Пилоттық режимдегі электрондық конкурс жүйесі бойынша пайдаланушылардың жиі қойылатын сұрақтары

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан

Перейти к: навигация, поиск

Содержание

«Тіркеу» тарауы

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модулінде тіркеуден қалай өту керек?

Жауап: «Электрондық конкурс» модулінде тіркеуден өту аутентификация құралдарын және электрондық сандық қолтаңбаны алғаннан және орнатқаннан кейін жүзеге асырылады.

Тіркеу екі кезеңде өтеді:

1) пайдаланушыны (қызметкерді) тіркеу;

2) қатысушыны (ұйымдар) тіркеу.

Пайдаланушыны тіркеу үшін мына мекенжай бойынша https://oebs.goszakup.gov.kz өту керек, сонда сертификатты таңдау терезесі ашылады, бұл жерде сертификатты таңдап, жүйеге енуді жүзеге асыру талап етіледі. Жүйеге ену жүзеге асырылған соң, тіркеу терезесі ашылады, ол жерде «СТН» алаңына пайдаланушының СТН-ін енгізіп, Салық комитетінен деректерді сұрату түймешесін басу қажет болады. Нақты деректер енгізілген жағдайда пайдаланушының тіркеу мәліметтері алаңы толтырылады. «Контактілі ақпарат» және «Пароль» алаңдарын қолмен толтыру қажет. Пайдаланушыны тіркеу бетінде барлық деректерді толтырғаннан кейін «Сақтау» түймешесіне басу қажет. Тіркеу деректері сақталғаннан кейін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына активацияға сілтеме жасалған хат жіберіледі. Сәтті жасалған активациядан кейін веб-порталды пайдалану туралы келісім сақталған бетке көшу автоматты түрде жүзеге асырылады. Келісімге қол қою электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Ұйымды (қатысушыны) тіркеу үшін порталға ену қажет. Мемлекеттік сатып алу веб-порталына енгеннен кейін «Қатысушы» қыстырмасына кіру қажет. Қатысушыны қосу пішінінде «СТН» алаңында ұйымның СТН-ін енгізіп, «Толтыру» түймешесін басу қажет. Сұрату өңделгеннен кейін деректері Салық комитетінде көрсетілген барлық алаңдар автоматты түрде толтырылады. Одан әрі ұйым туралы деректерді қолмен толтыру қажет. Ұйым туралы деректер сақталғаннан кейін қатысушы келісіміне қол қою бетіне автоматты түрде өту жүзеге асырылады. Қатысушы келісіміне қол қою электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модулінде электрондық пошта мекенжайын өзгерту мүмкін бе? Оны қалай жасауға болады?

Жауап: Электрондық пошта мекенжайын, сондай-ақ жұмыс және ұялы телефонды «Пайдаланушы профилі» тарауы арқылы редакциялауға болады.

Сұрақ: Келісімге қол қою кезінде осы профильде ГОСТ кілті болған жағдайда да «бұл профильде кілтін табу мүмкін болмады» деген қате шығады.

Жауап: Осындай қате пайда болған жағдайда Tumar CSP-да сертификаттардың қайталанбайтынына және олардың профильдердің біреуінде ғана орнатылғанына көз жеткізу қажет. Сертификаттар әртүрлі профильдерде орналасуға тиісті емес, ондайда конфликт туындайды. Сондай-ақ профильде өте көп сертификаттың болмауын тексеру қажет. Сертификаттардың қосарлануы немесе сертификаттарды әртүрлі профильдерге орнату жағдайында, орнатылған сертификаттарды жойып, оларды мынадай тәсілмен қайта орнатуды жүзеге асыру қажет: Іске қосу > Бағдарламалар > Gamma Tech > Tumar CSP v.4 > Tumar CSP Конфигуратор > ( профильді таңдаймыз, мысалы USER_NCA) > (төменгі қыстырмадағы кезкелген алаңға шақырамыз) Кілттер тізімі > (оң жақ түймеше) Кілттерді импорттау > (кілттерді орнатамыз, әуелі ГОСТ содан соң RSA).

Сұрақ: Өкілеттілікті тағайындау процедурасын түсіндіріңіз.

