"Баға ұсыныстары" модулі бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
Перейти к: навигация, поиск

Содержание

"Электронды-сандық қолтаңба" бөлімі

Электронды сандық қолтаңба мен сертификатты қалай алуға болады?

Жауап: ЭЦҚ алу үшін:

  1. Ұлттық куәландыру орталығы сайтында (www.pki.gov.kz/cms) автоорнатушыны және бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату бойынша нұсқаулықты жүктеу қажет;
  2. БҚ орнатылғаннан кейін, https://ind.pki.kz/webra сайтында он-лайн өтінімін беру қажет;
  3. Өтінімді беру нәтижесі бойынша ӨТІНІМ НӨМІРІН алғаннан кейін, тіркеу куәлігін шығару үшін Өтініш толтыру қажет және басқа құжаттар тізімімен оларды ХҚО орналасқан, Тіркеу орталығына тапсыру қажет;
  4. Құжаттар пысықталғаннан кейін өтінушінің электрондық мекен-жайына ашық кілттері бар хат келеді, оны қосымша тіркелген нұсқаулыққа сәйкес компьютерге орнату қажет. ЭЦҚ алу және орнату бойынша сұрақтарға Ұлттық куәландыру орталығы (ҰКО) - тел. 88000807777, эл. пошта support@pki.gov.kz жауап береді.

«496 Сертификат ұсынылмаған» деген қате шығады. Не істеу керек?

Жауап: Браузерде сертификаттың бар болуын тексеру қажет: егер Сіз Internet Explorer браузерінде жұмыс істейтін болсаңыз: «Сервис – Шолушы ерекшелігі – Мазмұны – Сертификаттар – Жеке», егер Mozilla Firefox арқылы жұмыс істейтін болсаңыз: «Құралдар – Бабына келтіру – Қосымша– Шифрлау – Сертификаттарды қарау – Сіздің сертификаттарыңыз». Егер сертификаттар орнатылған болса, браузерді қайта іске қосыңыз және Порталға кірер кезде оны растаңыз, егер орнатылмаса – сертификаттарды браузерге импорттаңыз.

Жүйеге кірер кезде «Сіздің пароліңіз көнерген, парольді қалпына келтіру рәсімінен өтіңіз» деген хабарлама берілсе не істеу керек?

Жауап: Парольді қалпына келтіру рәсімін пайдалану қажет. Бұл үшін порталға кірген кезде «Парольді қалпына келтіру» сілтемесін басу, электрондық почта мекенжайын көрсету, «Қалпына келтіру» бастырмасын басу қажет. Егер электрондық почта мекенжайы дұрыс көрсетілген болса, онда жүйе «Парольді қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық Сіздің электрондық почтаңызға жіберілді» деген растаушы хабарлама береді. Бұдан кейін көрсетілген мекенжайға парольді қалпына келтіруге арналған сілтеме келеді. Бұдан әрі сілтеме бойынша жүріп өту және жаңа парольді көрсету және енгізілген парольді растау қажет. Пароль ойдағыдай енгізілгеннен кейін пароль өзгертілді деген диалогтық терезе шығады. Егер электрондық мекенжайды көрсеткеннен кейін «Электрондық почта» жолы тазартылса және жүйе «#80 Қате! Логин немесе электрондық почта мекенжайы қате» деген хабарлама берсе, демек пайдаланушы электрондық мекенжайды қате көрсеткен. Электрондық мекенжайды өзгерту үшін парольді қалпына келтуру рәсімінен өтетін пайдаланушының жеке куәлігінің сканерленген түпнұсқасын, редакциялауға арналған электрондық почтаны көрсете отырып, Техникалық қолдау қызметінің support@ecc.kz мекенжайына салу қажет.

Бағдарламаның Java 8.25 нұсқасы орнатылған болса, қандай әрекеттер орындау қажет?

Жауап: 8.25 нұсқасындағы Java бағдарламасы дұрыс жұмыс істеу үшін Java бағдарламасына goszakup.gov.kz.cer сертификатын қосымша импорттау ұсынылады

Осы сертификатты мына сілтеме бойынша өтіп, толық нұсқаулықтан көшіріп алуға болады http://goszakup.gov.kz/wiki/index.php/%D0%9D%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%B9%D0%BA%D0%B8_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%BA%D1%80%D0%B5%D0%BF%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B8_%D0%BF%D0%BE%D0%B4%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D1%84%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%BE%D0%B2_%D0%B2_%D0%BC%D0%BE%D0%B4%D1%83%D0%BB%D0%B5_%22%D0%A6%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%BA%D0%B8%22#.D0.98.D0.BC.D0.BF.D0.BE.D1.80.D1.82_.D1.81.D0.B5.D1.80.D1.82.D0.B8.D1.84.D0.B8.D0.BA.D0.B0.D1.82.D0.B0_GOSZAKUP.GOV.KZ_.D0.B4.D0.BB.D1.8F_.D0.B8.D1.81.D0.BF.D0.BE.D0.BB.D1.8C.D0.B7.D0.BE.D0.B2.D0.B0.D0.BD.D0.B8.D1.8F_.D0.B2.D0.B5.D1.80.D1.81.D0.B8.D0.B8_java_8.25

Нұсқаулық порталдың бас бетінде «Анықтама – Пайдаланушылар нұсқаулығы – Пайдаланушылардың ЭЦҚ жұмыс істеу нұсқаулықтары – Файлдарды қоса тіркеу және қол қою үшін баптаулар нұсқаулығы – 2-тармақ «Java 8.25 нұсқасын пайдалану үшін GOSZAKUP.GOV.KZ сертификатын импорттау» бөлімінде орналастырылған.

