Мемлекеттік сатып алу бойынша түсіндірмелер

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
Перейти к: навигация, поиск

Содержание

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы конкурстық құжаттамаларға кім сараптама береді?

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21 шілдесіндегі № 303 Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 17 бабының 5-1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен конкурстық құжаттама сараптама жасауға жатады.
2001 жылдың 16 шілдесіндегі № 242 «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы туралы» (бұдан әрі қала құрылысы туралы Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 64 бабы 4 тармағы 2 тармақшасының үшінші жаңа жолы бойынша құрылыстың ұзақтығы 6 айдан жоғары объектілерге немесе ірі және күрделі құрылыс объектілері бойынша мердігерлік жұмыстардың (көрсетілетін қызмет) мемлекеттік сатып алуын өткізу конкурстық (тендерлік) құжаттама мемлекеттік сараптама жасауға жатады.

Мемлекеттік сатып алу туралы 2008 жылдың 31 желтоқсанында мерзімі өткен шарттың қолданылуын, 2009 жылдың бірінші тоқсанына дейін ұзартуға тапсырыс беруші құқылы ма?

2007 жылдың 21 шілдесіндегі № 303 «Мемлекеттік сатып алу туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 9 тармағына сәйкес тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күнделікті немесе апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартуға құқылы.

Әлеуетті өнім беруші тауарлары, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерінің Қазақстандық мазмұны қандай нормативті құқықтық актілермен белгіленеді?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 102-1 тармағына сәйкес  әлеуетті өнім беруші тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтерінің Қазақстандық мазмұны анықталады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізгенгенде "демпингтік баға" ұғымы қолданыла ма?

2007 жылдың 21 шілдесіндегі № 303 «Мемлекеттік сатып алу туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес демпингтік баға – конкурсқа қатысушының тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрінеу төмен баға болып табылады;
Сонымен, «демпингтік баға» ұғымы тек қана конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда қолданылады.

Жобалау-сметалық құжаттама бағасының көтерілуіне байланысты, бюджеттен қосымша қаржы бөлінді. Жасалған шартқа өзгерістер енгізу мүмкін бе?

2007 жылдың 21 шілдесіндегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39 бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері көзделген.

Заңның 2 бабы 2 тармағы 2) тармақшасынына сәйкес егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде, өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізу көзделген.

Егер де мемлекеттік сатып алу сомасы 100 ЕТЕК аспаса, мемлекеттік сатып алу туралы жазба шарт жасау қажет пе?

2007 жылдың 21 шілдесіндегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімдерін (бұдан әрі — тізілімдер) қалыптастыруды және оларды жүргізуді жүзеге асырады.

Заңның 11 бабы 2 тармағы 2) тармақшасынына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерін орындауының нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесінің 14 тармағына сәйкес (бұдан әрі - Ереже), тапсырыс беруші шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Ережеге 5-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіш және электрондық түрде   шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді уәкілетті органға жібереді.

Баяндалғанды есепке ала отыра, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен жазба нысанасымен келісім жасау көзделген.

Лицензиялануға тиісті қызметтің түрлерін жүзеге асырушы әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеті қандай құжатпен анықталады?

2007 жылдың 21 шілдесіндегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8 бабы 6 тармағына сәйкес, Лицензиялануға тиісті қызметтің түрлерін жүзеге асырушы әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеті оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін беруі арқылы расталады.

Одан басқа, атап көрсету қажет деп есептейміз, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 159 бабы 1 тармағына сәйкес қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады.

Егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қалай жүзеге асады?

2007 жылдың 21 шілдесіндегі № 303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, онда Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.
Осы нормада біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің белгілеріне сілтеме жоқ. Осыған орай, жалпы жылдық сома деп тиісті қаржы жылына мемлекеттік сатып алудың жылдық жостарында көзделген, барлық қажетті көзделген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу соммасын түсіну қажет.
Демек, егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен асып кететін болса, онда Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларына сәйкес сатып алу жүзеге асырылады.