Жауап: Ұйымды тіркеуші пайдаланушы автоматты түрде жүйенің «Бас пайдаланушысы» болып тағайындалады. МС қатысушысының бас пайдаланушысы «Өкілеттіліктерді басқару» тарауында қатысушы тағайындаған роліне бағынышты қатысушының тіркелген пайдаланушыларының өкілеттілігін басқару мүмкіндігіне ие. «Пайдаланушы өкілеттілігін басқару» пішінінде «Қарап шығу» алаңында өкілеттілікті сол бойынша өзгерту қажет болатын пайдаланушы жолында пиктограмманы басу қажет. «Пайдаланушы өкілеттілігі туралы ақпарат» пішінінде «Лауазым» алаңын толтыру керек. Пайдаланушыға қосу қажет болатын өкілеттілік жолында «Белсенді жасау» алаңында пиктограмманы басу керек. Өкілеттіліктен алып тастау керек болатын өкілеттілік жолында «Белсенді жасау» алаңында пиктограмманы басу керек. Өзгерістерді сақтау үшін «Қолдану» түймешесін басу керек.

Сұрақ: «Конкурс тәсілімен сатып алу»-ға көшкен кезде порталдың басты бетінен «Осы веб-торабы қауіпсіздігі сертификатында қате» деп көрсетіледі.

Жауап: Электрондық конкурс бетіне өтуді жүзеге асыру үшін «Осы веб-торапты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды)» басу қажет, осыдан соң сертификатты таңдауы бар терезе ашылады, бұл жерде сертификатты таңдап, оның таңдауын растау талап етіледі. Осы процедураны 3 рет қайталау қажет.

«Ұйымдастырушы» тарауы

Сұрақ: Бір хабарландыруда бірнеше лот бар, Техникалық сипаттаманы «Жолдар» немесе «Тақырып» мәзірлерінің қайсысына (әр лотқа әртүрлі болса) орналастырған жөн?

Жауап: Техникалық сипаттама конкурстық құжаттама үлгісін қолданғаннан кейін «Құжаттама» тарауында тіркеледі.

КҚ үлгісін қолданған соң құжаттама тарауында «Талаптар» қыстырмасына өтіп, қосымшалардың құрастырылған тізімінен «2 Қосымша (Техникалық сипаттама)» табу қажет. Қосымшаның атауына басқан кезде құжатты жаңарту пішіні ашылады, онда «Қыстырылған құжаттама» тарауында файлдарды қыстыру функционалын пайдалана отырып, техникалық сипаттаманы әрбір лот бойынша жеке қыстыру қажет.

Сұрақ: Тапсырысты басқа қызметкерге қалай қайта тағайындауға болады?

Жауап: Сатып алуға тапсырысты қайта тағайындау жауапты қызметкерді хабарландыруды жариялауға ауыстыру үшін қолданылады. Тапсырысты қайта тағайындау үшін ұйымдастырушының жұмыс орнында, «Тапсырыстар» тарауындағы «Сатып алудың үй беттері» мәзірінде қажетті сатып алуға тапсырысты Таңдау алаңында құсбелгі қою арқылы анықтап, Қайта тағайындау түймешесін басу қажет. Нәтижесінде экранда сатып алуға тапсырысты қайта тағайындау пішіні көрсетіледі. Сатып алушы алаңында қажетті қызметкерді таңдап, Қолдану түймешесін басу қажет. Нәтижесінде сатып алуға тапсырыс басқа қызметкерге тағайындалатын болады.

Сұрақ: Тапсырысты қалай қайтарып алуға болады?

Жауап: Сатып алуға тапсырысты тапсырыс берушіге қайтару үшін тапсырыстар пішінінде қажетті тапсырысты Таңдау алаңында құсбелгі қою арқылы таңдап, Қайтару түймешесін басу қажет. Сол түймешені басқаннан кейін экранда сатып алуға тапсырысты қайтару пішіні көрсетіледі, онда қайтарылатын сатып алуға тапсырыс, сонымен қатар сатып алуға тапсырысты қайтару себебін енгізу үшін Негізі алаңы да көрсетіледі. Қайтару себебін енгізгеннен кейін ұйымдастырушының жұмыс орнында «Тапсырыстар» тарауының «Сатып алудың үй беттері» мәзірінде Қолдану түймешесін басу керек. Қайтару сәтті болғанда экранның жоғарғы бөлігінде мәлімдеме шығады, ал қайтарылған тапсырыс ұйымдастырушыға тағайындалған сатып алуға тапсырыстарда көрсетілмейді.