Егер жұмыс Mozilla Firefox браузері арқылы жүргізілетін болса, «Құралдар – Баптаулар – Қосымшалар – Шифрлау – Серверлер – жария файлды орнату» браузерінде goszakup.gov.kz.cer жария сертификатын орнату қажет.

"Тіркелу" бөлімі

ҚР мемлекеттік сатып алулар порталында қалай тіркелуге болады?

Жауап: Порталда тіркелу екі кезеңнен өтеді:

  1. пайдаланушының (қызметкердің) тіркелуі;
  2. қатысушының (ұйымның) тіркелуі.

Қызметкерді тіркеу үшін порталдың сәйкес модуліне өту қажет, «Тіркеу» батырмасын басу керек – қызметкер туралы мәліметтерді толтыру беті ашылады, барлық міндетті алаңдарды толтырғаннан кейін, «Тіркеу» батырмасын басу керек, егер алаңдарды дұрыс толтырған жағдайда тіркеу сәтті өтеді. Қатысушының тіркеуін (ұйымды қосу) порталда тіркелген пайдаланушы (қызметкер) өткізеді Ұйымды қосу үшін қызметкерге порталдың сәйкес модулінде авторизациядан өту қажет («КІРУ» батырмасын басып, логинге парольді енгізу керек). Авторизацияны өткеннен кейін пайдаланушының профилі ашылады – сол жақта «Ұйымды қосу» батырмасы бар, оны басқан кезде ИСАЖ Мемлекеттік кірістер комитетінің анықтама жүйесінен ұйым туралы мәліметтерді сұрату беті ашылады.

Тіркеу кезінде «Туылған күн дұрыс емес», «Атауы дұрыс емес», «ЖК болып саналмайды» деген қателер шығады. Себебі неде?

Жауап: Пайдаланушыны/ұйымды тіркеу кезінде деректер БСАЖ анықтама жүйесінен алынады. Егер сіздің сертификатыңыздың деректері БСАЖ деректерімен сәйкес келмесе, сізге БСАЖ анықтама жүйесіне сәйкес келмейтіндерді түзету және өзгертулерді енгізу үшін сәйкес аймақтың Салық басқармасымен байланысу керек. Осыдан кейін веб-порталда сіз тіркелу рәсімін өте аласыз.

Тіркеу кезінде «ЖК болып табылмайды» деген қате шығады. Себебі қандай?

Жауап: Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты ЖК белгісінің бар болуы туралы мәліметтерді ғана көрсетеді, ол Сіздің ЖК ретінде тіркелген күніңіз сияқты, сіздің СТН үшін ИСАЖ бар. ЖК белгісінің бар болуынан басқа, соның негізінде сіздің ЖК ретінде тіркелген құжатыңыз туралы мәліметтердің, атап айтқанда ЖК ретінде тіркеу туралы куәліктің нөмірі, сериясы және берілген күні бар болуын тексеру де жүзеге асырылады. Егер жеке пайдаланушы үшін (жаппай емес) қандай да болмасын бір алаптар бойынша ИСАЖ деректер келмейтін болса, олар ИСАЖ жоқ деп болжанады. Осы тексеру бұрын өз қызметін тоқтатып қойған немесе бұдан әрі ЖК болып табылмайтын көптеген ЖК күні бүгінге дейін ИСАЖ базасында ЖК белгісі бойынша есепте болуымен және ЖК ретінде тіркелу күні (тарихи деректер деп аталатын) бар болуымен байланысты және осы жағдайда біздер ерекше белгілерге – «ЖК тіркеу туралы куәлік (нөмірі, сериясы, күні)» құжаты туралы мәліметтерге сәйкес жұмыс істеп тұрған ЖК жұмыс істемейтін ЖК ажыратуымыз керек. Егер осы үш параметрлер ИСАЖ жоғарыда көрсетілген екеуімен жиынтықта келетін болса, онда ЭМС Сізді ЖК деп есептейді, егер осы параметрлердің ең болмағанда біреуі келмесе немесе қате болса, жүйе Сізді ЖК емес деп есептейді. Сондай-ақ осы қате заңды тұлға қызметкері сертификат алуға он-лайн өтінім берген кезде сертификат жеке тұлғаға алынған жағдайда да туындауы мүмкін. Осы жағдайда сертификатты қайта шығару қажет.

«Тапсырыс беруші» бөлімі

Жылдық жоспарды жүктеу кезінде «Төлнұсқа»("Дубликат") қатесі шығады. Осындай қатенің себебі неде?

Жауап: «Төлнұсқа» белгісімен жолдар жылдық жоспарда немесе жоспар тармақтарының уақытша кестесінде бар. Жоспар тармақтарын қайталауды жібермеу үшін осындай жолдар жүктелмейді. Уақытша жоспар тармақтарында жүктелген тармақтар жоқ екенін және «Жылдық жоспарды жүктеу» мәзірінде тек қана бір үлгі жүктелгенін тексеріңіз.

