Қош келдіңіз!

Біз Сізді Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу Веб-порталында қош көрдік. Жүйе мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық қызметке біртұтас қол жеткізе отырып мемлекеттік сатып алуларда тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және жабдықтаушы ретінде Интернет желісіне қосылған кез келген компьютерден қатысуына мүмкіндік береді.

Сайт жаңалықтары барлық жаңалықтары

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
Перейти к: навигация, поиск

Содержание

Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС (бұдан әрі - Орталық) электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператор болып табылып, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ЭМС АИАЖ) иесі ретінде, «ҚР Қаржы министрлігі» ММ (бұдан әрі - Министрлік) ұсынатын талаптарға сәйкес мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді дамытуды, енгізуді, ақпараттық-техникалық сүйемелдеуді және пайдалануды жүзеге асыратынын хабарлайды.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларына түсінік беру, немесе ЭМС АИАЖ функционалына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда – Орталық Министрлікпен байланысуды ұсынады.

Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

09.12.2016

«Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің серверлік жабдығында техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Сатып алу 2016» модулі 2016 жылғы 10 желтоқсанда 16:00 сағаттан бастап 2016 жылғы 11 желтоқсанда 00:00 сағатқа дейінгі кезеңде қол жетімді болмайды.

Сондай-ақ 2016 жылғы 10 желтоқсанда 16:00 сағаттан бастап 2016 жылғы 11 желтоқсанда 00:00 сағатқа дейінгі кезеңге тура келетін «Сатып алу 2016» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау, сондай-ақ ашу, қорытындыларды жасау рәсімдерінің мерзімдері автоматты түрде 2016 жылғы 12 желтоқсанда 11:00 сағатқа ауыстырылатындығын хабарлаймыз.

Автоматты түрде ауыстырылатын сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Осыған байланысты Орталық әлеуетті өнім берушілерге аяқталу мерзімдері көрсетілген уақыт кезеңіне тура келетін сатып алуға қатысу туралы ақпаратты алдын ала жіберуді ұсынады.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.


ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ!

05.12.2016

2016 жылғы 06.12 мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2017 жылға жылдық жоспарларды орналастыру үшін МС субъектілерінің мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылды.

Жылдық жоспардың үлгісін толтыру үшін PlanImports бағдарламасын орнату қажет. Жұмыс істеу алдында бағдарламамен жұмыс істеу нұсқаулығымен танысуды өтінеміз.

Астана қаласында өтетін мемлекеттік сатып алу жөніндегі семинарлар!

05.12.2016

«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС мемлекеттік сатып алу жөніндегі семинарларда қатысуға барлық мүдделі тұлғаларды шақырады.

Астана қ. 2016 ж. желтоқсанның 22-23 толығырақ

Семинардың бағдарламасына мынадай блоктар кіреді:

1) Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасы: Қазақстан Республикасының 2015ж.4.12 №434-V Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсінік беру; Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына түсінік беру (ҚР Қаржы министрінің 2015ж.11.12 № 648 бұйрығы).

2) Электрондық мемлекеттік сатып алу: Мемлекеттік сатып алу порталының жаңа функционалын білу жөніндегі тәжірибелік жұмыс.

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз оқыту бөлімінің қызметкерлерімен 8 (7172) 91-90-90 (ішкі. 240, 241, 242) телефоны бойынша, немесе tng@ecc.kz электрондық почтасы арқылы байланыса аласыз.

Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

30.11.2016

30 қарашада мемлекеттік сатып алу субъектілері болып табылмайтындар үшін шарт карточкасын толтыру бөлігінде «Шарттар» модулінің функционалдылығы жаңартылды, атап айтқанда:

- «Бір көзден сатып алу (МС емес)», «Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта (МС емес)», «Тауар биржалары арқылы (МС емес)» тәсілдері үшін жоспар тармақтарынан шартты құру

- «Баға ұсыныстарын сұрату (МС емес)», «Тендер (МС емес)» тәсілдері үшін сатып алу қорытындыларынан шартты құру.

Жүйе «Портал арқылы емес» жасасу нысанымен шартты қалыптастырады. Жасасудың осы нысаны шартты қағаз тасығышында жасасуды және шарттың сканирленген көшірмесінің файлын «Шарт және келісу» деген бөлімде қоса тіркей отырып, шарттың деректерін толтыруды болжайды.

Құрметті Тапсырыс берушілер!

29.11.2016

Мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдердің тоқтап қалуын болдырмау үшін, есептілік әкімшілеріне талап етілетін позициялармен Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасын (бұдан әрі - ТЖҚ БНА) толықтыру бойынша өтінімдерді алдын-ала жіберу қажет екенін хабарлаймыз.

Бұл ретте БНА» жүйесінде орналасқан іздеуді жүзеге асыру жолымен ұсынылатын позициялардың жоқтығына көз жеткізу керек екенін өтінеміз.

Осы функционал мемлекеттік сатып алу субъектілері арасында «Есептілік әкімшісі» рөлі бар қатысушылар үшін қол жетімді.

- Егер азғана өтінім санын жүктеу талап етілсе, онда веб-порталдың функционалын пайдалануға болады («Жұмыс кабинеті – ТЖҚ БНА қосу өтінімдері» бөлімі, «Құру» батырмасы);

- Егер өтінімдердің көп санын жүктеу талап етілсе, онда жеңілдету үшін өтінімдерді импорттау шаблонын пайдалану ұсынылады («Жұмыс кабинеті – ТЖҚ БНА қосу өтінімдері» бөлімі, «Импорт» батырмасы).

Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

25.11.2016

Техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты 2016 жылғы 26 қараша күні сағат 21:00-ден бастап 2016 жылғы 27 қараша күні сағат 00:30-ге дейінгі мерзімде БКО және Интернет желісінде Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сервистері қолжетімсіз болуы мүмкін.

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар!