Әлеуетті өнім берушінің берген басқа құжаттарының ішінде, төлем қабілетін растайтын бухгалтерлік теңгерім ұсынылуы көзделген, бір теңгерім жеткілікті ме немесе бухгалтерлік есептілікті талап ету қажет пе ?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 51 тармағы 2 тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Ереже) әлеуетті өнім берушінің берген басқа құжаттарының ішінде, төлем қабілетін растайтын бухгалтерлік есептілік емес, бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы көзделген.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып әлеуетті өнім берушіні кім белгілейді?

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізілімі сот шешімінің негізінде, заңды күші енгенінен бастап қалыптасады, онда мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып әлеуетті өнім беруші белгіленеді.
Өнім берушілер, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларын белгілеу туралы сот шешімі қабылданбаса жалпы негіздер бойынша конкурсқа қатысады.

Әлеуетті өнім берушінің банкроттау рәсіміне қатысы жоқ екенін қандай құжат нақтылайды?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 86 тармағының 5 тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Ереже) конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына олардың банкроттау рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде сәйкес келуін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның веб-сайтында орналастырылған ақпаратты қарайды.
Ереженің 22 тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші өзінің жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға ұсынатын құжаттардың тізбесінде дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінен анықтама ескерілмеген.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен емхана еміне мемлекеттік сатып алуды жүргізу заңды ма?

30 баптың 1 тармағына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу сапалық сипаттамаларының тапсырыс беруші үшін елеулі маңызы жоқ тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі, бұл ретте баға оның шешуші шарты болып табылады, сондықтан емхана емін осы жағдай есебінен қарау қажет.

Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарты қандай мерзіге жасалуы мүмкін?

Заңның 37 бабының 7 тармағы жүзінде жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы ма?

Заңның 37 бабының 7 тармақшасына сәйкес, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудың күні мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған күн болып табыла ма немесе оның қазынашылық органда тіркелген күні ме?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 397 бабы 1 тармағына сәйкес офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлген жағдайда, егер оферта жiберген жақ акцептi онда көрсетiлген мерзiм iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт (ережеге 4-қосымша) шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші осы Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
Осыған орай, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудың күні мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған күн болып табылады, сонымен қатар шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркеуден өткізгеннен кейін заң күшіне енеді.

Егер, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайын және (немесе) апта сайын қажетті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болса, сатып алуларды қалай жүзеге асыруға болады?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32 бабының 3) тармақшасына сәйкес, егер, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайын және (немесе) апта сайын қажетті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болса, онда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға болады. Ескертеміз, егер сізбен конкурс жарияланса, бұл Заңның нормасы қолданылады.

Егер әлеуетті өнім беруші конкурстық комиссияның шешімімен келіспесе, оның іс-әрекеті?

Егер әлеуетті өнім беруші конкурстық комиссияның шешімімен келіспесе, онда Заңның 45 бабының 1 тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, қаржылық бақылау органдарына шағым жасауға құқылы.

Мектептерде мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы кім болып айқындалуы қажет?

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі Заңның 7 тармағында регламенттелген. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны өз еркімен айқындайды (мектептерде белгіленген заңнама талаптарына жауап беретін, әр жауапты адам бола алады).

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде  Қазақстандық мазмұнының үлесі туралы есептілікті тапсыру бойынша міндет қандай мемлекеттік органға жүктелген?

2009 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде  Қазақстандық мазмұнының үлесі туралы мәселе бойынша бірқатар уәкілдікке ие.

 Есептілік аумақтық органдардан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберіледі, аумақ бойынша жауапты мемлекеттік органды облыс Әкімдері белгілейді.

Бюджет қаржысы есебінен орта жалпыбілім беру мектебінде ыстық тамақ  ұйымдастырылған. Осы мақсатқа 5,5 млн. тенге бөлінген. Егер мектеп асханасы жеке кәсіпкерге жалға берілсе (жалға беру бойынша конкурсты қаржы бөлімі өткізген), ыстық тамақ ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімін дұрыс қалай жүргізуге болады? Қызмет көрсету жалдаушы болып табылатын сол кәсіпкермен жүргізілсе, осы жағдайда конкурс өткізбей, бір көзден сатып алуды жүргізуге бола ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12 бабының 2 тармағына сәйкес тапсырыс беруші уәкілетті органмен келіспей-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Заңға сәйкес таңдайды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілдері Заңның 32 бабында көрсетілген.
Осыған орай, ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алуын мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы ескеріп, тәсілдер мен рәсімдеріне сәйкес жүргізу қажет.