Жүктелу туралы есепті қараған кезде «Тапсырыс беруші» - «Жылдық жоспарлар» - «Жылдық жоспарды жүктеу» мәзірінде жүктелу туралы бос есеп неге шығады?

Жауап: Жүктелу туралы бос есеп үлгісі құрылымының өзгертілгені туралы, немесе «№», «ЭҚТ ӨЖ» бос ұяшықтары туралы екенін көрсетеді. Үлгінің құрылысын өзгертуге, қосуға, жоюға, бағанды, ұяшықтарды біріктіруге болмайды. Үлгінің құрылысын өзгерту деректерді жүктеген кезде қателердің шығуына әкеліп соғады.

Жүктелу туралы есепті қараған кезде Тапсырыс беруші» - «Жылдық жоспарлар» - «Жылдық жоспарды жүктеу» мәзірінде 154. 155 бұдан әрі пысықталу тоқтатылды қатесі шыңады. Олар нені көрсетеді?

Жауап:154 қатесі – дұрыс емес қор. ММ үшін қорды ашылма тізімнен таңдау керек. Басқа тапсырыс берушілер үшін осы алаң толтырылмайды. 155 қате – тапсырыс берушінің атауы дұрыс емес. Осы қате алаңдарға деректер ақпараттарын көшіргендіктен шығады. Тапсырыс берушінің атауы қолмен жазылып толтырылады.

Бекітілген жоспар тармағын кері қайтару кезінде, «Жоспар тармағын кері қайтару кезінде қате кетті» деген хабарлама шығады. Не істеу керек?

Жауап:Осы жоспар тармағы бойынша сатып алуға өтінім құрылды. Егер өтінімнің негізінде хабарландыру жарияланбаған болса, өтінімді «Жою» батырмасының көмегімен «Сатып алуға өтінімдер» бөлімі арқылы жою қажет. Осыдан кейін бекітілген жоспар тармағы кері қайтарылуға жатады.

2012 жылдың 1 тоқсанында ұзартылған шарттарды, МС жаңа порталына, шарттар тізіліміне қалай енгізуге болады?

Жауап:Ұзартылған шарттарды енгізу үшін «Тапсырыс беруші» - «Жылдық жоспарлар» - «Мемлекеттік сатып алу жоспары» бөлімінде сәйкес жоспар тармақтарын қосу қажет, сонымен қатар жоспар тармағының – «Қаржылық жылдан асатын сатып алу» түрін таңдау қажет. Құрылған жоспар тармағын бекітесіз, содан кейін осы жоспар тармағының негізінде сатып алуға өтінімді құрасыз. Сатып алуға өтінімді құрғаннан кейін «Тапсырыс беруші» - «Шарттар» - «Менің шарттарым» бөліміне кіру керек және «Қосу» батырмасын басу керек – шартты құру беті ашылады. «Келісім шарт мерзімін ұзарту» сатып алу тәсілін таңдаған кезде өтінім көрінеді және шарт құрылады.

Сатып алу өтінімін құрған кезде «Сізде ұйымдастырушы жоқ» деген қате неге шығады?

Жауап: Ұйымдастырушыны «Жеке бөлмеде» таңдаңыз. Ұйымдастырушыны таңдау үшін «Менің бөлмем» - «Қатысушының профилі» - «Менің ұйымдастырушыларым» бөліміне кіру қажет, «Ұйымды қосу» батырмасына басу керек және фильтрді пайдаланып іздеу бойынша СТН/БСН атаулары бойынша ұйымды тауып, деректерді сақтау қажет. Ұйымдастырушының сұранымын растау үшін «Менің бөлмем» - «Қатысушының профилі» - «Менің тапсырыс берушілерім» бөліміне кіріңіз – жолды бөлектеңіз және «Растау» батырмасын басыңыз.

Жылдық жоспар бойынша ішінара сатып алуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жауап:Жоспарланған тауарлар/жұмыстар/көрсетілетін қызметтер санының бөлігін сатып алу үшін, Тапсырыс беруші жоспар тармағына сәйкес санды және бөлектеген соманы енгізеді. Яғни егер қаңтарда 25 сәбізді, ал қыркүйекте 30 сатып алу жоспарланған болса, онда сәйкес санмен (25 және 30) және сатып алудың жоспарланған мерзімімен (қаңтар және қыркүйек) екі жоспар тармағы болу керек. Сәйкесінше өнім берушілер өздерінің баға ұсыныстарын, Ұйымдастырушы сатып алуға жоспарлаған көлемге береді.

Филиалдардың порталда жұмыс істеу мүмкіндіктері қандай?