09.11.2016

«Ақпараттық жүйелер дирекциясы – «Қазақтелеком» АҚ филиалы 2016 ж.10.11. Астана уақытымен 02:00 бастап 06:00 сағат аралығында «Қазақтелеком» АҚ желісінде байланысты 120 минутқа тоқтата отырып, техникалық жұмыстар жүргізілетіндігі туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты Орталық әлеуетті өнім берушілерге аяқталу мерзімдері көрсетілген уақыт кезеңіне тура келетін сатып алуға қатысу туралы ақпаратты алдын ала жіберуді ұсынады.

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар!

03.11.2016

2016 жылғы 2 қарашада www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының жаңғыртылған жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде шарттың орындалуын қайтарып алу функционалы іске қосылғандығын хабарлаймыз. Шарттың орындалуын қайтарып алған кезде жүйе шарттың мәртебесін «Қолданыста» дегенге автоматты түрде жаңартады, шарт бойынша жоспар тармақтары мәртебесін «Шарт қолданыста» дегенге өзгертеді.

Анағұрлым толық ақпарат алу үшін Тапсырыс берушінің нұсқаулығымен танысуды сұраймыз.

Құрметті мемлекеттік сатып алуға Тапсырыс берушілер

28.10.2016

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес: Тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады, 2016 жылғы 31 қазаннан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын орналастыру функционалы қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.

Сондай-ақ тиісті бюджетпен (даму жоспарымен) бекітілген (нақтыланған) 2017 жылға арналған жылдық жоспарды орналастыру 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.

«Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС иесі болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (бұдан әрі – анықтамалық) 30-таңбалы кодтау пайдаланылатын, анықтамалықтағы тауарларды дәл сәйкестендіру және салыстырып тексеру мүмкіндігін барынша кеңейтетін жаңа құрылымға көшкендігіне назар аударамыз. Осы орайда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-тың ЭМС АИАЖ-да пайдаланылатын анықтамалықты қолдауды тоқтататындығын, келесі жылға арналған сатып алуды жоспарлау анықтамалықтың 30-таңбалы нұсқасының негізінде жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз.


Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

21.10.2016

Қазакстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «МТҚ» РМК-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі- ҚР ҰКО) және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының (бұдан әрі- ҚР НКО) негізгі сертификаттарын Google Chrome, Mozilla, Internet Explorer және т.б. браузерлерге қосу мақсатында ҚР ҰКО және ҚР НКО халықаралық Web Trust стандартының талаптарына сәйкестікке сертификаттау аудитінен өткізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл көрсетілген браузерлердің ҚР ҰКО берген SSL сертификаттарын пайдаланатын веб-сервистерге деген сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. WebTrust талаптарына сәйкестікке сертификаттаудан өткен куәландырушы орталықтары әлемдік деңгейде тексерілген және сенімді мәртебесіне ие болады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, дауыс беру парағына өтіп, ҚР ҰКО және ҚР НКО негізгі сертификатын танымал браузерлерге қосу жөнінде өз пікіріңізді білдіруді сұраймыз. Осы дауыс беру ҚР ҰКО және ҚР НКО негізгі сертификаттарын аталған браузерлерге қосу процедурасына ықпал етеді.

Сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге қатысуыңызды сұраймыз.

Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

21.10.2016

www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының «2016 сатып алу» модулінде «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығына сәйкес Веб-портал арқылы білікті өнім берушілердің тізіліміне қосуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін беру бойынша функционал қолжетімді.

"Жұмыс кабинеті" - "Хабарландыруларды іздеу(БӘӨТ)" бөлімінде хабарландыруды көре аласыз.

Әлеуетті өнім берушілерге іріктеуге қатысу үшін өтінімді беру үшін құжаттарға қатысты түсінік берулермен танысу қажет.

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

18.10.2016

Сіздерге 2016 жылғы 19 қазаннан бастап www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының модификацияланған жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде Тапсырыс берушінің талап ету құқықтарын беру, атап айтқанда қайта ұйымдастырумен және құқықтарды филиалдарға берумен байланысты жоспардың тармақтарын және шарттарды беру жөніндегі функционал іске қосылатындығын хабарлаймыз.

Анағұрлым егжей-тегжейлі ақпарат үшін Тапсырыс берушінің нұсқаулығымен танысуды сұраймыз.

Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

07.10.2016

Техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты 2016 жылғы 7 қазан күні сағат 22:00-ден 23:00-ге дейінгі мерзімде БКО және интернет желісінде Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сервистері қолжетімсіз болуы мүмкін.

Құрметті салық төлеушілер!

30.09.2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) 2016 жылғы 2 қазанда сағат 09.00-дан бастап сағат 23.00-ге дейінгі кезеңде МКК-нің «Интеграциялық шина» ақпараттық жүйесінде жанарту бойынша профилактикалық жұмыстар өткізеді. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде АЖ ИШ класстары өшіріледі және «Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар» ақпараттық жүйесі және Қазақстан Республикасы Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МКК АЖ) және есеп нысандарын беру бойынша сервис (жеке шоттың көшірмесі, берешектің жоқ (бар) екендігi туралы мәлімет, дербес шотты қарау, артық (қате) төленген сомаларды есепке алуды және қайтаруды жүргізу), жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушыны, медиаторды тіркеу, салық төлеушіні іздеу барлық пайданушылар үшін (ішкі, сыртқы, облыстар, МОБКО, Ғаламтор) қолжеткіліксіз болады.

Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

30.09.2016

Техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты 2016 жылғы 30 қыркүйектің сағат 22:00 бастап 2016 жылғы 01 қазанға дейін ЕТС және Интернет желісінде Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының сервистері қолжетімсіз болады. Осыған байланысты Орталық әлеуетті өнім берушілерге аяқталу мерзімдері уақыттың көрсетілген кезеңіне келетін сатып алуда қатысу туралы ақпаратты алдын ала жіберуді ұсынады

Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

28.09.2016

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабы 5 тармағына сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз.