18.11.2008 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (32 бап 4 т.) толықтыруына сәйкес баға ұсыныстары бойынша бір көзден мемлекеттік сатып алуды жасау рәсімі қалай, дәлірек, шарт жасалатын өнім берушіні анықтау үшін комиссия құру қажет пе немесе қорытынды хаттамасында жауапты хатшының қолы жеткілікті ме?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 142-154 тармағына сәйкес (бұдан әрі - Ереже) бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша дәйекті іс-шаралар көзделген. Шаралардың бірі тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы болып табылады.

Сонымен, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізгенде конкурстық комиссия құрылмайды.

Ереженің 150 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қол қою үшін берілетін бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

1) бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;

2) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;

3) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы;

4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
Осыған орай, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманға тапсырыс беруші қол қояы.

Баға ұсыныстары бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде, әлеуетті өнім берушілермен бухгалтерияға ұсынылған конверттерді қанша уақыт сақтау қажет?

2005 жылдың 18 шілдесіндегі № 202 Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген, сақтау мерзімі көрсетілген, мемлекеттік ұйымдардың қызметін құрайтын Үлгі құжаттар тізімінің 385 тармағына сәйкес, құжаттар (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстары, сұрату) 5 жыл сақталады.

Мемлекеттік органдармен жасалған шарттар шеңберінде өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабы 1 тармағы 53) тармақшаның қолданысы жайыла ма?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4 бабының 1 тармағы 53) тармақшасына сәйкес, осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші ретінде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберінде белгіленген өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында жүзеге асырылады.

Сонымен, кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші ретінде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу туралы өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау мақсатында, осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.

4 баптың 1 тармағы 53 тармақшасына сәйкес осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші ретінде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберінде белгіленген өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында жүзеге асырылады. Осыған орай, Өнім беруші ретінде, мемлекеттік заң тұлғасы, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартың негізінде өзінің міндеттемелерін орындайтын, жоғарыда көрсетілген заңның нормалары қолданылмай және Қазақстан республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес құқықтық реттеу принциптерін сақтай отырып сатып алуды жүргізуге құқықты деп түсіну керек пе?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4 бабының 1 тармағы 53) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші ретінде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберінде белгіленген өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.

Демек, егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өнім беруші заң тұлғасы болып табылса, онда Заңның 4 бабының 1 тармағы 53) тармақшасына сәйкес, мұндай заң тұлғасы өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы заңның онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды қалай сатып алу керек екенін түсіндіріңізші?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4 бабының 1 тармағы 21-2) тармақшасына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге асырылады

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормалары қолданылмай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Заңның 3-бабының 1) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері сақтала отырып, жүзеге асырылады.

2007 жылдың 26 шілдесіндегі № 632 «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жүзеге асыруға қабылданған (бұдан әрі - Заң) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар жүзеге асырылады

Егер ашық конкурстың қорытындысы өтпеді деп танылса және ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға шешім қабылдаса, конкурстық рәсімдерді кім жүргізуі қажет?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес тәсілді тапсырыс беруші таңдайды. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін конкурс өтпеді деп танылғанның негізінде тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға шешім қабылдайды, содан кейін сатып алудың ұйымдастырушысы Заңға сәйкес осы тәсіл бойынша рәсімдерді жүргізеді.

Байланыс мәліметтерін, қойылған мәселелерді, маманданым туралы қосымшаларды көрсетпеген немесе жалған ақпаратты көрсеткен тапсырыс берушілермен қалай талқылауға болады?

Егер, әлеуетті өнім беруші, оның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылды деп санаса, онда ол мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 45 бабына сәйкес тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына шағым жасауға құқылы.