Жауап: Филиалдар заңды тұлға болып саналмағандықтан, порталда олар тек қана ұйымдастырушылар болуы мүмкін. БАСТЫ ҰЙЫМ (БҰ) жылдық жоспарды орналастырады, сатып алуға өтінімдерді құрады, шарттардың тізілімін жүргізеді және ҚМ бойынша есептерді береді. Хабарландыруды құру үшін жоспар тармақтарын филиалдар қолдану үшін, БҰ «Менің бөлмем» - «Қатысушының профилі» - «Менің ұйымдастырушыларым» бөліміне кіру қажет, «Ұйымды қосу» батырмасына басу керек және фильтрді пайдаланып іздеу бойынша СТН/БСН атаулары бойынша әрбір ұйымды тауып, деректерді сақтау қажет. Содан кейін филиалдар өздерінің сертификаттарымен «Менің бөлмем» - «Қатысушының профилі» - «Менің ұйымдастырушыларым» бөліміне кіреді – cұранымның жолын бөлектейді және «Растау» батырмасын басады – БҰ тапсырыс беруші ретінде, ал өзін ұйымдастырушы ретінде растайды. Филиалдар растағаннан кейін, БҰ бекітілген жоспар тармағының негізінде сатып алуға өтінімді құрады, сонымен қатар осы сатып алу үшін сәйкес ұйымдастырушыларды тағдайды. «Баға ұсыныстарын сұрату», «Конкурс», «Екі кезеңдік рәсімді қолданумен конкурс», «Ерекше тәртіп» тәсілдерінің негізінде құрылған, сатып алуға өтінімдер, филиалдарда «Ұйымдастырушы» - «Сатып алуға өтінімдер» бөлімінде көрінеді, және олар оның негізінде хабарландыруды құра алады.

Егер бірінші және екінші жеңімпаз шарт жасасудан бас тартса, портал жұмысының алгоритмі қандай?

Жауап:

  • Тапсырыс берушілер» - «Шарттар» - «Менің шарттарым» бөліміндегі қорытындылар туралы шешімнің негізінде бірінші өнім берушімен шарт құрылады.
  • Бірінші жеңімпазбен шарттың негізінде «Екінші талапкермен шарт» құрылады, сонымен қатар шарттың мәртебесі «Жоба жазба» болу керек.
  • Содан кейін шартта шартың жасалмағаны туралы белгі қойылады.
  • Нәтижесінде шартта және сатып алу өтінімінде «Шарт жасалмады» мәртебесі шығады.
  • «Шарт жасалмады» мәртебесімен өтінімнің негізінде қайта хабарландыру құрылады.

Электрондық шарт жобасын қалыптастыру кезінде Ұйым директорының ТАӘ бейнеленбейді.

Жауап: Бұл жағдайда Ұйым директорын Порталда тіркеу және «Басшы» рөлін тағайындау қажет, осыдан кейін шарт жобасын қалыптастырған кезде Директордың ТАӘ бейнеленетін болады. «Басшы» рөлін тағайындау үшін «Менің кабинетім – Қатысушының бейіні - Қызметкерлер» бөліміне өту – қызметкердің ТАӘ басу және талап етілетін рөлді қосу қажет.

"Баға ұсыныстары" модулінде "Электрондық" немесе "Қағаз" шартқа қол қою тәсілдерін қалай таңдау керек?

Жауап:

  • Шартты құрғаннан кейін (Тапсырыс беруші – Шарттар – Менің шарттарым - Қосу) шарттың реттік нөмірін басу арқылы оны ашу керек.
  • Шарттың карточкасы ашылады, онда "Жалпы" деген қойындыда "Әрі қарай жұмыс істеу үшін шарттың карточкасын толтырыңыз" деген ескертпе болады. Сәйкесінше, барлық алаптарды толтыру керек және іс-қимылдар тізімінің жоғарғы жағында «Сақтау» дегенді таңдау керек және "Орындау" батырмасын басу керек.
  • Осыдан кейін «Жалпы» қойындысында «Шарттың жобасын ашу» және «Шартты жою» батырмалары бейнеленеді
  • Бұл ретте, «Сақтау» әрекетін орындағаннан кейін, шарттың карточкасының мәртебесі «Құрылды» дегеннен «Шимай» деп өзгереді
  • «Шарттың карточкасын ашу» батырмасын басқанда электрондық шарттың жобасы ашылады, онда мынадай қойындылар бар:

- Шарттың мемлекеттік тілдегі жобасы;

- Шарттың орыс тіліндегі жобасы;

- Шартты келісу.

  • Шарттың мемлекеттік тілдегі қойындысының жоғарғы сол бұрышында «Электрондық нысанда жасасу» деген сілтеме бар.
  • «Электрондық нысанда жасасу» сілтемесіне басқан кезде «Электрондық нысанда жасасу» немесе «Қағаз нысанда жасасу» деп көрсетіледі, соның қажетті нысанын таңдағаннан кейін, «Сақтау» батырмасына басу керек.

"Баға ұсыныстары" модулінде шартты жасасу датасын қалай көрсету керек?

Жауап: Егер шарт "Шимай" мәртебесінде болса, онда Сіз бұл шартты жойыңыз (шартқа қол қоюдың қағаз түрі).

  • Шартты қайталап құрғаннан кейін, шарттың карточкасын толтырыңыз, деректерді сақтаңыз.
  • Электрондық шартта шарттың қағаз түрін таңдаңыз және "Сақтау" батырмасына басыңыз.
  • Қағаз шарттың деректерін растамай, шарттың карточкасына қайталап кіріңіз, және "Шартты жасасу датасын" көрсетіңіз.
  • Қағаз шартқа өтіңіз және шарттың деректерін растаңыз.

Егер Сіз шартты жасасудың "Электрондық шарт" нысанын таңдасаңыз, бұл ретте шартты жасасу датасы шартқа порталда екі тараптың (Тапсырыс беруші мен Өнім беруші) электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылғаннан кейін, автоматты түрде қойылатын болады.