- және броннан алып тастау тәртібімен 2016 жылы шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі;

- жағдайы бойынша жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен 2016 жылы шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі.

Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

21.09.2016

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабы 5 тармағына сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз.

Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!

14.09.2016

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Сатып алу 2016», «Конкурс және Аукцион», «Баға ұсыныстары» модульдері, сондай-ақ «Сыртқы сайт» 2016 жылғы 17 қыркүйекте 09:00 сағаттан бастап 23:00 сағатқа дейінгі кезеңде қол жетімді болмайды.

2016 жылғы 17 қыркүйекте 09:00 сағаттан бастап 2016 жылғы 19 қыркүйекте 09:00 сағатқа дейінгі кезеңге тура келетін «Сатып алу 2016» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау, сондай-ақ ашу, қорытындыларды жасау мерзімдері автоматты түрде 2016 жылғы 19 қыркүйекте 13:00 сағатқа ауыстырылатындығын хабарлаймыз.

Ауыстырылатын сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Құрметті пайдаланушылар!

09.09.2016

«Қазақтелеком» АҚ филиалы - Ақпараттық жүйелердің дирекциясы 12.09.2016 ж. Астана уақыты бойынша 02:00 бастап 05:00 дейінгі аралықта 90 минутқа байланыстың тоқтауымен «Қазақтелеком» АҚ желісінде жөндеу-баптау жұмыстарының өтуі туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты Орталық әлеуетті өнім берушілерге аяқталу мерзімдері уақыттың көрсетілген кезеңіне келетін сатып алуда қатысу туралы ақпаратты алдын ала жіберуді ұсынады».

Құрметті пайдаланушылар!

02.09.2016

2016 жылғы 6 қыркүйекте 22:00 сағаттан бастап 00:00 сағатқа дейінгі кезеңде алдын алу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ЕТС және Интернет желісінде ҚР Ұлттық куәландыру орталығының сервистері қол жетімді болмауы мүмкін. Осыған байланысты Орталық әлеуетті өнім берушілерге аяқталу мерзімдері көрсетілген уақыт кезеңіне тура келетін сатып алуға қатысу туралы ақпаратты алдын ала жіберуді ұсынады.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Құрметті пайдаланушылар!

02.09.2016

Провайдер тарапынан техникалық олқылықтарға байланысты 2016 ж.01.09. бастап мынадай сервистер уақытша қол жетемді болмайды:

- Салық берешегі туралы мәліметтер алу;

- Лицензиялар және рұқсаттар туралы мәліметтер алу;

- Шарттарды Қазынашылықта тіркеу.

Сервистердің жұмысқа қабілеттілігі туралы ақпарат провайдер тарапындағы олқылықтар жойылғаннан кейін орналастырылатын болады.

Құрметті пайдаланушылар!

01.09.2016

Провайдер тарапынан техникалық олқылықтарға байланысты Электрондық сатып алу порталы мен «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арасындағы интеграциялау сервисі уақытша қол жетімді болмайды. Олқылықтарды жою туралы ақпарат кейінірек орналастырылатын болады.

Олқылықтар жойылғанға дейін Тапсырыс берушілер тіркеуге арналған өтінімді «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы жіберуі қажет. Осындай өтінімді жіберуден кейін шартты тіркеу туралы мәліметтерді «Қазынашылық» қойындысында «Шарт тіркеліп қойған (тіркеу туралы деректерді толтыру)» батырмасын басып толтыру қажет.

Құрметті тапсырыс берушілер және өнім берушілер!

15.07.2016

Сіздерден Қатысушы бейініндегі банк шоттарын тексерулеріңізді сұраймыз.

Қазақстандық шот бос орын немесе басқа белгілер жоқ цифрлар мен латын символдарын қамтитын 20 символдан тұруы тиіс. Жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған шоттары бар шарттарды Қазынашылықта тіркеген кезде шартқа қайта қол қоюды және оны тіркеуді талап ететін қателер туындайтын болады.

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдаланушылары!

12.07.2016

Бұдан бұрын азаматтық-құқықтың мәмілені (АҚМ) тіркеуге арналған электрондық шарттардың деректерін беру бойынша Электрондық мемлекеттік сатып алу порталын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - АЖ) интеграциялау функционалдылығының іске қосылуы туралы хабарланған болатын.

1) Көрсетілген функционалдылықты іске қосуға дейін Қазынашылық органдарында тіркелген шарттардың бөлігі бар екенін қосымша хабарлаймыз. 2016 жылғы 12 шілдеде Порталда Қазынашылық органдарында 2016 жылғы 30 маусымнан кешікпей тіркелген, Портал арқылы тіркеуге сауал әлі жіберілмеген шарттар үшін «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесінде шартты тіркеу туралы деректерді қолмен толтыру үшін мүмкіндік іске асырылғанын хабарлаймыз.

Ағымдағы кезде «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесімен осындай шарттарда «Қазынашылық» қойындысында «Шарт Қазынашылықта тіркелген» (тіркеу туралы деректерді толтыру) бастырмасы қолжетімді. Осы бастырмаға басқан кезде ашылған терезеде Тапсырыс берушіге қолмен:

- өтінімнің нөмірін;

- өтінім күнін;

- хабарлама нөмірін;

- хабарлама күнін толтыру қажет.

Мәндерді сақтағаннан кейін Портал арқылы жасалмаған шарттар үшін шарттың мәртебесі «Қолданыста» болып ауысады.

2) Қосымша келісімді құрған кездегі тіркеуге арналған өтінімнің сомасы кассалық шығындарды алып тастаған соманы, яғни нақты төлемдерді қамтитынына назар аударамыз. Ерекшелік ББС кодтарын өзгертуге арналған қосымша келісімдерде болады, яғни егер бағдарламаның, кіші бағдарламаның немесе ерекшеліктің бір мәні өзгерсе, онда тіркеуге арналған өтінімде, негізгі шартта немесе алдыңғы қосымша келісімде сияқты барлық сома қамтылады.