Сұрақ: Егер конкурс өткізілмеген болса (2 конкурстық тапсырыс берілсе, бәрі де кері қайтарылса), одан кейінгі әрекеттерді, «Электрондық конкурс» модулінде жаңа сауда жариялануын түсіндіріңіз?

Жауап: Егер конкурс өтпеген болса, соның негізінде хабарландыру жарияланған тапсырыс автоматты түрде «Тапсырыстар» тарауына қайтарылады. Жаңа хабарландыру жасау үшін сол тапсырысты таңдап, «Сауда жасау» түймешесін басу керек.

Сұрақ: КҚ-ны қотарып алған тапсырыс берушілерді қай жерден көруге болады?

Жауап: Конкурстық құжаттамаларды алған тұлғалар туралы ақпаратты қарап шығу үшін «Навигатор» тарауының басты бетінде «МС ұйымдастырушы» өкілеттілігін таңдап, содан соң «МС ұйымдастырушы» тарауында «КҚ алғандар журналы» тармағын таңдау керек. Экранда хабарландыруды іздеу пішіні көрсетіледі. «Хабарландыру нөмірі» алаңына сатып алу нөмірін енгізу керек, сол бойынша конкурстық құжаттамаларды алғандар журналын қалыптастырып, «Жіберу» түймешесін басу қажет. Сұранысты қалыптастыру үшін ашылған пішінде «Жіберу» түймешесін басу қажет. Сұранысты растау үшін «ОК»түймешесін басу керек. Нәтижесінде конкурстық құжаттама алғандар Журналының қалыптастырылған сұранысын қарап шығу пішіні ашылады.

Сұрақ: Конкурстық тапсырыстарды ашу процедурасын түсіндіріңіз.

Жауап: Тапсырыстыр қабылдау мерзімі аяқталғанда хабарландыруды қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінде «Құрсаудан босату» әрекеті пайда болады. Осы әрекетті таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Осы түймешені басқан соң өнім берушілердің тапсырыстарын конкурстық комиссия мүшелерінің қарап шығуына мүкіндік береді. Ашу хаттамасын толтыру үшін хабарландыруды қарап шығу пішініндегі әрекеттер тізімінде «Ашу хаттамасы» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Нәтижесінде хабарландыруды қарап шығу пішінінде «Қыстырылған құжаттар» тарауында ашу хаттамасы жасалатын болады. Одан әрі конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне ашу хаттамасы жасалды және оған ЭСҚ қою керек деген мәлімдеме жіберіледі. Ол үшін хабарландыруды қарап шығу пішінінде «Дауыс беруге шақыру» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Нәтижесінде конкурстық комиссия мүшелерінің «Мәлімдеме» тарауындағы басты бетінде ашу хаттамасына қол қою қажеттігі туралы мәлімдеме шығады. Қажетті хабарландыруға көшу үшін «Тақырып» алаңындағы сілтемені басып, мәлімдемені ашу қажет және ашылған пішіндегі «Сауда туралы мәлімет» сілтемесін басу қажет. Нәтижесінде жаңа терезеде қажетті хабарландыруды қарап шығу пішіні ашылады. «Қыстырылған құжаттар» тарауында хаттамаға қол қою пиктограммасына басу керек. Нәтижесінде құжаттарға қол қою пішіні ашылады. Құжатқа қол қою электрондық сандық қолтаңбаны қолдану арқылы жүзеге асырылады. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін жүйе кворумның бар-жоғын тексереді, егер кворум бар болса, ашу хаттамасы автоматты түрде жарияланады.

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модулінде қызметтес командадан «Қатысушыны» қалай шығарып тастауға болады?

Жауап: Қызметтес командадан қатысушыны шығарып тастау үшін «Жою» алаңындағы белгі қолданылады.

Сұрақ: Қорытынды туралы хаттаманы қай тараудан қарап шығуға болады?

Жауап: Қорытынды туралы хаттама «Қыстырылған құжаттама» тарауында хабарландыруды қарап шығу пішінінде болады. Хабарландыруды қарап шығу үшін «Жарияланған сатып алу» тарауында қажетті хабарландырудың нөміріне басу керек.