Егер көрсетілетін қызметтердің бағасы өте төмендетілген болып күдік туғызса, баға ұсыныстарын қабылдамауға бола ма?

Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүзеге асырылса, онда баға ұсынысын қабылдамау мемлекеттік сатып алу туралы Заңында көзделген жағдайларда ғана мүмкін. Ондайға:
1) баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болған;
2) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың елеулі талаптарымен келіспесе не оны өзгертуді және (немесе) толықтыруды ұсынған;
3) әлеуетті өнім беруші бірден астам баға ұсыныстарын ұсынған жағдайлар жатады.
Баға ұсыныстарын өзге негіздер бойынша қабылдамай тастауға жол берілмейді.

Ашық конкурста қатысу үшін Өнім беруші қандай нотариалды куәландырылған құжаттарды ұсыну қажет?

Теқ қана Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінде нақты нотариалды куәландырылған түрінде ұсыну көрсетілген құжаттарды ғана нотариалды куәландыру қажет.

Егер ашық конкурста қатысатын, туған ағайындар болып келетін, олардың біреуінде бір кәсіпорынның 100%, ал екінші бауырында және үшінші бауырының жолдасында 50% жарғылық капиталы бар әлеуетті өнім берушілер аффилиирленген тұлғалар болып табыла ма?

Әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы – аталған әлеуетті өнім берушінің шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты аталған әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға болып Заңда көзделген. Осыған орай туған ағайындар болып келетін құрылтайшы заңды тұлғалар аффилиирленген.

Бюджеттік ұйымдар жылдық жоспарды есептеген кезде ақылы қызмет көрсетулерден көрген пайданы қосу керек пе? Бюджеттен жарғылық капиталды толтыруға алынған қаражаттар мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына қандай тәсілмен қосылуы керек?

Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу – тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы.
Сонымен, егер жоғарыда аталған заңды тұлғалар жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды немесе жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алса, онда осы заңды тұлғалар қаржының қайдан алынғанына тәуелсіз сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес және мемлекеттік сатып алу жоспарын сәйкесінше құруға тиісті .

Электрондық тәсілмен сатып алғанда мерзімді қалай дұрыс белгілеуге болады және ЭМС рәсімі қандай негізде жұмыс істейді?

2007 жылдың 21 шілдесіндегі №303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында және 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №643 Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету ережесінде ЭМС рәсімдерін жүргізу белгіленген.

Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы электрондық анықтаманың легитимділігіне байланысты

Қазіргі уақытта салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (бұдан әрі - анықтамалар) электрондық түрде web-қосымша «Салық төлеуші кабинеті» (бұдан әрі – СТ кабинеті), Электрондық Үкімет порталы (бұдан әрі – ЭҮП), Электрондық мемлекеттік сатып алу АЖ (бұдан әрі – ЭМС АЖ) арқылы беріледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 598 – бабының 4 – тармағына сәйкес берешегі жоқ екендігі туралы анықтама, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама:

1) қағаз тасығышта берілген кезде - анықтаманы жасаған салық органы басшысының, оны ауыстыратын адамның немесе басшы орынбасарының қолымен және салық органының мөрімен;

2) электронды түрде берілген кезде - уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 7 – бабына сәйкес электрондық құжат электрондық құралдармен жасалуы, жіберілуі, сақталуы және берілуі мүмкін. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

Мәлімет үшін ЭҮП немесе СТ кабинеті арқылы алынған анықтамалар, осы жүйелерімен берілген бірегей кодын ұстайтынын бар екен хабарлаймыз. Осы бірегей коды бойынша анықтамалар көріп шығуге болады:

- ЭҮП-да авторизацияланбай «Құжатты тексеру» тарауының «Қызметтерді тексеру» бөліктерінде анықтаманың бірегей коды және салық төлеушінің БСН/ЖСН енгізу қажет;

- СТ кабинетінің ашық бөлігінде тіркелу керек, сосын «Сервис» тарауында бірегей кодын және салық төлеушінің СТН немесе БСН/ЖСН енгізу қажет.

Персональные инструменты
Пространства имён

Варианты
Действия
Навигация
Язык
Инструменты