3) Сондай-ақ «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрыққа сәйкес Қазынашылық органдарында 000151, 000169 ерекшеліктермен шарттар тіркелмейтінін атап айтамыз.

4) АҚМ тіркеуге арналған өтінімді пысықтау бөлігінде «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да бухгалтер жұмысы жөніндегі нұсқаулық Қазынашылық комиететі сайтының «Ақпараттық жүйелер» - «Пайдаланушының нұсқаулығы - ММ үшін АҚМ тіркеуге арналған өтінім 7.0 нұсқа» бөлімінде орналастырылған (http://www.kazyna.gov.kz/index.php/ru/component/users/?view=login&return=aHR0cDovL3d3dy5rYXp5bmEuZ292Lmt6L2luZGV4LnBocC9ydS9pbmZvcm1hdHNpb25ueWUtc2lzdGVteS9ydWtvdm9kc3R2by1wb2x6b3ZhdGVseWE=)

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдаланушылары!

30.06.2016

«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС (бұдан әрі - Орталық) 2016 жылғы 12 шілдеде Астана қаласының уақыты бойынша 02:00 бастап 05:00 дейінгі аралықта 90 минутқа байланысты тоқтатумен «Қазахтелеком» АҚ желісінде техникалық жұмыстар өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты Орталық әлеуетті өнім берушілерге аяқталу мерзімдері уақыттың көрсетілген кезеңіне түсетін сатып алуда қатысу туралы ақпаратты алдын ала жіберуді ұсынады.Бұл ретте Портал штаттық режимде жұмыс істейтінін атап айтамыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдаланушылары!

26.05.2016

«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператор болып табылып, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесіне техникалық сүйемелдеу және әкімшілендіру көрсететінін хабарлайды, осыған байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеген кезде қате енгізілген деректерді түзетумен байланысты барлық жағдайлар бойынша «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС мекенжайына емес, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің иесі – «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» ММ ресми жазбаша сауал жіберуді сұраймыз.

Құрметті goszakup.gov.kz веб-порталының пайдаланушылары!

26.05.2016

2016 жылғы 23 мамырда «Сатып алу 2016» модулінде электрондық банк кепілдіктерін (өтінімді қамтамасыз ету және шартты қамтамасыз ету) шығару жөніндегі нұсқаулық пысықталды, осыған байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар электрондық банк кепілдіктерімен жұмыс істеу жөніндегі техникалық мүмкіндікке ие. Банк нұсқаулығымен «Сатып алу 2016» модулінде «Анықтама» бөлімінде танысуға болады.

Құрметті goszakup.gov.kz веб-порталының пайдаланушылары!

24.05.2016

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабы 1- тармағына сәйкес, егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 416-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы шартты қамтуы тиiс. Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді. Жоғарыда баяндалғанға байланысты, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жіберуге міндетті екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларының» (бұдан әрі – Қағида) 25-тарамғына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.

Қағидалардың 24-тарамғына сәйкес, заңнамаға сәйкес уәкілетті органға ұсынған мәліметтердің дұрыстығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады. Тапсырыс берушінің ұсынған мәліметтерін қарау кезінде уәкілетті орган оның толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын тексеруде форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.

Осыған орай, тапсырыс берушілер веб-портал арқылы уәкілетті органға әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер туралы мәлімет берген кезде шартты бұзуға ниеттілігі туралы және шартты бұзу туралы хабарламаның көшірмелерін қоса берулерін сұраймыз.

Құрметті goszakup.gov.kz веб-порталының пайдаланушылары!

06.01.2016

Қол қоюға арналған бағдарлама нұсқасы жаңартылғанын хабарлаймыз, жаңартылуда ұйымның ішкі желілерін қорғау үшін прокси-серверлерде пайдалану кезінде файлдарға қол қоюмен байланысты қателік түзетілген.

Қателіктерді жою үшін, бағдарламаның жаңартылған нұсқасын жүктеңіз және тіркеу бойынша пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес орнатыңыз.

Құрметті goszakup.gov.kz веб-порталының пайдаланушылары!

03.05.2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті осы хатпен келесіні хабарлайды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V жаңа Заңы (Бұдан әрі –Заң) қолданылуда.

Заңның 12 - бабының 4 - тармағына сәйкес Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі (Бұдан әрі – ЖҚТ):

1) тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілердің;

2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің);

3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Заңның 12 - бабының 5 - тармағының екінші абзацына сәйкес Заңның 12 бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты 2016 жылғы 15 наурыздағы № 6001-16-3-1-6/28 хатымен (хаттың көшірмесі қоса берілді) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі келесідей хабарлағандығын атап өтеміз.

Шарт жасаудан жалтару негізі бойынша жосықсыз қатусышылар деп таңу туралы талап арыздары жаңа Заң қабалданғанға дейін бұзышылық орын алған жағдайда ғана сотпен қаралуы мүмкін.

Егер бұзушылық Заң қолданысқа енгеннен кейін орын алса, бұл мәселенің шешімі уәкілетті органның құзыретіне жатады. Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде ЖҚТ-не енгізу үшін, уәкілетті органның (ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу комитеті - БСН 140540018167) мекен-жайына растайтын құжаттарды, талап арызды қараудан бас тарту туралы сот ұйғарымын, сонымен қоса қосымшаға сәйкес нысанда (қосымша қоса берілді) өнім беруші туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жолдау қажет.

ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

27.04.2016

Мемлекеттік сатып алулар веб-порталының жеке кабинетінде және басты бетінде мемлекеттік сатып алулар қатысушыларының сот органдары сервистеріне қол жеткізуін жеңілдету мақсатында "Сот кабинеті" электрондық сервисіне ауысу, сондай-ақ iOS, Android және Winphone платформалары үшін "Мобильді Сот кабинеті" қосымшасын жүктеу мүмкіндігі іске асырылғанын хабарлаймыз.