Шартты толтыру кезінде «Қазынашылық» қойындысы белсенді емес.

Жауап: «Қазынашылық» қойындысы шартқа (.pdf форматында) Өнім беруші тарабынан да, Тапсырыс беруші тарабынан да электрондық цифрлық қолтаңба қойылғаннан кейін қол жетімді болады.

Лотты орындаудың жоспарлы датасын көрсететін күнтізбе жоқ болса не істеу керек?

Жауап: Бұл ретте Сіз келесі іс-қимылдарды орындауыңыз керек:

  • Электрондық шарттың .pdf форматындағы жобасын жойыңыз. Ол үшін шарттың "Жалпы" қойындысында «Шарттың PDF форматын жою» батырмасын басу керек;
  • Жойғаннан кейін «Шарттың нысаны» бөліміне өтіңіз және "Лотты орындаудың жоспарлы мерзімін" көрсетіңіз, яғни күнтізбеден тиісті датаны таңдаңыз, осыдан кейін "Сақтау" батырмасын (төменде) басыңыз, сондай-ақ жоғарыдан іс-қимылдар тізімінде "Сақтауды" таңдаңыз және "Орындау" батырмасын басыңыз.
  • Осыдан кейін шартты .pdf форматында қайтадан қалыптастырыңыз және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойыңыз және Өнім берушіге қол қойдыру үшін жолдаңыз.
  • Және шартқа екі тараптың (тапсырыс беруші және өнім беруші) электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылғаннан кейін, шарттың барлық қойындыларының дұрыс толтырылғанын тексеру қажет. "Қазынашылық" қойындысының толтырылғанын тексеріңіз. Егер бәрі дұрыс көрсетілге, "Шартты толық растау" батырмасын басу керек.

«Ұйымдастырушы» бөлімі

Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен МС порталында хабарландыруды қалай құруға болады?

Жауап:Баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен хабарландыру сатып алуға өтінімдер негізінде құрылады. Сатып алуға өтінім «Тапсырыс беруші – Жылдық жоспар – Мемлекеттік сатып алу жоспары» бөлімінде бекітілген жоспар тармақтарының негізінде құрылады. Хабарландыруды құру үшін пайдаланушыға «Ұйымдастырушы – Сатып алуға өтінімдер» бөліміне өту қажет. Құрылған хабарландыру «Ұйымдастырушы – Хабарландырулар» бөлімінде болады. Жарияланған хабарландыру өзгертуге және жоюға жатпайды.

ЭМСА бас тартуды қалай жүргізуге болады?

Жауап:ЭМСА бас тарту «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының 5 бабы 10 т. негізінде жүргізіледі. Тек қана жарияланған лоттан бас тартуға болады. ЭМСА бас тарту үшін пайдаланушыға «Тапсырыс берушілер – Сатып алуға өтінімдер» бөліміне кіру қажет, сәйкес лотты белгілеп, «ЭМСА бас тарту» батырмасын басу керек, сәйкес бас тартудың себебін таңдау қажет. Бас тарту рәсімінен кейін лоттың «Жарияланды» мәртебесі «Бас тартылды» болып өзгереді, хабарландырудың «Жарияланды» мәртебесі қалады, хабарландыру бойынша өтінімді қабылдау мерзімі автоматты түрде тоқтатылады.

ЭМС хабарландыруын «Баға ұсыныстары» модулінде ашуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жауап: 31-бап, 6,8-тармақтарға сәйкес «Баға ұсыныстарын сұрату» әдісімен сатып алуда баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, баға ұсыныстарын салыстыру және қорытынды жасау жүргізіледі.

ҚР мемлекеттік сатып алу порталының жаңа нұсқасында ЭМС хабарландыруын ашуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жауап:Қорытындыларды ашу және шығару үшін пайдаланушыға «Ұйымдастырушы - Хабарландырулар» бөліміне өту қажет және хабарландыру атауының белсенді сілтемесіне басу қажет. «Аяқтау» батырмасын басқан кезде лотты ашу беті ашылады. Осы лотқа баға ұсыныстарын берген, өнім берушілерді қарау үшін, лот атауының белсенді сілтемесіне (сол жақта) басу керек – екіден аса баға ұсыныстары болса оң жақта сатып алудың қатысушылары көрінеді. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарын қарау үшін өнім беруші атауының белсенді сілтемесіне басу қажет, қараған кезде өнім берушінің қыстырылған құжаттамасы (егер ол болған жағдайда) қол жетерлік. «Рұқсат беру/ Қайтару» батырмалары өнім берушілер өтінімдеріне рұқсат беру/қайтару үшін қажет. Әлеуетті өнім берушінің әрбір баға ұсыныстарын ашқаннан кейін «Бекіту» батырмасына басу керек. Сонымен қатар әрбір лоттың ашылуы жүргізіледі. Ашу рәсімі аяқталғаннан кейін әрбір лот бойынша «Қорытындыны қалыптастыру», «Қорытындыларды жариялау» батырмаларын басу керек. Жариялағаннан кейін қорытындылар барлық қатысушыларға «Сатып алулар- Қорытындылар» бөлімінде қол жетерлік. Егер лотқа екіден кем баға ұсыныстары берілсе, онда сатып алуды өтпеді деп танып, оны ұзарту қажет. Сатып алуды ұзарту кезінде хабарландырудың «Жарияланды» мәртебесі «Аяқталды» болып өзгереді, сатып алуға өтінім мәртебесі «Ұзартылды» болып өзгереді. Ұзартылған өтінімнің негізінде «Ұйымдастырушы – Сатып алуға өтінімдер» бөлімінде қайтадан хабарландыру құрылады.