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модулінде өткізу және қорытынды хаттамасын қалай қалыптастыруға болады?

Жауап: Өткізу хаттамасы конкурстың екінші кезеңін жасау кезінде, өнім берушілерді өткізу/кері қайтару бойынша дауыс беру процедурасын өткізгеннен кейін және шартты жеңілдіктерді реттегеннен кейін толтырылады. Өткізу хаттамасын қалыптастыру үшін «Тақырып» қыстырмасындағы хабарландыруды қарап шығу пішінінде «Сатып алуды қарап шығу» түймешесіне басу қажет және әрекеттер тізімінен «Өткізу хаттамасы» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесіне басу керек. Нәтижесінде жүйе PDF пішімінде өткізу хаттамасын мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және ол «Қыстырылған құжаттар» тарауында көрсетіледі.

Қорытынды хаттамасын қалыптастыру баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Қорытынды хаттаманы қалыптастыру үшін сауданы қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінен Қорытынды хаттаманы Дайындау әрекетін таңдап, Өту түймешесін басу керек. Нәтижесінде жүйе PDF пішінінде қорытынды хаттамасын мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және ол «Қыстырылған құжаттар» тарауында көрсетіледі.

Сұрақ: Хабарландыру жасау кезінде конкурстық комиссия мүшелерін қалай қосуға болады?

Жауап: Хабарландыруға конкурстық комиссия мүшелерін қосу үшін «Қызметтестер командасы» тарауында «Жол қосу» түймешесін басып, «Аты» алаңында қызметкерді таңдап, «Рөлі» алаңындағы түсіп қалатын тізімнен мәнін таңдап, рөлдердің бірін тағайындау қажет.

Сұрақ: Конкурстық комиссияның барлық мүшелерінде ЭСҚ болуы және олар жүйеде тіркелуі керек пе?

Жауап: ЭСҚ болуы және порталда тіркелуі конкурстық комиссияның барлық мүшелері үшін міндетті жағдай болып табылады.

Сұрақ: Конкурстық құжаттама қалай толтырылады. Ол қай тарауға қыстырылуы керек?

Жауап: Конкурс бойынша құжаттамаларды толтыру үшін «Құжаттама» қыстырмасына өтіп, ашылған пішінде «Үлгіні қолдану» түймешесін басу керек. «Талаптар» қыстырмасында конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың қалыптастырылған тізімі көрсетіледі.

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модулінде МС-тен бастартуды қалай жасауға болады?

Жауап: Егер мемлекеттік сатып алу туралы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген себептер бойынша сатып алудан бастарту қажет болса, онда хабарландыруды қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінен «Сауданы тоқтату» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу қажет. Экранда сатып алуды тоқтату себептерін таңдау үшін пішін ашылады. Осы пішінде «Бастарту себебі» алаңындағы түсіп қалатын тізімнен заңнамаларға сәйкес себебін таңдап, қажет болған жағдайда «Өнім берушілерге ескертпе» алаңын толтыруға болады. Себебін таңдағаннан кейін «Қолдану» түймешесін басу керек. Сатып алудан бастарту сәтті өтсе, жүйе растайтын хабарлама береді. Осы сатып алу бойынша қорытынды шығару үшін «Саудаға қайта оралу» сілтемесін басу арқылы хабарландыруға қайтып келу қажет. Хабарландыруды қарап шығу пішінінде түсіп қалатын тізімнен «Қорытынды хаттаманы дайындау» таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Қорытынды хаттаманы толтыру үшін әрекеттер тізімінен «Қорытынды хаттамасы» таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Нәтижесінде қорытынды хаттамасы PDF пішімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде сатып алуды тоқтату себебі көрсетіліп қалыптастырылады.

Сұрақ: Конкурсты қалай ұзартуға болады? Конкурстық құжаттамаға қалай түзетулер енгізуге және оны порталда қалай көрсетуге болады?

