Мен қай жердемін

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан

Перейти к: навигация, поиск

Содержание

Құрметті тапсырыс берушілер және ұйымдастырушылар!

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) 2012 жылғы 1 шілдеден бастап ерекше және арнайы тәртіпте өткізілетін конкурстарды қоспағанда (Заңның 41 және 42 бабы), электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы конкурстарды және аукциондарды өткізудің міндеттілігі туралы норма қолданылысқа енгізіледі.

Осыған байланысты өз қызметкерлеріңізді оқыту және өз қызметтеріңізде электрондық конкурсты толық масштабта қолдану бойынша дайындау шараларын өткізу қажеттілігі туралы Сіздің назарларыңызды аударамыз.

Құрметті пайдаланушылар!

ҰКО жаңғыртылған бағдарламалық жасақтамасына өтуге байланысты 60002, 60003 порттарының http://tsp.pki.kz уақыт белгісі сервисі үшін ашық екендігіне көз жеткізу қажет екендігін хабарлаймыз.

Құрметті мемлекеттік сатып алулардың тапсырыс берушілері мен ұйымдастырушылары!

Егер сатып алынатын тауар, жұмыс немесе қызмет қазақстандық жабдықтаушылар өндіретін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізіміне енгізілген болса, «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 Қаулысының орындалуы мақсатында сатып алуды тек қана отандық тауар өндірушілердің, жұмыстар мен қызметтердің отандық жабдықтаушыларының, отандық кәсіпкерлердің арасында жүргізу керек. Мұндай сатып алуларды жүргізген кезде лоттар мен хабарландырулардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылатын атауларында міндетті түрде сатып алу тек қана отандық тауар өндірушілердің, жұмыстар мен қызметтердің отандық жабдықтаушыларының арасында жүргізілетінін көрсету керек. Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің Бірінші Орынбасары С.Н. Ахметовте 2012 жылы 2 наурызда болған кеңестің № 17-5/10-1 хаттамасының орындалуының мақсатында ай сайын Қаржы министрлігі тұрақты негізде Астана және Алматы қалаларының, барлық облыстардың әкімдіктерінің, мемлекеттік ұйымдардың автокөлік құралдарын сатып алуды отандық өндірушілердің арасында жүргізуін тексеріп, бақылап отырады.

Құрметті пайдаланушылар!

Мемлекеттік сатып алу веб-портал пайдаланушыларына 14.12.2011ж мерзімнен бастап "Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өткізілетін сатып алу хабарландыруларының жарияланғаны туралы мемлекеттік сатып алу пайдаланушыларына электронды хабарламалар жеткізу" жаңа функционала іске қосылғанын хабарлаймыз. Фунционалдың мүмкіндіктерін қолдану үшін Сатып алулар туралы хабарламалар жеткізу нұсқаулығымен танысуыңызды өтінеміз.

Құрметті пайдаланушылар!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 543-ІV Заңы өз күшіне 2012 жылдың 27 ақпанынан бастап енетінін (2012 жылғы 27 қаңтардағы «Казахстанская правда» газетінің № 30-31 (26849-26850) алғашқы басылымында жариялану мерзімінен 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енгізілді) хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 543-ІV Заңымен байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы енгізілген өзгерістермен танысу үшін келесі сілтеме бойынша өтіп таныса аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрметті пайдаланушылар! Сіздердің назарларыңызға Мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс істеу бойынша FAQ жиі қойылатын сұрақтарды мына сілтеме бойынша ұсынамыз.

Құрметті пайдаланушылар!

2012 жылғы 27 қаңтардан 21:00-ден бастап электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу келесідей жүзеге асырылатынын хабарлаймыз:

«Электрондық сатып алу арқылы баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен 2012 жылдың сатып алулары уақытша жеке серверлік ақпараттық құрылымда жүргізілетін болады.

Барлық қалған тәсілдер бойынша электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу «Электрондық конкурс» модулінде жүзеге асырылатын болады.

Толық ақпараттар үшін:

Егер Сіз Тапсырыс беруші/Ұйымдастырушы болып табылсаңыз, мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Егер Сіз Өнім беруші болып табылсаңыз, мына сілтеме бойынша өтіңіз.

ЭСҚ-мен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар

Нұсқаулықтармен танысу үшін:

  • «Баға ұсыныстары» модуліне файлдарды қоса беру және оларға қол қою үшін күйге келтірулер бойынша мына сілтеме бойынша өтіңіз;
  • Пайдаланушының, қатысушының келісіміне және өнім берушінің өтінімдеріне қол қою үшін мынасілтеме бойынша өтіңіз.

Жүйеде жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар

Нұсқаулықтармен танысу үшін:

«Конкурс» модулінде жұмыс істеу жөніндегі қысқаша роликті қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Личные инструменты
Язык