Жоспар тармағының негізінде хабарландыру құрылса, бірақ жарияланбаса оны қалай редакциялауға болады?

Жауап:Жоспар тармағының негізінде өтінім құрылған, бірақ хабарландыру жарияланбаған болса, оны редакциялау үшін:

  1. «Ұйымдастырушы» - «Хабарландырулар» бөлімінде хабарландырудан лотты жоюға болады, хабарландырудың өзін жоясыз (егер өтінімнің негізінде сатып алу құрылған болса).
  2. «Тапсырыс беруші» - «Тапсырыс берушінің өтінімдері» бөлімінде осы жоспар тармағына құрылған өтінімді жою керек.
  3. «Тапсырыс берушілер» - «Жылдық жоспарлар» - «Мемлекеттік сатып алудың жоспары» бөлімінде: осы жоспар тармағын кері қайтару керек – «Бекітілді» мәртебесінен «Құрылды» болып өзгереді. «Құрылды» мәртебесімен жоспар тармақтарын редакциялауға болады.

Сатып алу нысаны «Тауар» болатын сатып алуда техникалық ерекшелікті қалыптастыру қалай жүргізіледі?

Жауап: Техникалық ерекшелік жобаларын әрбір лот үшін бөлек қалыптастыру қажет. Қарау және редакциялау үшін сатып алуды қарау нысанында таңдап алынған лот жолында «Құру және қарау» әрекетін таңдау керек. Техникалық ерекшеліктің шаблоны орыс және қазақ тілдерінде қалыптастырылады. Сатып алу нысаны «Тауар» болатын сатып алуды қалыптастыру кезінде техникалық ерекшеліктің қосымша атрибуттарын қосуға арналған бөлім бейнеленеді. Техникалық ерекшелік шаблонында пайдаланушы тауарларды сипаттауға арналған қосымша атрибуттарды қосуы – алаптарды толтыруы және «Сақтау» әрекетін таңдауы қажет. Қажет болған кезде «Жою» әрекетін таңдап, атрибутты жоюға болады. Техникалық ерекшелік шаблоны 2 тілде толтырылғаннан кейін *.pdf форматындағы техникалық ерекшелікті қалыптастыру үшін «Техникалық ерекшелікті қалыптастыру» батырмасын басу қажет. Қалыптастырылған техникалық ерекшелікке ЭЦҚ қою қажет.

Сатып алу нысаны «Жұмыс»/«Қызмет» болатын сатып алуда техникалық ерекшелікті қалыптастыру қалай жүргізіледі?

Жауап: Сатып алу нысаны «Жұмыс»/«Қызмет» болатын сатып алуда техникалық ерекшелікті қалыптастыру кезінде жүйе техникалық ерекшелік файлын қоса тіркеуге арналған нысанды бейнелейді. Файлдарды қоса тіркеу нысанында жұмысқа/қызметке арналған техникалық ерекшелікті қосу үшін «Файлды қоса тіркеу» батырмасын басу қажет. Жүйе *.pdf форматындағы техникалық ерекшелікті қалыптастырады. Қалыптастырылған техникалық ерекшелікке ЭЦҚ қою қажет.

«Жабдықтаушы» бөлімі

МСА жабдықтаушылары баға ұсыныстарын қалай бере алады?

Жауап:Әлеуетті жабдықтаушылар баға ұсыныстарын беру үшін «Сатып алулар - Ағымдағылар» бөліміне кіру қажет. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу бойынша белсенді лотты (қабылдау мерзімі басталған, бірақ аяқталмаған) қарау кезінде өнім берушілерде «Осы лотқа өтінімді ұсыну» (банк деректемелері және порталда авторлану болған жағдайда) батырмасы бар, оны басқан кезде өнім беруші үшін өзінің баға ұсыныстарын енгізу мүмкіндігі ашылады. Өнім берушілердің барлық өтінімдері «Жабдықтаушы – Менің өтінімдерім» бөлімінде сақталады.

МС "Баға ұсыныстары" модулінде банк деректемелерін қалай қосуға болады?

Жауап:Банк деректемелерін редакциялау және қосу үшін «Банк деректемелері» мәзірінің тармағына кіру қажет. «Қосу» батырмасының көмегімен банк деректемелерін қолмен енгізуге болады немесе сәйкес батырманың көмегімен БСАЖ сұратуға болады. «ЖСК», және «Жаңа ЖСК» алаңдарын толтыру міндетті түрде, егер жаңа жск жоқ болса – 20 нөлдер қойылады.

Баға ұсынысын берген кезде өнім берушінің файлды қоса тіркеуге мүмкіндігі бар ма?

Жауап: Баға ұсынысын берген кезде өнім берушінің файлды қоса тіркеуге мүмкіндігі жоқ.

Жалпы сұрақтар

МС порталының өту кезінде: «Осы бетті оқу үшін уәкілеттік жоқ» қатесі шықса, не істеу керек?