Жауап: Хабарландыруға ол жарияланып қойғаннан кейін өзгерістер енгізу қажет болса, түзетулер жасау функционалдығын пайдалану қажет. Ол үшін хабарландыруды қарап шығу пішінінде «Әрекеттер таңдау» тізімінен «Түзету жасау» мәнін таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Экранда хабарландыруды редакциялау пішіні көрсетіледі. «Түзету сипаты» алаңын толтыру міндетті болып табылады. Конкурс шарттарына өзгерістер енгізгеннен кейін тапсырыстарды қабылдау мерзімін өзгерту қажет. Ол үшін «Параметрлер» тарауында тапсырыстарды қабылдауды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсету қажет. Сонымен қатар хабарландыруды қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінен «Сауданы ұзарту» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Өзгерістер және хабарландыру мерзімін ұзарту енгізілгеннен соң, «Сатып алуды қарап шығу» түймешесін басу қажет. Ашылған пішінде енгізілген өзгерістер көрсетіледі. Өзгертілген хабарландыруды жариялау үшін «Жариялау» түймешесін басу қажет. Нәтижесінде тапсырыс берген өнім берушілерде белсенді жауаптар пішінінде тапсырысты қайта беру қажеттігі туралы және түзетулерді қабылдау туралы ақпарат көрсетіледі. Берілген тапсырыс ашылған кезде енгізілген түзетулер туралы ескерту шығады.

Сұрақ: Сауда жобасын қалай жоюға болады?

Жауап: Сауда жобасын жою үшін ұйымдастырушының жұмыс орнында «Сатып алу» тарауында «Басқару» тараушасында «Жобалар» мәзірін таңдау қажет. Іздеу функционалын пайдаланып, жойылуға тиісті хабарландыруды тауып, оны «Таңдау» алаңында құсбелгі қою арқылы таңдап, «Жою» түймешесін басу керек. Таңдалған әрекетті растаған соң, хабарландыру жобасы жойылады.

Сұрақ: Ұйымдастырушы сауданы құру кезінде қай тарауда қосымша Файлдарды қыстыра алады?

Жауап: Конкурстық құжаттамалар қосымшасына жатпайтын барлық қосымша құжаттама «Қыстырылған құжаттама» тарауында бастақырыпқа қыстырылады.

Сұрақ: Жарияланған саудаға өзгерістер енгізу мүмкін бе?

Жауап: Хабарландыруға, ол жарияланған соң өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда түзетулер жасау функционалдығын пайдалану қажет. Ол үшін хабарландыруды қарап шығу пішінінде «Әрекет таңдау» тізімінен «Түзету жасау» мәнін таңдап, «Өту» түймешесін басу қажет. Экранда хабарландыруды редакциялау пішіні көрсетіледі. «Түзету сипаты» алаңын толтыру міндетті болып табылады. Конкурс шартына өзгерістер енгізілген соң, тапсырыс қабылдау мерзімін өзгерту қажет. Ол үшін «Параметрлер» тарауында тапсырыстар қабылдауды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсету қажет. Сондай-ақ хабарландыруды қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінен «Сауданы ұзарту» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу керек. Өзгерістер және хабарландыру мерзімін ұзарту енгізілген соң «Сатып алуды қарап шығу» түймешесін басу керек. Ашылған пішінде енгізілген өзгертулер көрсетіледі. Өзгертілген хабарландыруды жариялау үшін «Жариялау» түймешесіне басу қажет. Нәтижесінде тапсырыс берген өнім берушілерде белсенді жауаптар пішінінде тапсырысты қайта беру қажеттігі және түзетулерді қабылдау туралы ақпарат көрсетіледі. Берілген тапсырысты ашу кезінде енгізілген түзетулер туралы ескерту шығады.

Сұрақ: Жүйе порталы автоматты түрде конкурс жеңімпазын таңдау кезінде қандай параметрлерді (критерийлерді) анықтайды және өткізілетін конкурсты ұйымдастырушының өзі қандай ақпарат енгізеді?

Жауап: Конкурс жеңімпазын жүйе автоматты түрде ең төменгі шартты баға бойынша анықтайды. Шартты жеңілдікті нақты есептеу үшін конкурстық комиссияның хатшысы конкурстың екінші кезеңін жасау кезінде жүйе есептеген шартты жеңілдіктер пайызын өзі жеке реттеуге тиіс, сондай-ақ жүйе есебіне байланысты емес критерийлер бойынша мәнін белгілеуге тиіс.

Сұрақ: Конкурсты ұйымдастырушы өнім берушінің қыстырылған құжаттарын қай тарауда қарап шыға алады?

