышына басу арқылы көрсетілген профильдегі ЭЦҚ бекітілетін файлға қол қою керек. Жіберу басқышына басу арқылы қол қойылған ЭЦҚ файлын серверге қосу қажет.

Postavshik-kaz23.PNG

Файлды жібергеннен кейін Статус өрісіндегі мазмұнды Жіберілдіге өзгерту керек және Дайын басқышына басу керек.

Postavshik-kaz24.PNG

Осының нәтижесінде қажетті құжаттар тізімінде Статус өрісіндегі мазмұн Жіберілдіге өзгереді.

Postavshik-kaz25.PNG

Тапсырыс беру үшін мазмұндардың барлық құжаттарын белгі тұрған Міндетті өріске бекітуіміз керек.

Тапсырыс беру кезінде міндетті файлдармен жолдардағы Статус өрісіндегі мазмұндар Жіберілді-ден ерекшеленетін болса, онда жүйе ескерту береді.

Postavshik-kaz26.PNG

Жолдар ұяшығында белгі қою арқылы Котировка бағасы\Қатысу өрісінде қандай лотқа тапсырыс берудің жүзеге асырылатындығын көрсету керек

Postavshik-kaz27.PNG

Конкурстық тапсырыс үлгісіне қол қою үшін Тарау ұяшығына КҚ 3 Қосымшаны Қатысуға тапсырыс атты сілтемеге басып нобайды алуға болады.

Postavshik-kaz28.PNG

Әрі қарай жоғарыда айтылғандай файлды бекіту мен қол қою механизмдерінің көмегімен (Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс) 3 Қосымшаға Құжаттар атты бөлімдегі осы құжатқа бекіту керек.

Жоба ретінде тапсырысты сақтау үшін Жобаны сақтау басқышына басу керек. Тапсырысты беру үшін Жалғастыру басқышына басу керек және одан кейін Жіберу басқышына басу керек.

Postavshik-kaz29.PNG

Тапсырыс беру сәтті аяқталғаннан кейін жүйе мақұлдауды бейнелейді.

Postavshik34.PNG

Назар салыңыз! Сіздің белсенді жауаптарыңыз бен жауап жобалары атты бөлімде берілген тапсырысқа Белсенді статусы тағылады.

Жоба статусымен тапсырыс берілмеген болып есептеледі де оны өзгертуге болмайды.

Онлайн сауалды қалыптастыру және «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді» қоса тіркеу

Онлайн сауалды қалыптастыру және бұдан әрі «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді» қоса тіркеу үшін «Өнім берушінің сатып алулары»- «Берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер» бөліміне өту қажет .

ЦУЛС1.png


Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы қажетті мәліметтерді табу үшін ашылған «Берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер» нысанында «Сауал нөмірі» және «Мәртебесі» бойынша іздеу қол жетімді болады. Егер берешегінің жоқ екендігі туралы барлық мәліметтерді қарау қажет болса, жүйеде «Өту» батырмасын басу қажет.


ЦУЛС2.png


Жүйе салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы бұрын алынған барлық мәліметтерді бейнелейді.

Егер салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға бұрын сауалдар жіберілмеген болса, «Онлайн сауал жіберу» батырмасын басу қажет. .

ЦУЛС3.png


Ашылған нысанда «Иә» батырмасын басу арқылы берешегі туралы сауалдың жіберілгендігін растау қажет


ЦУЛС13.png


«Жоқ» батырмасы басылған жағдайда Жүйе Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер бөлімін қараудың бастапқы бетіне қайта бағыттайды.


Назар аударыңыз! Онлайн сауал 5 – 10 минут ішінде өңделеді, осыдан кейін жүйе «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер»-ді бейнелейді.


Алынған ақпаратты «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» нысанында қарау үшін мәлімет атауының белсенді сілтемесін басу қажет.


ЦУЛС5.png

Егер мәліметтер сәтті алынған болса, онда «Мәртебесі» алабында «Аяқталды» деген мән бейнеленеді, болмаған жағдайда – «Қате» деген мән бейнеленетін болады.

Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді басып шығару үшін мәлімет атауының белсенді сілтемесін басқаннан кейін мәліметті қарау нысанында «Басып шығару» пиктограммасын басу қажет.

ЦУЛС6.png


Назар аударыңыз! Мәліметтер «Аяқталды» мәртебесімен сәтті алынған жағдайда жүйе бір тәулік ішінде БСАЖ-ға қайта сауал жіберуге мүмкіндік бермейді, «Қате» мәртебесі бейнеленген жағдайда ғана салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға қайта сауал жіберу мүмкіндігі болады..

«Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу», «Электрондық сатып алу арқылы конкурс» және «Аукцион» тәсілімен сатып алуға қатысуға арналған баға белгілеу жобасын құру кезінде сәтті алынған салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» деген тармақта «Құжаттар» деген бөлімде қоса тіркеуге болады.

ЦУЛС15.png


«Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» санаты бөліміне:

- «Файлды қосу» батырмасының көмегімен салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер бар сканирленген құжатты қоса тіркеуге;

- «Онлайн сауал жіберу» батырмасының көмегімен жаңа мәліметтер алуға;

- бұрын алынған сауал нөмірін табуға болады.


Бұрын алынған Мәліметтерді іздеу үшін «Сауал нөмірі» алабында лупа пиктограммасын басу қажет


ЦУЛС14.png


Мәліметтер тізімі бар нысанда Құжаттамаға қосу үшін керек болатын Мәліметті таңдау және «Таңдау» батырмасын басу қажет.


ЦУЛС9.png


Осыдан кейін таңдалған Мәлімет Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер бөлімінде бейнеленеді.


ЦУЛС10.png

Жауапты жіберу кезінде жүйе Мәліметтің қолданылу мерзімін (90 күнтізбелік күн) тексереді. Егер Мәліметтің қолданылу мерзімі аяқталмаған болса, онда жауап сәтті жіберілетін болады. Егер Мәліметтің қолданылу мерзімі 90 күннен асып кеткен болса, онда жүйе оны сатып алуға қатысуға арналған жауапқа қоса тіркеуге мүмкіндік бермейді.

ЦУЛС11.png

CT-KZ қазақстандық қамту сертификатын қосу

Өнім берушінің өтініміне CT-KZ қазақстандық қамту сертификатын қоса беру үшін «Материалдар» тарауында «Сертификат CT-KZ» позициясын табу және «Жаңарту» нышанын басу қажет.

POST1112.JPG

CT_KZ сертификатын қоса беруге арналған терезе көрсетіледі, сертификатты өтінімге қоса беру үшін «Қосу» түймешесін басу қажет.

POST1114.JPG

Суретте көрсетілген нышанды басқан кезде іздеуге арналған нысан беріледі. «CT-KZ» сертификатын мына параметрлердің көмегімен іздеуге болады: Сериясы, Нөмері, Өндірушісі, Өндірушінің БСН, Өндірушінің СТН, Сипаттамасы, ЭҚТӨЖ. Сертификатты тапқаннан кейін «Экспресс таңдау» нышанын басу қажет.

POST1115.JPG

Қоса берілген сертификаттың нөмері көрсетіледі және оны қоса беру үшін «Оперциялар» ұяшығындағы «Сақтау» нышанына басу қажет.

POST1116.JPG

Сертификатты қарау үшін «Сертификат CT-KZ» электрондық нысаны» сілтемесіне басу қажет. Сертификат pdf пішімінде көрсетіледі.

Сертификатты жою қажет болса, «Операциялар» ұяшығында жою нышанын басу қажет.

POST1117.JPG

Конкурстық тапсырыс пікірі

Берілген конкурстық тапсырысқа пікір білдіру қажет болған жағдайда Сіздің белсенді жауаптарыңыз бен жауап жобалары атты бөлімдегі көздерді таңдау үлгісінен қажетті тапсырысты таңдап алып Жауап номері өрісіндегі сілтемеге басу керек.

Postavshik-kaz30.PNG

Тапсырысты қараудың ашылған үлгісінен Котировканы құру әрекетін таңдап алу керек және Өту басқышына басу керек. Тапсырысты құру үлгісінде Жолдар ұяшығына өту керек және шақыруды қажет ететін жолдардан Шақыру өрісіне белгі қою керек.

Postavshik-kaz31.PNG

Әрі қарай Шақыру, Жалғастыру, Жіберу басқыштарына басу керек.

Postavshik-kaz32.PNG

Котировка тарихын қарау үшін сауданы қарау үлгісінен Әрекеттер өрісінен Котировка тарихын қарау әрекетін таңдау керек және Өту басқышына басу керек.

Postavshik-kaz33.PNG

Ашылған үлгіден осы хабарландыру арқылы құрылған барлық котировкалар бейнеленеді. Ең ақырғы котировка әрқашан белсенді болады, ал қалғандары Мұрағат статусына өтеді.

Postavshik-kaz34.PNG

Котировканы қарау үшін Котировка өрісіндегі сілтемеге басу керек.