Жауап:Егер жаңа нұсқаға өткен кезде сізде «Осы бетті оқу үшін уәкілеттілік жоқ» қатесі шықса, Mozilla Firefox браузеріне ауысу қажет. Браузерді порталдың басты бетінде жүктеуге болады. Осы браузерге RSA сертификатын импорттау қажет. Егер сертификатты электрондық пошта бойынша алсаңыз, басында жабық кілттің экспортын жасау қажет, және тек қана содан кейін оны браузерге орнату қажет. Жабық кілттің экспорты бойынша нұсқаулықты http://www.pki.gov.kz/cms (Кілттер мен сертификаттардың мұрағаттық көшірмелері) сайтынан жүктей аласыз. Mozilla Firefox браузеріне сертификатты импорттау жөнінде нұсқаулықты порталдың ескі нұсқасындағы «Анықтама ақпараттар - Тіркеу- Балама браузерлерге сертификаттарды импорттау» бөлімінен жүктеуге болады.

Сатып алуды құру кезінде ұйымдастырушыға құжаттаманы қоса тіркеуді қалай жасауға болады?

Жауап: Файлдарды қоса тіркеу үшін пайдаланушының Java қосымшасында сертификат импортталуы тиіс. Java көшіріп алуға арналған сілтеме құжаттарды жаңа порталда қоса тіркеу талпынысы кезінде бейнеленеді. Сертификатты Java қоймасында орнату үшін: Іске қосу – Бабына келтіру – Басқару панелі – Java Control Panel өту қажет. Security қойындысында Certificates бастырмасын басу қажет. Жаңа терезеде Client Authentication таңдау, сонан соң «Import» бастырмасын басу және порталға кіру үшін пайдаланылатын RSA-сертификатын таңдаған жөн. «Қосу» бастырмасын басқан кезде Java парольді сұрайды, пайдаланушы сертификатты импорттау кезінде енгізген парольді көрсету керек. Бұдан әрі «ЭЦҚ бейіні», «Файл», «Қол қою», «Жөнелту» бастырмалары көрсетіледі. «Бейін» бастырмасын басқаннан кейін Мемст сертификатының мұрағаттық көшірмесіне жолды; «Файл» бастырмасын басқаннан кейін – қоса тіркеу қажет болатын файлға жолды көрсету керек, бұдан әрі «Қол қою», «Жөнелту» бастырмаларын басу қажет.


МС порталында сатып алуды құрған кезде, құжаттамаларды қалай қыстыруға болады?

Жауап:Файлдарды қыстыру үшін пайдаланушыларда Java орнатылған болу керек және Tumar профайлінде GOST кілті орнатылған болу керек. Java жүктеу сілтемесі жаңа порталда құжаттарды қыстыру әрекеті кезінде көрінеді. Tumar профайліне GOST кілтін орнату жөнінде нұсқаулықты сіз кілттерді алу кезінде (ҰКО) жүктедіңіз. Java сақтағышына сертификатты орнату үшін: Бастау батырмасы - Баптау-Басқару мәзірі- Java Control Panel өту қажет. Security қойындысында Certificates батырмасын басу қажет. Жаңа терезеде Client Authentication таңдау қажет, содан кейін «Import» батырмасын басу керек және порталға кіруге қолданылатын RSA сертификатын таңдау қажет. Сертификат импорты сәтті өткеннен кейін, файлдар қыстырылатын болады. РСА қарау үшін: Бастау батырмасы - Орындау - certmgr.msc – ОК – «Жеке» қапшығы – «Сертификаттар» қапшығына кіріңіз. Қарау үшін сертификатқа екі рет басыңыз және құрамы қойындысын ашасыз. МЕМСТ кілті Тұмар Конфигураторға орнатылған болу керек: Бастау батырмасы - Gamma Tech - Tumar - Tumar CSP v.4 - Tumar Конфигураторлардығ барлық бағдарламасы. Бірнеше сертификаторлармен жұмыс жасаған кезде браузерде кедергілер туындамайды. Тек қана дұрыс парольді көрсету қажет. Тумар және МЕМСТ-сертификаттарымен жұмыс істеу үшін сізге әрбір сертификатты Тұмар профайлінде құру қажет. Егер бірнеше сертификаттар үшін бір профайлді қолдансаңыз, онда орнатқан кезде тізімдегі соңғысы қолданылатын болады, ол орнатқан кезде қатеге әкеліп соғуы мүмкін. Яғни портал пайдаланушылық сертификатпен орнатылмаған деп шығарады. Сіз порталға кірген кезде RSA-сертификатын көрсетіп жұмыс жасаған кезде, осы пайдаланушының МЕМСТтік сертификатын көрсетуіңіз керек.

Деректерді қалай өзгертуге болады?