Сервистің жұмысы туралы толығырақ ақпаратпен басты бетінде танысуға болады.

ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржылық бақылау комитеті» ММ

22.04.2016

ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 ақпандағы №9 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі бойынша ақпаратты ұсынады.

Құрметті пайдаланушылар!

13.04.2016

13 сәуірде Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - ББТ) қосуға әлеуетті өнім берушілерді тексеру функционалы іске қосылған. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 6 б. 1 т. 8 тт. сәйкес: әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган оларды Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізеді. ББТ қосуға тексерістер өнім берушінің өтінімді (баға ұсынысын) беру, конкурста қорытындылар хаттамасын, алдын ала рұқсат хаттамасын және аукционда рұқсат хаттамасын қалыптастыру кезеңінде жүзеге асырылады. ББТ тұрған өнім берушілерден жүйе автоматты бас тартады.

ҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

13.04.2016

Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен 2016 жылы шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары тізбесімен, Сіз мына сілтеме бойынша таныса алатыныңызды хабарлаймыз.

Құрметті пайдаланушылар!

08.04.2016

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының «Анықтама – Нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 93 бұйрығының көшірмесі орналастырылғанын хабарлаймыз.

Көрсетілген түзетулер бойынша салыстырмалы кесте келесі сілтемедекөрсетілген.

Құрметті www.goszakup.gov.kz веб-порталының пайдаланушылары!

07.04.2016

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 13 бабының 5 тармағына сәйкес жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесінде тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар болған жағдайда, тапсырыс беруші ең алдымен осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте көлік шығыстары, оның ішінде тауарды тиеуге-түсіруге байланысты шығыстар тапсырыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.

Жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесін мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және осы сілтеме бойынша танысуға болады.

Құрметті www.goszakup.gov.kz веб-порталының пайдаланушылары!

06.04.2016

2016 жылғы 05 сәуірде www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі - Портал) түрлендірілген жүйесіндегі «2016 Сатып алу» модулінде мынадай функционалдылық енгізілді:

1. Өтті деп танылған сатып алу бойынша шарт жасасуды тоқтату және (немесе) бастапқы, қайталанатын сатып алуды құруды немесе «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сатып алу» тәсілдерімен өтпеді деп танылған сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды құруды тоқтату бойынша. Осы функционал «Тексеретін органдардың қызметкері» рөлімен пайдаланушылар үшін қолжетімді. Функционалмен жұмыс істеудің егжей-тегжейлі сипаттамасы Тапсырыс берушінің және Ұйымдастырушының нұсқаулығында келтірілген.

2. Өнім берушілердің өтініштерін (шағымдарын) қарау нәтижелері бойынша қорытындылардан бас тарту туралы және (немесе) шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы және (немесе) конкурстық/аукциондық комиссия мүшелеріне қорытындыларды қайта қарауға жіберу туралы шешімді қабылдау. Осы функционал «Тексеретін органдардың қызметкері» рөлімен пайдаланушылар үшін қолжетімді. Функционалмен жұмыс істеудің егжей-тегжейлі сипаттамасы Тапсырыс берушінің және Ұйымдастырушының нұсқаулығында келтірілген.

3. Тексеретін органдардың қызметкерлері қорытындыларды қайта қарауға жіберу туралы шешімді қабылдағаннан кейін «Қорытындыларды қайта қарау» функционалы өтінімдерді қайта қарау үшін конкурстық/аукциондық комиссия мүшелеріне қолжетімді болады. Функционалмен жұмыс істеудің егжей-тегжейлі сипаттамасы Ұйымдастырушының нұсқаулығында келтірілген.

Құрметті www.goszakup.gov.kz веб-порталының пайдаланушылары!

01.04.2016

www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі - портал) жаңа тұғырында 29 наурызда «Шарттар» модулінің мынадай функционалдылығы жаңартылды:

Шартты жасаған кездегі «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» тәсілімен сатып алудың қорытындылары бойынша – қорытындыларды жариялау күні және ағымдағы уақыт арасындағы айырма 5 жұмыс күнінен аз болса, жоспар тармақтары бейнеленеді, бірақ таңдау үшін қолжетімсіз.

Шартты жасаған кезде жоспар тармақтарын таңдау нысанында мынадай ақпарат хабары шығарылады:

«Лоттарға, қорытындыларды шығару күнінен бастап 5 жұмыс күні өтпеген қорытындыларға шағым жасалына алады, сонымен байланысты олар бойынша шарт жасау үшін қол жеткізу қорытындыларды шығару күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кейін, немесе шағым жасау рәсімі аяқталғаннан кейін ғана ұсынылатын болады».

Осы функционалдылық «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 47 бабы 2 т. сәйкес іске асырылды.

Құрметті www.goszakup.gov.kz веб-порталының пайдаланушылары!

30.03.2016

www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі - портал) жаңа тұғырында «Шарттар» модулінің мынадай функционалдылығы жаңартылды:

15-17 наурызда мынадай жаңартулар ауыстырылды:

1. Шартты жасаған кездегі жоспар тармақтарын таңдағанда, «Шарт нысандары» қойындысында, шарттың 1-қосымшасында «Қос.сипаттама» алабын бейнелеу қосылды.

2. Өнім берушінің шарт жоспары жасырылды. Егер шартты Тапсырыс беруші растаса ғана, өнім берушіге қарау үшін шарт қолжетімді.