Конкурс шарттарын өзгерту

Егер де тапсырыс бергеннен кейін конкурстың шарттарына өзгерістер енгізілген болса, онда хабарламалар саласында түзетулерді мақұлдаудың қажеттігі туралы мәлімдеме пайда болады.

Postavshik-kaz35.PNG

Сонымен қатар Сіздің белсенді жауаптарыңыз бен жауап жобалары үлгіде тапсырысты қайтадан беру қажеттігі туралы ақпарат бейнеленеді.

Postavshik-kaz36.PNG

Жауап номері өрісіндегі Postavshik-kaz46.PNG иконкасына басу кезінде жүйе түзетуді мақұлдау ұсынысы пайда болады.Иә басқышына басу кезінде түзетулерді қарау үлгісі пайда болады.

Түзетулерді мақұлдау басқышына басу кезінде жүйе егер де өзгертулер қабылданатын болса белгі қою керек болатын үлгіні бейнелейді және Мақұлдау басқышына басу керек. Немесе бас тарту кезінде Қабылдамау басқышына басу керек.Мақұлдау басқышына басқаннан кейін жүйе қайтадан тапсырыс беруді ұсынады. Ол үшін Иә басқышына басу керек.

Жүйе ақырғы белсенді тапсырысты ашады. Қажет болған жағдайда өзгерістер енгізуге болады және Жалғастыру мен Жіберу басқыштарына басу керек.

Баға ұсынысын беру

Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға шақыру

Егер де жіберу нәтижелері бойынша жеткізіп беруші конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген болса, онда Хабарламалар бөліміндегі басты парақта онда тиісті мәлімдеме пайда болады.

Postavshik-kaz37.PNG

Мәлімдемеге өту үшін Тақырып өрісіндегі сілтемеге басу керек. Ашылған үлгіден екінші кезеңге қатысуға мақұлдау үшін Иә басқышына басу керек.

Сонымен қатар Компанияның ашық шақырулары атты бөлімдегі Көздерді таңдау үлгісінде баға ұсынысын беру қажеттігі туралы жазба пайда болады.

Postavshik-kaz38.PNG

Баға ұсынысын қалыптастыру

Баға ұсынысын беруге өту үшін осы хабарландыруда Сауда нөмері өрісіндегі сілтемеге басу керек.жүйе хабарландыруды қарау үлгісін бейнелейді. Әрекеттер тізімінен Котировканы құру әрекетін таңдау керек және Өту басқышына басу керек.

Postavshik-kaz39.PNG

Экранда баға ұсынысын құрудың үлгісі пайда болады. Жолдар ұяшығына өту керек және Жолдар бағасы өрісін толтыру керек. Жүйе автоматты түрде шартты жеңілдікті қолданады және Котировка бағасы/Қатысу өрісінен.

Postavshik-kaz40.PNG

Бағаны енгізгеннен кейін Тарау басқышына басу керек және көшіру керек КҚ алу – 10 Қосымша – Баға ұсынысы сілтемесіне басу арқылы баға ұсынысының толтырылған үлгісінің қатты дискісіне жіберу керек.

Postavshik-kaz41.PNG

Осыдан кейін оны ЭЦҚ жазу керек және тапсырысқа бекіту керек. Бекіту мен қол қою процедурасы Конкурстық тапсырыс беру атты бөлімде сипатталғанға ұқсас келеді.

Осының нәтижесінде тапсырыс үлгісі Бекітілген құжаттар атты бөлімнен көрініс береді. Оны қарау үшін Файл атауы өрісіндегі сілтемеге басу керек.

Postavshik-kaz42.PNG

Қалыптасқан тапсырысты жіберу үшін тапсырысты құру үлгісінен Жалғастыру басқышына басу керек және ашылған үлгіден мәліметтерді тексергеннен кейін Жіберу басқышына басу керек.

Postavshik-kaz43.PNG

Тапсырыс беру сәтті аяқталғаннан кейін жүйе мақұлдауды бейнелейді.

222l.PNG

Назар салыңыз! Сіздің белсенді жауаптарыңыз бен жауап жобаларыңыз атты бөлімде берілген баға ұсынысына Белсенді статусы тағылады.

Жоба статусымен баға ұсынысы берілген болып есептелмейді және оны өзгертуге болмайды.

Баға ұсынысын өзгерту бойынша операциялар Конкурстық тапсырысқа пікір атты бөлімде сипатталған тапсырысты өзгерту бойынша операцияларға ұқсас болады.

Персональные инструменты
Пространства имён

Варианты
Действия
Бағыттау
Тіл
Құралдар