Жауап:Пайдаланушы\ұйымды тіркеу кезіндегі деректер БСАЖ анықтама жүйесінен алынады. Сіздің сертификатыңыздың деректері БСАЖ деректерімен сәйкес келмеген кезде сізге сәйкессіздікті түзету үшін Мемлекеттік кірістер комитетімен байланысу керек. Содан кейін сіз веб-порталда тіркеу рәсімін өте аласыз. БСАЖ деректер жаңартылғаннан кейін, «Менің бөлмем – Қатысушының профильі» бөліміне кіріңіз. «Сәйкестендіруші деректер» мәзірінің тармағындағы ұйым туралы деректерді түзету батырмасына басасыз. «БСАЖ деректерді алу» батырмасына басасыз, содан кейін деректер импортталғаннан кейін оларды растау батырмасын басасыз – жаңа деректер ұйымның профилінде сақталады. Егер ұйымның СТН және БСН бастапқы болып қалса-онда сертификатты қайта шығару керек емес, егер өзгертілсе – жаңа серификат алу керек және порталда тіркелу рәсімін өту қажет. ҰКО: Ұлттық куәландыру орталығымен байланысыңыз – олар сертификаттар береді және оларды орнату үшін түсінік береді - тел. 88000807777, эл. пошта support@pki.gov.kz. Біз http://goszakup.gov.kz портал жұмысының техникалық бөлімі бойынша кеңес береміз. Сізге Mozilla Firefox браузерін жаңартуға кеңес береміз, оны порталдың ескі нұсқасының басты бетінен жүктеуге болады. Егер кілтті пошта бойынша алсаңыз – оны басында мұрағаттау қажет, содан кейін Mozilla Firefox импорттау қажет. Сәйкес нұсқаулықтарды ұсынамыз. Сізге порталдың жаңа нұсқасына өту қажет – өту сілтемесі https://goszakup.gov.kz/app. «КІРУ» батырмасына (ашылма тізімге емес, батырманың өзіне) басу керек, Сіздің логиніңіз көрінеді – парольді енгізіңіз. Осы авторлану болып саналады.

Келісімге немесе файлға қол қойған кезде «Error Click for details» деген қателік шығады

Жауап: Проблеманы шешу үшін Java-да AUTH RSA сертификатының бар екендігін және/немесе оның дұрыс орнатылуын тексеру талап етіледі. Java бағдарламасын Сіз мемлекеттік сатып алу веб-порталының Бас бетінде «Ұсынылатын бағдарламалар» бөлімінен көшіріп жүктей аласыз. Сертификатты Java бағдарламасына орнату үшін «Іске қосу – Басқару панелі - Java»-«Security - Certificates» кіру керек, «Certificate type» бөлімінде ашылма тізімнен «Client Authentication» таңдау керек, бұдан әрі «Import» батырмасын басу қажет. AUTH RSA сертификатын импорттау керек, ойдағыдай орнатылған жағдайда «User» белгісінде пайдаланушының аты мен тегі бейнеленеді. Сонан соң келісімге немесе файлға қол қоюды қайта орындау керек.

Егер «Ұйымның экономика секторы орнатылмаған» деген ескерту хабары бейнеленетін болса.

Жауап: Ұйымның ақпаратын толықтыру үшін «Менің кеңсем-Қатысушы бейіні-Атрибуттар» бөліміне өту және ұсынылған тізімнен таңдау керек.

Егер «Ұйымның мөлшерлік коды орнатылмаған» деген ескерту хабары бейнеленетін болса

Жауап: Ұйымның мөлшерлік коды бойынша ақпаратты толықтыру үшін Сізге Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгіну қажет. Деректер толықтырылғаннан кейін «БСАЖ-дан деректер алу» батырмасын басып «Менің кеңсем-Қатысушы бейіні-Сәйкестендіру деректері» бөлімінде порталдағы деректерді жаңарту қажет.

Егер «Сізде порталда лауазым көрсетілмеген, басшыға жүгініңіз» деген ескерту хабары бейнеленетін болса.

Жауап: Лауазымын көрсету үшін қызметкер «Менің кеңсем-Қатысушы бейіні-Қызметкерлер» бөліміне өтіп, қызметкердің ТАӘ басуы және лауазымын мемлекеттік/орыс тілдерінде көрсетуі тиіс.

Пайдаланушының келісіміне қол қойған кезде «Қатысушы анықталмады» деген ескерту бейнеленеді.

Жауап: Бұл жағдайда Порталдың Қатысушысын тіркеу қажет (яғни электрондық цифрлық қолтаңба алынған ұйымды тіркеу қажет).

Бұл үшін «Менің кабинетім – Пайдаланушы бейіні» бөліміне өту және «Ұйымды қосу» пиктограммасын басу қажет. Қатысушыны тіркеу рәсімінен өткеннен кейін Пайдаланушының келісіміне қол қою қажет.

AUTH_RSA сертификатын Java бағдарламасына импорттау кезінде General Exception деген қате бейнеленеді.

Жауап: Осы қате Java бағдарламасының сертификаттар қоймасынан алынған пароль дұрыс енгізілмеген жағдайда бейнеленеді. Егер пароль белгісіз болса, онда Java бағдарламасын жою жөніндегі әрекеттерді алдын ала орындап, оны қайта орнату қажет.

Файлдарды қоса тіркеу/оларға қол қою жөніндегі әрекеттерді орындаған кезде «Қол жарамсыз» деген қате бейнеленеді.

Жауап: Осы қате файлды қоса тіркеу/оған қол қою жөніндегі әрекеттерді орындаған кезде «Бейін» батырмасын басып, қолданылу мерзімі өтіп кеткен GOST/RSA сертификатын таңдаған жағдайда бейнеленеді. Бейінде қол қойылған жағдайда заңды тұлғалар үшін – GOST, жеке тұлғалар (ЖК) үшін – RSA сертификатын таңдау керек.

Персональные инструменты
Пространства имён

Варианты
Действия
Навигация
Язык
Инструменты