17 наурызда егер өнім беруші 3 күннің ішінде растамаса, өнім берушінің деректерін автоматты түрде жүйенің растауы жөніндегі қателіктер түзетілді. 29 наурызда шарттың мәртебесі «Өнім берушіге келісуге жіберілді» болған, ол бойынша өнім берушіден 3 жұмыс күні ішінде растау алынбаған, келісуге шарттарды жіберу күндері жаңартылды. Өнім берушінің деректерін автоматты түрде жүйенің растауы функционалдылығын Порталдың іске қосуына дейін осы шарттар келісуге жіберілді. Қызметті автоматты іске қосқаннан кейін 2016.30.03 00-00 шартты қалыптастыру мүмкіндігі үшін шарттардың мәртебелері «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» болып автоматты ауыстырылды.

28 наурызда мынадай жаңартулар жүктелді:

1. Қосымша келісімдегі сома азайған кезде шарттың жалпы сомасын автоматты қайта есептеу.

2. «Шарт және келісу» қойындысында техникалық ерекшелікті, сондай-ақ жүйенің талабы қол қоятын тараптардың техникалық ерекшелікке міндетті түрде қол қоюын бейнелеу.

3. Егер шартқа қол қойғаннан кейін ЖҚТ өнім беруші енгізілсе, шарттағы әрекеттерді орындау мүмкіндігі (шартты тоқтату және орындау жөніндегі әрекеттер, МС туралы есепті қоса жалғау Тапсырыс берушіге қолжетімді).

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

18.03.2016

Осымен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) 2016 жылғы 14 наурыздан бастап сол арқылы Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесінен Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ОБДШ АЖ) салық төлемдерінің деректерін беру жүргізілетін «е-Қаржымині» ИААЖ «Интеграциялық шина» кіші жүйесінде техникалық іркілістің тіркелгендігін хабарлайды, яғни салық төлемдері өнім берушілер орындаған міндеттемелерді ескере отырып уақтылы өзектендірілмейді.

Осылайша, конкурстарға және аукциондарға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің ОБДШ АЖ-дан салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) алған кезде 2016ж.14.03 бастап ағымдағы күнді қоса алғандағы кезеңде өнім берушінің салық міндеттемелері іс жүзінде төленгендігімен, берешектің бар екендігі туралы Мәліметтер алу қаупі туындайды.

Әлеуетті өнім берушілердің іс жүзінде салық міндеттемелерін төлегендігіне қарамастан салық берешегі бар екендігі туралы Мәліметтер алу фактілері анықталған жағдайда, әлеуетті өнім беруші қатысатын сатып алу өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімдерін «е-Қаржымині» ИААЖ жобасының «Интеграциялық шина» кіші жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі толық қалпына келтірілгенге дейін ұзарту мақсатында, Орталық экраннан алынған растайтын суреттерді ұсына отырып, egz_ue@ecc.kz электрондық почтасы бойынша сауал жолдауды сұрайды.

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

16.03.2016

Өнім берушінің шарттардағы деректерін автоматты түрде растау жөніндегі функционалдың техникалық олқылықтарына байланысты 2016 жылғы 15 наурыздағы сағат 20:00 бастап 2016 жылғы 16 наурыздағы сағат 10:00 дейінгі кезеңде «Сатып алу 2016» модулінде жоғарыда көрсетілген кезеңде келісу және қол қою сатысынан өтіп жатқан шарттардың мәртебелері «Шарт жобасы» мәртебесіне ауыстырылған. Тапсырыс берушілер шарттарды келісу рәсімін қайта жүргізуі қажет.

Ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу.

14.03.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

2016 жылғы 14 наурызда сағат 15.00 бастап www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Веб-портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен хабарландыруларды жариялау және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер беруі жөніндегі функционалдың қол жетімді болатындығын сіздерге хабарлаймыз.

Құрметті goszakup.gov.kz веб-порталын пайдаланушылар!

14.03.2016

2016 жылғы 11 наурызда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – Портал) жаңа тұғырнамада «Шарттар» модулінің мынадай функционалдылығы жаңартылды:

- Тапсырыс берушінің «Төлем туралы ақпарат» қойындысында төлемдер сомасын енгізуі, төлемдердің сомаларын нысандар бойынша бөлу, шарт нысандарын және бүкіл шартты орындау. Бұл ретте Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер/жеткізілген тауарлардың қол қойылған актісі бар болса, онда төлемді енгізу кезінде бар актіні таңдауға болатындығын атап өтеміз (егер қол қойылған актілер болмаған жағдайда, алап таңдау үшін міндетті емес). Төлемді енгізгеннен кейін сомаларды шарт нысандары бойынша бөлу қажет және нысан бойынша барлық сома толтырылғаннан кейін бүкіл шарттың орындалуы мүмкін болады.

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

11.03.2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен 2016 жылы шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі туралы ақпаратты ұсынады.

Ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу.

14.03.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

2016 жылғы 14 наурызда сағат 15.00 бастап www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Веб-портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен хабарландыруларды жариялау және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер беруі жөніндегі функционалдың қол жетімді болатындығын сіздерге хабарлаймыз.

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

11.03.2016

2016 жылғы 2 наурызда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде ескертулер және түсініктемелерге сауалдар болмаған жағдайда талқылау хаттамасын автоматты түрде жариялау жөнінде функционал енгізілген болатын. Осыған байланысты, олар бойынша талқылау хаттамалары автоматты түрде қалыптастырылған, бірақ өтінімдер қабылдау басталғанда мәртебесі «Жарияланды» дегеннен «Жарияланды (өтінімдер қабылдау)» дегенге өзгермеген сатып алуларда өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімдерін 15 күнтізбелік күнге ұзарту жөнінде рәсім жүргізілген болатын. Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімдерін ұзарту өнім берушілердің өтінімдер беруді жүзеге асыруы үшін жүргізілді.

Осы сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

10.03.2016

2016 жылғы 3 наурыздан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында Анықтама – Сатып алу 2016 бойынша түсініктемелер бөлімінде 2016 жылғы мемлекеттік сатып алу саласында жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылғандығын сіздерге хабарлаймыз.


Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу.