Жауап: Өнім берушінің тапсырысында берілген құжаттарды қарап шығу үшін хабарландыруды қарап шығу пішініндегі әрекеттер тізімінен «Бағаны енгізу» әрекетін таңдап, «Өту» түймешесін басу қажет. Экранда берілген тапсырысты қарап шығу және оларды өткізу немесе кері қайтару туралы дауыс беру пішіні көрсетіледі. Тапсырысты қарап шығу үшін «Котировка» алаңында сілтемені басу қажет.

«Тапсырыс беруші» тарауы

Сұрақ: Бекітілген жоспар тармағына өзгерістерді қалай енгізуге болады?

Жауап: Бекітілген жоспар тармағына өзгерістер енгізу үшін осы жоспар тармағын кері шақыру және «Қарындаш» белгісі түрінде берілген редакциялау функциясын пайдалану қажет.

Сұрақ: Жоспар тармағын бекітуге талпыныс кезінде «қате» бағанында «қызыл шеңбер» түрінде белгі көрсетіледі. Жоспар тармағы бекітілмейді. Не істеу керек?

Жауап: Бұл белгі жоспар тармағында қате бар екенін растайды. Оны жою үшін жоспар тармағын редакциялау функциясын қолдану керек. Қате сәтті жойылған соң бекіту процедурасын қайталау қажет.

Сұрақ: Тапсырыстың күшін жоюды қалай жасауға болады? Тапсырыстың күшін жойған соң, жоспар тармағын қалай редакциялауға болады?

Жауап: Тапсырыстың күшін жою үшін «Жылдық жоспар» мәзіріндегі «Тапсырыстың күшін жою» тарауын пайдалану қажет. «Тапсырыстың күшін жою» қыстырмасында тапсырыстың күшін жою үшін «Тапсырыстың күшін жою» түймешесін пайдалану қажет. Нәтижесінде тапсырыс мәртебесі «Жойылған» болып өзгереді. Жойылған тапсырысты редакциялау үшін «Жылдық жоспар» мәзіріндегі тапсырысты шақырып алуды пайдалану керек. Мемлекеттік сатып алу жоспарының жойылған тармағын шақырып алған соң, жолдар мәртебесі бекітілген дегеннен «Жасалған»-ға өзгертіледі. «Жасалған» мәртебесі бар тапсырыс редакциялауға жатады.

«Өнім беруші» тарауы

Сұрақ: Өнім берушіні қарап шығу кезінде тапсырыс берушіде «белсенді» деп, ал жақшаның ішінде «құрсауланған» деп тұрса, ол нені білдіреді? Осының салдарынан өнім берушілер өздерінің ұсыныстарын бермеуі мүмкін бе?

Жауап: Бұл мәртебе сатып алудың жарияланғанын және өнім берушілерден тапсырыстар қабылдау жүріп жатқанын білдіреді.

Сұрақ: Кері шақырылған тапсырысты қалай редакциялауға және қалай қайтадан беруге болады?

Жауап: Кері шақырылған тапсырыс редакциялауға жатпайды. Жаңа тапсырысты беру үшін хабарландыруды қарап шығу пішінінде әрекеттер тізімінен «Котировка жасау» әрекетін таңдау қажет.

Сұрақ: «Электрондық конкурс» модуліне қатысуға тапсырысты қайтару себебін қай жерде қарап шығуға болады?

Жауап: Тапсырысты кері қайтару себептері өткізу хаттамасында көрсетіледі.

Сұрақ: Конкурсқа қатысуға берілген тапсырысты қандай мәзірде қарап шығу мүмкін болады?

Жауап: Барлық берілген тапсырыстар өнім берушінің жұмыс орнында, «Сатып алу» тарауының «Сіздің белсенді жауаптарыңыз және жауаптар жобалары» тараушасында көрсетіледі. Берілген тапсырысқа «Белсенді» мәртебесі беріледі.

Сұрақ: Егер өнім беруші конкурстық тапсырыс беріп, әлуетті өнім берушіге қойылатын талаптарды растайтын тиісті құжаттарды ұсынбаған болса, мұндай жағдайда портал жүйесінде қарастырылған шектеулер бар ма?

Жауап: Конкурстық тапсырысты жолдау кезінде міндетті құжаттар тіркелмеген болса, жүйе міндетті құжаттарды тіркеу қажеттігі туралы ескерту шығарады.

Личные инструменты