09.03.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

2016 жылғы 14 наурыздан бастап www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Веб-портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде Веб-портал арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен хабарландыруларды жариялау және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер беруі жөніндегі функционалдың қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.

Уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізуін тексеру.

09.03.2016

Құрметті конкурстық және аукциондық комиссиялардың мүшелері!

ҚР Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – АІЖО ААЖ) дайын болмау себебі бойынша борышкерлер жөнінде мәліметтер ұсынуда күні бүгінге дейін «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ ақпараттық өзара іс-қимыл жасаудың жоқ екендігін хабарлаймыз.

Осыған байланысты конкурстық және аукциондық комиссия мүшелері уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні Қазақстан Республикасының Бірыңғай тізіліміне ҚР Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында борышкерлерді АІЖО ААЖ енгізуін тексеруді жүзеге асыруы қажет. Бұл үшін http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/erd сілтемесі бойынша өту және тиісті әлеуетті өнім берушінің БСН не ЖСН енгізу қажет.

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

02.03.2016

2016 жылғы 29 ақпанда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде 3 күн ішінде өнім беруші тарапынан растау болмаған кезде өнім берушінің деректерін порталдың автоматты түрде растауы бойынша функционалдылық енгізілген болатын. Яғни, егер өнім беруші шартты келіспеген болса, онда шарт келісуге жіберілген уақыттан бастап 3 жұмыс күнінен кейін жүйе тіркеу деректерінен мәндерді автоматты түрде алады:

- банк деректемелері;

- заңды мекенжайы;

- қол қою құқығы бар басшының ТАӘ (осындай өкілеттігі бар қызметкер болмаған кезде БСАЖ-дан алынған «Басшының деректері» бөлімінен басшының ТАӘ көрсетіледі);

- байланыс жасау телефондары.

Бұл ретте шарттың мәртебесі «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» дегенге өзгеруі тиіс, «Келісу» қойындысында жүйе порталдың деректерді растауын белгілеуі тиіс. Тапсырыс берушіге шартты қалыптастыру және қол қою әрекеті қол жетімді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚҰРМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР!

26.02.2016

Шарттың мәтініне тармақтар қосу/алып тастау сатып алуды жариялау сатысында шарт жобасын қалыптастыру кезінде ғана мүмкін болады!

Егер Ұйымдастырушы сатып алуды шарт жобасында нақты анықталған талаптармен жариялаған болса және өнім беруші шарт жобасында анықталған талаптармен келіскен болса, онда шарт жасасу кезінде жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мазмұнын өзгертуге әкеліп соқтыратын өзгерістерді шартқа енгізуге жол берілмейді.

Шартты жасасу кезінде шарт жобасына байланыс жасау деректері және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» ММ тұлғасындағы Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес рұқсат етілген алаптар бөлігінде өзгерістер енгізіледі, атап айтқанда: қол қоятын тұлға туралы деректер, тараптардың деректемелері, төлем шарттары, кепілдік мерзімі, қамтамасыз ету жарнасын енгізуге арналған шот.

Осыған байланысты шарт жасасу сатысында сомаларды анықтау, ішінара төлем жасау және т.б. бөлігінде тармақтар қосу мүмкін емес, демек шарттағы ерекше талаптарды, мысалы ай сайынғы төлем сомасын, егер осы сомалар сатып алу қорытындысына байланысты болса, белгілеу үшін алдын ала сатып алуды жариялау кезінде төлемдер мен жарналарға арналған есеп айырысуларды сипаттайтын тармақтарды енгізу қажет. Егер осы сомалар сатып алу қорытындысына байланысты болмаса, онда оларды хабарландыру шартының жобасында көрсету қажет. Шарт жасасу кезінде көрсетілген цифрлар редакцияланбайтындығын ескерген жөн.

Аванс төлеу және шарттың қамтамасыз етуін енгізу бөлігінде талаптарды көрсетуге үзілді-кесілді тыйым салынады, себебі үлгі шарттың осы мәтіні Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 19, 20, 21-қосымшаларындағы үлгі шаблондармен қатаң регламенттелген және өнім берушінің әрекеттеріне (аванстан бас тарту) байланысты өзгеруі мүмкін.

ВЕБ-ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ «2016 САТЫП АЛУ» МОДУЛІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖОСЫҚСЫЗ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЗІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ

17.02.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері!

2016 жылғы сатып алу туралы және шарттарды жүргізу туралы деректер бойынша веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімін жүргізуді «2016 Сатып алу» модулінде жүзеге асыру қажет, 2015 жылғыны «Конкурс және Аукцион» модулінде жүзеге асыру қажет екенін хабарлаймыз.

2016 жылғы тапсырыс берушінің нұсқаулығы - Жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу.

2015 жылғы тапсырыс берушінің нұсқаулығы – МС веб-порталы арқылы ММ жосықсыз қатысушыларының бірыңғай республикалық тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық.

Құрметті Өнім берушілер!

02.02.2016

2016 жылғы 01 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығы қолданысқа енгізілгендігін хабарлаймыз.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Сатып алу 2016» модулінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда белгіленген Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын оған ұсынған күннен бастап 3 жұмыс күні мерзімінде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылмауына байланысты әлеуетті өнім берушіні не өнім берушіні Жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматы түрде қосу жөніндегі функционал іске асырылғандығына Сіздердің назарларыңызды аударамыз.

Барлық мемлекеттік мекемелерге!

28.01.2016

«Қазынашылық-Клиент» АЖ және «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ интеграциялық жүйелеріне тест жүргізу бойынша техникалық жұмыстардың жүргізілуіне, сондай-ақ жасалған шарттарды веб-портал арқылы қазынашылық органдарына тіркеуге жіберу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізуге арналған нормативтік құқықтық базаның дайындалуына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мынадай шешім қабылдады.

Уақытша, көрсетілген шарттарды интеграциялағанға дейін, веб-порталда жасалған және қазынашылық органдарында тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды (шарттарға қосымша келісімдерді) кейіннен «Қазынашылық-Клиент» АЖ арқылы немесе қағаз тасығышта қазынашылық органдарына тіркеу үшін жолдай отырып, басып шығару және мемлекеттік мекеме басшысының қолын қойып куәландыру қажет.

Бұл ретте шарттың веб-порталда жасалуының шынайылығы жүйеде жасалған электрондық шартқа меншіктелетін бірегей код арқылы анықталатындығын атап өтеміз.

Құрметті Мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері!

26.01.2016

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жылдық жоспарды импорттау шаблоны ТҚЖ БНА және Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы кодтары бойынша жаңартылғандығын хабарлаймыз.

Жылдық сатып алу жоспарының шаблонын көшіріп жүктеу және оны толтыру әдістемесімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз:

- Сатып алу субъектілеріне арналған шаблон;

- Сатып алу субъектілері болып табылмайтындарға арналған шаблон.

Жұмыс алдында шаблонды толтыру әдістемесімен танысуды сұраймыз

Құрметті goszakup.gov.kz веб-порталының пайдаланушылары!

05.01.2016

Осымен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператор бола отырып Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015.11.12 №648 бұйрығымен бекітілген 2016 жылғы жаңа Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес веб-портал тұғырының жаңа нұсқасы мына сілтеме бойынша қолжетімді екенін хабарлайды.

Ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарын қамтамасыз ету мақсатында барлық пайдаланушылар өз есептік деректерінде қайта тіркелуді жүргізу қажет екенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, веб-порталдың бұрынғы тұғырында олар бойынша сатыпалуды веб-порталдың ескі тұғырында аяқтау қажет - 2015 жылы жарияланған 2016 жылғы қайта және өтпеді деп танылған сатып алуды қоспағанда сатып алу туралы хабарландыруларды жариялау функционалы жабық.

Жұмысты жалғастыру үшін :

1. қол қоюға арналған бағдарламаны және Ұлттық Куәландырушы Орталығының негізгі куәліктерін орнату қажет;

2. егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін Тіркелу бойынша пайдаланушының нұсқаулығымен,Тапсырыс берушінің нұсқаулығымен, Ұйымдастырушының нұсқаулығымен және Өнім берушінің нұсқауылығымен танысуды өтінеміз

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

11.01.2016

«Баға ұсыныстары» модулінде «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен 2016 жылға жарияланған сатып алудың болмайтындығын хабарлаймыз. Сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесіне сәйкес 2016 жылға арналған жылдық жоспарды орналастыру және сатып алуды жариялау 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап «Сатып алу 2016» бөлімінде жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап өтеміз.

Құрметті пайдаланушылары!

08.01.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алудың Тапсырыс берушілері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аталған сатып алу тізбесінің ұйымдастырушы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (бұдан әрі - Комитет) анықталғандығын хабарлаймыз.

Осыған орай, сатып алуға ұсыныс әзірлеу кезінде ББӘ тізіліміне енген Тапсырыс берушілер (бұдан әрі – Тапсырыс берушілер),ТЖҚ кестесімен танысулары қажет. Аталған кестедегі «ТЖҚК» бағанында бар код сатып алуға ұсыныста қолданылған жағдайда, Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушы ретінде Комитетті, БСН 140540018167 таңдауға міндеттенеді. Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сіздер Комитеттің мекен-жайына: 8 (71-72) 71-74-11,8 (71-72) 71-71-25, 8 (71-72) 71-86-20 телефондарына және t.kudabayev@minfin.gov.kz, s.baimagambetov@minfin.gov.kz электрондық мекен-жайларына жүгіне аласыздар».

Құрметті пайдаланушылары!

06.01.2016

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті, шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануға қатысты мәселелердін туындауына байланысты келесіні түсіндіреді.

01.01.2016 жылы қолданысқа енген Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабы 5 тармағының екінші бөлігіне сәйкес, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілерге (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің) қатысты, уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 37 бабы 1 тармағына сәйкес, нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.

Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, 2015 жылы пайда болған мемлекеттік сатып алу шартын жасаудан жалтарған немесе қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайдағы құқықтық қатынастар жөнінде тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таңу бойынша сот органдарына жүгінулері қажет.

Құрметті пайдаланушылар!

05.01.2015

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11.12 №694 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілгенін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, осы Ереже 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Ережемен танысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіздер.

Құрметті пайдаланушылар!

30.12.2015

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №648 11.12.2015 жылы бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Әділет министрлігінің №12590 28.12.2015 жылы бекітілгенін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, осы Ереже 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бөлімнің 16 параграфын, сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 424 және 426 тармақтарды қоспағанда ресми жариялауға жатады.

Ережемен танысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

15.12.2015

Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2015 жылғы 4 желтоқсанда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының № 434-V Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғандығы туралы хабарлаймыз.

Бұл ретте мыналарды:

1) 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 31-бапты;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 43-баптың 26-тармағын қоспағанда,52-баптың 1-тармағына сәйкес осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңмен (өзгерістермен және толықтырулармен бірге) танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер есебінен сатып алу жүргізуге қатысты!

08.12.2015

Құрметті пайдаланушылар!

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2015 жылғы 08 желтоқсаннан бастап «жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер есебінен» сатып алу жүргізу функционалы қол жетімді екендігін хабарлаймыз.

Бұл үшін мемлекеттік мекемелер жылдық жоспардың тармағын құру кезеңінде «Қаржыландыру көзі» алабында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес шығыстарды көрсетпеу мүмкіндігі ұсынылған.

Егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін «Конкурс және аукцион» модуліндегі жоспарлау бойынша пайдаланушының нұсқаулығымен және «Баға ұсыныстары» модуліндегі жоспарлау бойынша пайдаланушының нұсқаулығымен танысуды өтінеміз.